Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екеуміз кеңсеге де кірмей, Күлімбалаға да көрінбей, тартып отырдық. Қауіпсіз оңашаға кезігіп, конвертті аша бастадық. Кереге көз дәптердің бір парағының екі беті толы жазу. Сиямен мәнерлі етіп, асықпай жазуға тырысқан. Мүмкін, бірден жазылған хат емес те шығар.­ Бұл тәрізді хаттар, әдетте, талай жазылып, талай жыртылады. Талай рет өңдеуден, жөндеуден өтеді.

Талай өшіріліп, талай көшіріледі. Әр сөзі мық шегедей, бекем болғанда ғана жіберіледі.

Хат мазмұны қысқашалап айтқанда мынадай: Қазбек бір кезде Күлімбалаға, менің жеңгеме, сен менің періштемсің, сені көрмесем тұра алмайтын ауруға душар болдым деген. Сәбидей аңқау Күлімбала оған сенген де, торға түскен... Арада бірталай күндер өтті, Сатылған жоқ. Күлімбала екі көзі төрт болып, Қазбекті күтеді, ал Қазбек болса, жоламайды. Бұ несі оның? Келекесі ме?..

Ыза менен күйініш ішін мысықтай тырналап отырып жазған шарасыз әйел осының бәрін қағаз бетіне қандай сөздермен түсіретінін, оқушы, енді өзің жобалап білерсің.

Жолдыбай үшін бұл хат қызық, тамаша. Ал мен үшін қасірет. Ішім қызғаныштан алай-дүлей болып кетті. Күлімбаланы атарға оғым жоқ- Бәлем, тоқтай тұр! Келсін, ағайым!

Ағайым келгенде сонда не істемекпін? Шіркін, мына хатты қолына бере салсам!

– Жолдыбай көнер емес, хатты Қазбекке бермесем,­ Күлімбала мені құртады, – дейді.

– Онда мен бұл хатты көшіріп алайын?

Жолдыбай бұған көнді. Уақиғаның шиеленісе түсуі оған да қызық. Екеуміз Жолдыбайдың үйіне келдік. Мен хатты көшіруге кірістім. Түпнұсқа алдымда жатыр.­ Бір де бір сөзін бұзған да, қалдырған да жоқпын.

Көшірілген хатты енді қайда сақтамақпын? Қалтамда жүрсе, біріншіден, тозады. Екіншіден, жеңгем тауып алып қоюы мүмкін.

Біздің үйдің қасында бір түп долана ағашы өседі. Әлгінің басында қараторғайдың ұясы бар, ішіне жұмсақ болсын деп, шөп төселген. Хатты ешкім ескермес деп, сол ұяға, шөптің астына тықтым да қойдым. Енді тек келсін ағайым.

Күндер өтіп жатты.

Хатты алған соң, Қазбек біздің үйге тағы да келе бастады. Орта бойлы, әдемі, сұрша жігіт киімді қатып киінеді. Аяғында айнадай жалтыраған жеңіл хром етік, галифе шалбар, сырт. кейде. Белінде қып-қызыл жалпақ қайыс белбеу. Басында жейдесі түстес қоңыр фуражка.­

– Келіншек, амансың ба? Сатылғаннан хат бар ма? Қашан келем дейді?

Қазбек жайдан-жай келмейді біздің үйге. Алматыда­ оқып жатқан жолдасының – менің ағайымның аманды­ғын білуге келеді. Оны көргенде Күлімбала жеңгемнің көзі жайнап кетеді. Үйдегі арқалы жалғыз орындықтың­ үстін орамалмен бипаздай сүртіп, Қазбекке ұсынады:

– Отыр, Қазбек жайлап отырып жатады. Оның қи­мыл-қозғалысының бәрі де киім киісі тәрізді сыпайы, әсем.

– Сатылған жоқ болса, бір де бірің жоламайсыңдар. Келіп, амандық білуге де жарамайсыңдар, – дейді Күлімбала. Қазбекке кінә тағып, бүріп алғандай болады. Қазбек сөз таба біледі:

– Байы жоқ қатынның үйінде не бар? Бір күні болмаса, бір күні өсекке қаларсың!

– Е, қорқады екенсің ғой?

– Бұл қорқу емес, сақ болу.

Ішімнен зығырым қайнап мен отырмын. Екі сай­қал,­ сайқалданыңдар! Мені ештеңе білмейді деп ойлайсыңдар ғой! Күліңдер, әзірше, жетісіңдер! Күлкілерің қашанға барар екен.

Сарғайып күткен күн жетті – оқудан ағайым келді. Күлімбала шай қойып, жай таппай жүр. Күйеуін күте-күте екі көзі төрт болып, зарыққан адам тәрізді.

Ағайыммен амандасуға жолдас-жоралары келді, ішінде Қазбек. Ол Күлімбалаға қалжың айта келді:

– Келіншек, күйеуің кеп, көзайым болып жатырсың ба? Алдын ада бізді шақырып, тоқымқағар жасасаң­ ғой, Сатылған бұдан да ертерек келетін еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий