Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мұхтар Әуезов дейтін жазушы екенін білем. Әлгі арада тікемнен тік тұрып, кітапты оқи бастадым. Қызығынан бас ала алмаймын, неше түрлі адамдар мен уақи­ғалар көз алдыма елестеп, қазіргінің бәрін ұмыттым, тамаша бір дүниеге ендім де кеттім.

Әңгіме ұзақ, таусылмайды.

Диірменге кіріп-шыққан жұрт бөгет жасай берген соң сыртқа шықтым. Тоғайдың арасына барып, жай­ғасып­ отырып алып, ал кеп оқы! Сіңірі шыққан екі кедей­ адам – Бақтығұл, Тектіғұлдардың жоқшылық тұрмыс­та­ры, тасмейір Сәлмен байдан көрген қорлықтары... Иә, енді не болар екен? Енді не болар екен деумен әңгіменің соңына жеткенше асығудамын. Тектіғұл сойылға жығылар жерде жаным ашығаны соншалық көзімнен жасым­ шығып кетті. Жауыз Сәлменді атарға оғым жоқ еді.

Оқиға тереңіне тарта берді.

Бақтығұл қашқын. Сәлмен байдың жылқысынан жылқы ұрлап әкелді. Елсіз тауда аш отырған қатын-баласына сойып, азық етпек.

Жас ет қазанда былқып пісіп жатыр, Бақтығұл ет турауға пышағын жанып, дайын отыр. Сілекейін жұ­тын­ған шыдамсыз аш балалар. Дәл сол кезде сырттан тысыр естілді. Бұл келген қуғын еді. Ет желінбей қалды. Бақтығұл таяққа жығылды, қатын-бала у-шу болды...

Осының бәр-бәрі маған тым жақын, таныс өмір тә­різді. Бір ысып, бір суымай, толқымай оқу, еш мүмкін емес. Қандай аяныш! Қандай қатігез тірлік! Жазушы бә­рі­нің ізін аңдып, өз көзімен көріп, біліп жазған секілді.

«Қараш-Қараш» атты ұзақ әңгімені аяқтап, есімді бірақ, жиғандай болдым. Қарасам, күн кешкіріп қал­ған екен. Енді әріптер бұлдырап, көрінбеуге айналған. Оқыған әңгіменің әсері көңілімнен тіпті де суитын емес. Үйге тез барсам, осының бәрін Жолдыбайға айнытпай айтып берсем деймін.

Түн. Диірменнің іші. Сығырайған май шам. Жұқалтаң кітаптан мен әлі көз алмай, қадалып оқудамын. Анда-санда аяғын сылтып басқан ақсақ диірменші шал кіреді. Май шамның түбінде кітапқа үңілген мені көреді.

– Әй, сен мұнда не үшін келдің? Кітап оқығалы кел­дің бе? Сат ана ұныңды! Қазір сенің бидайың біте­ді! – дейді.

Мен бұл кеште өмірдегі қызықтың бәрі де кітапта екен деген қорытындыға келдім. Шіркін, Мұхтар Әуезов­ті бір көрсем деп, арман еттім.

Ертесінде Жолдыбайға оқыған әңгімелерімнің уақиғасын бірінен соң бірін, майын тамызып айтып бердім. Ең соңында:

– Жолдыбай, қызық кітаптарды қайдан алып оқуға болады? – деп сұрадым.

Өйткені, оның білмейтіні, таппайтыны жоқ.

– Осында кітапхана бар, содан алуға болады. Кітап­хана дегенді естігем, бірақ көрген емеспін.

– Мен барсам, бере ме?

– Мүмкін, берер.

Жолдыбай мені селоның орта тұсындағы оқшау бір үйге ертіп келді, Бұл аудандық кітапхана екен. Кең үйдің жарым бөлегі толы кітап, сөре-сөре тізіп жинап тастаған. Дүниеде мұншама мол кітап болатынын, оның бәрі бір арада жинаулы тұратынын тұңғыш рет көріп отырмын. Көзім тұнып, таңырқап қараймын.

Стол үстінде қат-қат боп жиналған газет-журнал қан­шама! Мұның бәрін кім оқиды? Қалай оқып тауысады?­

Біреулер кітап тапсырып, кітап алып жатыр. Көбі, біз секілді балалар.

Мен де оқуға кітап сұрадым. Кітапханашы әйел кімсің деп сұрап алды да, ауылдық советтен, мектептен­ әлдеқандай анықтамалар атып кел деп, мен үшін түсі­нік­сіздеу бір машақат жұмыс айтты. Онсыз кітап берілмейді.

Мен сыртқа аса жабырқап шықтым. Соншама мол кітаптың біріне де қолым жетпеуі корлық еді. Менің бұл халімді жете түсінген Жолдыбай:

– Сен уайым жеме, бермесе, қойсын. Саған керегі кітап па? Мен табам, – деп, көзін қулана қысып қойды.

– Қайдан, табасың?

– Үндеме, кеш батсын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий