Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үлмеке Смағұлдан бетер ақ көңіл жайдары жан. Екеуі біріне-бірі тауып қосылған. Әттең, не керек, бала­лары жоқ. Әйтпесе, біреуіне біреуі қыңқ деместен өмірден нағыз бақытты өтетін абзал жандар.

Баланың жоқтығын Смағұл көбірек уайымдайтын тәрізді. Сондықтан ба, ол ішуді тәуір көруші еді. Бірақ салынып ішпейді, оған онда уақыт та, мұрша да жоқ.

Күні бойы шаруа істеп шаршаған Смағұл кешке қарай жуынып, тәуір киімдерін киеді.

– Сен қайда барасың? – дейді Үлмеке.

– Дүкен жаққа барып, шылым әкелмесем, шылымым таусылып қалды.

Смағұл дүкен жаққа күнде бармайды, ал барса, сау қайтпайды. Оны Үлмеке жақсы біледі.

– Әлгі біреулерің кездесіп, тағы да ішесің ғой? – дейді Үлмеке.

– Ішпеймін.

Бұл сөзді Смағұл әйелінің бетіне туралап қарамай, бостау етіп айтады. Өзі де сенбейтін тәрізді.

– Көрермін ішпегеніңді.

Смағұл кетеді. Тез қайта қоймайды, кешігеді. Ол кешіккен сайын Үлмеке мазасыздана бастайды.

– Беркен, барып байқашы әлгі ағаңды. Бір жерде мас боп, тырайып жатпасын.

Міне, мен Смағұлдың соңынан келе жатырмын. Кең көше, жүргінші аз. Магазиндерге жақындап қалға­нымда, бұрыштағы үйдің қалқасынан Смағұл шыға келеді. Әменде дұрыс киілетін қалпағы артқа қарай шалқайып кеткен, аяқ басқаны да бір түрлі. Тайғанап, жығылмайын деп, мұздың үстімен келе жатқан адам тәрізді. Әбден жақындамайынша ол мені көрмейді, алысырақтан көрсе де танымайды. Әбден бетпе-бет кеп тірелгенде, сонда бір-ақ көреді.

– Әкетей, қайда барасың, маған келе жатырсың ба? – дейді. Мені Үлмеке жібергенін бірден біліп, қол­тықтап алады.

– Міне, өзім де келе жатырмын, әкетай.

Смағұл ішіп алып желіккенді білмейді, одан бетер мейірімді, жұмсақ болып кетеді. Екі сөзінің бірі «әкетай». Кішкентай қоңыр көзі жұмылып, қияқ мұрттары жыбырлап күлімсірей береді.

Қарсы кездескен адамдардың бір де біреуі Смағұлмен амандаспай өтпейді. Мінезді, жұртқа сүйкімді Сма­ғұлдың арақ ішіп алғаны оларға бір түрлі қызық секілді. Смағұл бәрімен де иіліп, ең бір бауырмал жылы сөздерін айтып амандасады. Оның осылайша көңілденіп, шалқып жүруі тек осы жұрттың арқасы тәрізді.

Үйге жақындаған кезде Смағұл тоқтап, шылым тұта­тады. Бұрқ-бұрқ сорып, бет алдын қаптап кеткен түтінді қолымен олай-бұлай сермеп қуады. Ілгері қозғалмас бұрын маған:

– Әкетай, қазір маған әпкең ұрсады ғой, ә? Әлгі Сұлтанғожа кездесіп, аздап ішіп алдым, – дейді. – Ал сен үлкейгенде ішпе. Арақ, ол білесің бе... Ішпе. Ұқтың ба? Вот, солай. Шылым да тартпа...

Смекең есік алдына келе бере дауыстайды:

– Үлмеке, әй, Үлмеке! Қайдасың? Сен қазір маған ұрсасың ғой, ә?! Мен аздап ішіп қойдым.

– Аздап ішкенің осы ма? Теңселіп әзер тұрсың. Енді шешін де, жат. Жатып, демал.

Смағұл жатпайды.

– Беркен, менің гармоным қайда, әперші? Гармоньды иығына іледі де, бөлменің қақ ортасында түрегеп тұрып, әуелі дар еткізіп, құлаштап тартып қалады. Сосын басын оң жағына қисайтып, он саусағы мәймеңдеп,­ жартылай қазақша, жартылай татарша тілмен жырлай жөнеледі:

Сары ат міндім, сазға түстім,

Сары ат салқын болсын деп.

Қалам алып, хат жазамын,

Душлым аман болсын деп.Бел-белестерНарынқолда алтыншы оқып жүріп, комсомолға кірдім. Комсомолға ол кезде он төрт жастан қабылдайтын. Он төртке толсам, комсомол болсам деп, арман етпейтін бала жоқ. Мен де соның біреуімін.

Әуелі жалпы жиналыс қабылдайды – қалбыр еле­у­іштен өттім деп, үйге әрі қуланып, әрі қуанып келдім.

Одан соң аудандық комсомолдар комитетінің бюро мәжілісінде бекітеді. Бұл жолы екі езуім құлағыма же­тіп, торқа елеуіштен өттім деп, масайрап келдім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий