Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен екі түрлі мамандықтың адамына жасымнан кере­мет қадірлейтін едім. Бірі – мұғалім, екіншісі – дәрігер. Дүниедегі ең ақылды, ең мейірбан жандар осылар тәріз­де­нетін. Мен мұғалім мен дәрігерден тек жақсылық күту­ші едім. Оларға өз ата-анама сенгендей сенуші едім.

Мұғалім мен дәрігерден оңбаған адам шығады деп, мен ешуақытта да ойламайтын едім.

Амал қанша, шығады екен.

Қатігез тағдыр, Тұрдыбек інімді дәрігердің оңбағанына кез келтірген. Ол оны адам-ау деп, келешегі бар-ау деп, қарамаған. Аяғын сындырып алған лақ тәрізді көрген. Күйген қолдың әр саусағын жеке-жеке даралап байлап емдемей, қосып, бір-ақ байлаған. Соның салдарынан жазыла келе бес саусақ біріне бірі жабысып, бірігіп біткен. Алақаны қасықтың басы тәрізденіп шұқанақ, қуыс болып қалған.

Бұны біз інім ауруханадан шыққанда бір-ақ көріп білдік.

Дәрігердің өз ісіне немқұрайды қарауы, өсе келе, Тұрдыбекке аса қымбатқа түсті. Күйген қолы еңбек ету­ге (айыр, күрек, балта секілді еңбек қаруын ұстауға) жөнді жарамайтын болды. Байғұс бала, сөйтіп, мәңгі­лікке мүгедек болып қалды.

Мен үшін жазғы демалыстың болғанынан болмағаны артық. Қайда барам? Тағы да кімнің колына тел­міріп қараймын? Қостөбеге – Күміс шешеме жолағым келмейді.

Қостөбеден, өзімнің Қостөбемнен, безер болуыма және бір себеп бар, ол – колхоз жұмысы. Бригадир төбемді көрісімен атының басын бұрып, жетіп келеді. «Өй, әке, оқуың бітті ме, кеп қалдың ба? Олай болса, ертеңнен бастап жұмысқа шық, ана шөп машинаның біреуінің атына мін», – дейді.

Біз үшін, жалпы балалар үшін, жазғы демалыстың демалыс деген тек аты ғана. Ал заты әлгідей – жаз бойы колхозда жұмыс істейміз. Күз боп, оқу басталарда, сонда ғана жұмыстан мойнымыз босап, уһ дейміз. Біз үшін нағыз демалыс ол – оқудың басталуы.

Амал қанша, Қостөбеге келдім, басқа барар жер жоқ. Әкем бұл кезде жалғыз үй боп, ауылдың сыртында бойдақ тана бағады екен. Ескі бір тамды пана қылып отыр. Бір бөлмеде өздері тұрады, карама-қарсы төбесі ашық басқа бөлмеге түнде сиыр қамайды. Далан үй екеулеріне орталық, ол да төбесіз.

Адам тұратын бөлмеде, керек десеңіз, есік те жоқ. Есік орнына ескі бір дағар ұстап қойған. Кейде, үйде адам жоқта, сұғанақ сиырлар тамақ иісін біліп, кіріп ке­тіп, оны-мұныны шашып, қазан-аяқтың әптер-тәп­терін шығарады.

Күн ыссыда оқыра қуған сиырдан өткен ақымақ нәрсе бар ма? Құйрықтарын қайқайтып тігіп алып, көз­дері шарасынан шығып, бас сауғалар көлеңке іздеп, жан таппағанда, үйде кісі отырғанына қарамастан, тасырлатып кіріп келеді. Әуелі өзіңді басып кете жаздайды. Бәріміз бірдей шу ете қаламыз. Сол кезде, әлгі сасық қорс етіп, қайта үркіп жөнелгенде, дағар есікті мүйізіне іліп, қоса алып кетеді.

Менің Қостөбем аудандағы ең әлсіз, көтерем колхоздың бірі еді. Малшылары тігетін баспана болмағандықтан, серпіліп жайлауға да көше алмайды. Өстіп, жаман-жұман тамдарды пана етіп, ауылды төңіректеп, быжынаған қара шыбын, көк сонамен алысып, бықсып­ отырады.

Ауылдан оқшау жалғыз үй болғандықтан мен, әзір­ше бригадирдің көзіне түсе қойған жоқпын. Шынында­ да демалып уақыт өткізудемін. Жинаған бір жәшік өнімді меншікті көркем әдебиет кітаптарым бар, солардың ұна ғандарын пәлен қайтара оқумен болам.

Бір сұмдық шықты – кітаптарымның ара-арасынан бір бет, екі бетін біреу маған білдірмей жыртып әкетеді. Мен кімнен көрерімді білмей, зарлаймын да қалам. Әкем: «Сонша не көрінді, қалған сау беттерін оқысаң да жетпей ме?» – деп, зекіп, жұбату айтқан болады.

Сөйтсем, ұры алыстан келмейді екен, ұры әкемнің өз екен. Ол шылым шегеді, газет жаздырып алмайды. Бір күні байқасам, темекі орау үшін қалтасынан алып жатқан қағазы – менің кітабымның жыртылған беті.

Жалтаруға әкеде жол қалмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий