Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің үйде болғанымды Тұрдыбек жақсы көреді. Екеуден екеу қалсақ, қабағы ашылып, сергіп, бірдеңе-бірдеңе сөйлей бастайды. Кәдімгідей балалық мінезі ұстап, ойнамақ болады. Менің жаным Тұрдыбекке керемет ашушы еді...

Күміс Тұрдыбекке қатал қарайды. Оңашада ұрып-соғады екен, оны маған Тұрдыбек өзі айтады. Қайтейін, ара түсуге менде шама бар ма? Інімнің ауыр халі ішіме у боп құйылады.

Мен бұл кезде жұрттан жасырып, өлеңдер жазатын­ едім. Көбі өз басымдағы қайғы-қасіретім. Әлі де болса өлдіге қиғым келмейтін аяулы анам, оны жоқтау.

Тұрдыбектің басындағы ауыр хал. Күмістің оны ұратындығы.

Қара бұлттай қалбиған мынау Күміс,

Соғады Тұрдыбекті гүрс-гүрс, –

деген екі жол өлең есімде қалыпты.

Күз. Нарынқолда бесінші оқып жүрмін.

Осында Нұрғабыл дейтін бізбен туысқан кең бейіл тамаша адам бар, мұғалім. Сатылған екеуміз соның үйінде жүреміз.

Бір күні осы үйге сүмпиіп әкем келіп тұр.

– Жайша келдің бе?

– Тұрдыбекті бәлніске әкеп ем.

– Е, оған не болды?

– Су екен деп, аптол ішіп қойыпты...

Уақиға былай болған: әкем әйелі екеуі қырманда молотилкада істейді. Ауылдан бірғауым жер. Сонда жатып, сонда тұрады. Тұрдыбекті де алып барған. Аяғы жоқ мешел бейшара ұзақ күнге қырманның шетінде күнге борсып, отырғанды ғана біледі. Өгей шеше оған қарамайды.

Панасыз сәби бір күні әлгідей отырып, қатқақсып шөлдейді. Ішуге су іздейді. Маңайында әр түрлі шелек, бөшкелер тұрады екен. Соларға үңіліп қарай бастайды. Шелектің біреуінде молотилканың моторына құятын автол тұрады. Сәби оның не зат екенін біле ме? Басын сұғып жібер еді де, қылқылдатып жұта бастайды... Байқұс інім ауруханада бір жетідей жатып шықты.­ Талайға дейін оның ішіне ас тоқтамайтын болды.

Қыс кезі. Қазақы жайпақ шанамен тағы да Қостөбе­ден әкем келген. Шанасында төселген киіз, жаман бір көрпе жатыр.

– Біреуді алып келдің бе, не жұмыспен келдің?

– Тұрдыбекті бәлніске әкеп ем...

– Е, тағы не боп қалды?

– Ұста дүкеніндегі отқа қолын тығып алыпты. Уақи­ға былай болған: Өскембай ұстаның дүкені біздің үйдің қасында. Тұрдыбек бұл кезде үйдің қабырғасына,­ дуалға сүйеніп жүретін болған. Ылғи да жападан-жалғыз отыра беруден іші пысқан сәби бір күні там-тамды жағалап, сырғып, ұста дүкеніне келеді. Тұрдыбекпен шамалас Қырғызбай дейтін бала бар. Ол мешел емес, сау.

Қалтырап әрең тұрған Тұрдыбекті Қырғызбай қы­зық үшін жұлқып, итеріп келіп қалады. Тұрдыбек омақаса жығылып, бір қолын көріктің қып-қызыл шоғына­ білегіне дейін оңдырмай тығып алады.

Бұл хабарды естігенде менің арқа-басым шымырлап кетті.

Байғұс сәби тағы да ауруханада.

Ініме мен күн сайын келіп тұрам. Пряник, кәмпит әкеп берем. Мұнда оны келісімен моншаға салған, шашын алған. Тап-таза іш киім, халат берген. Күйген қолын добалдай етіп таңып, ақ жаймалы, сеткалы темір кереуетке жатқызып қойған. Мен алғаш келгенде өз інімді өзім танымай қала жаздадым. Түрінен кісі шошығандай бұрынғы Тұрдыбек емес, екі көзі қарақаттай, сүп-сүйкімді біреу. Мені көріп, әдемі жымиып кү­леді. Інім екенін сонда ғана таныдым.

Адамды адам ететін де, хайуан ететін де тұрмыс екен, мен соны білдім.

Бір күні сабақ, соңынан Тұрдыбекке тағы да келген­ едім. Төсегінің қасында отырмын. Тұрдыбек сау қолымен жастығының астын сипалап, бірдеңе іздей бастады.­ Сөйтсем, үш тал домалақ кәмпит екен.

– Мә, аға, же, саған сақтап қойдым, – деп, ұсынып жатыр.

Бұл кәмпиттерді таңертең шаймен берген. Тұрдыбек жемей, өз аузынан жырып, маған сақтап қойыпты. Інімнің бауырмалдық қылығына іші-бауырым еріп кеткендей болды.

– Өзің жей ғой...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий