Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мына қызыққа қараңыз: әліпті таяқ деп білмейтін әкемнің кітап жөнінде түсінігі өзінше екен. Кітапта бет көп. Оның бір-екеуін жыртып алғаннан ол несі кетеді деп қарайды. Мазмұны ойсырап қалады деп, ойламайды. Бір қора қойдың біреуін сойып жегеннен мал қарасы азая ма? Ол солай ойлайды.

Тек өлең жазуға арналған қатырма тысты қалың дәптерім бар. Үйден аулақ оңаша барып, көгал шөпке бауырымды төсеп, жатып алам да, өлеңдер жазам. Бұ­дан бұрынырақ жазған өлеңдерім өзіме ұнамайды. Нашар өлеңдердің көзін ең соңғы рет тып-типыл етіп жоям. Енді тек бір сөзі де өзгермейтін әдемі сұлу өлеңдер жаз­бақшымын. Дәптерім кіл асыл өлеңге толы болған соң тарих үшін оны сақтап қоймақшымын.

Болашақта кім болам? Осы кезде бұл мәселенің басы әбден ашық шешілген, әрине, жазушы болам. Кітаптар жазам...

Шешемнің бейіті әлгі арадан онша қашық емес, тұспа-тұс. Ши-шидің арасымен аяңдап солай қарай келем. Анашыма жоламай кетуді қылмыс көрем. Бейіт­тер – бұлар да өзінше бөлек жатқан бір ауыл есепті. Жұрттың бәрі, ақыр түбінде, осында келеді, осы ауылдың мәңгілік тұрғынына айналады.

Ең ортада баяғыда жүзге келіп өліпті дейтін Тапи күм­безі. Одан үлкен күмбез жоқ. Әр түрлі шағын күм­без, сыпашалар, көпшілігі басына түк те тұрғызылмаған­ жай ғана төмпешіктер. Адамдар өлген соң да бірдей бола алмаған, кімнің бай, кімнің кедей болғаны беп-белгілі.

Менің анамның бейіті жай төмпешік, үстіне шөп өсіп, төмпегі аласарып кеткен. Анашым, асыл анам. Ба­сыңа балаң кеп тұр. Артыңа аңыратып тастап кеткен жетімегің келіп тұр. Сен сеземісің, білемісің. Сағындым-ау, анашым, өзіңді!

Мен о дүние бар дегенге сенем. Сенгім келмесе де сенем. Ерте ме, кеш пе мендағы өлем ғой. О дүниеге барам. Міне, сол арада анаммен кездесем. Жүрек қалтамның алыс түкпіріне тығып қойған менің ендігі жалғыз үмітім осы.

О дүние маған осы үшін қажет. Сонда анаммен қалай көрісер екем?Сары ат міндім, сазға түстімНарынқолда бесінші оқимын. Тәтем аттас Смағұл дейтін адамның үйінде жүрем. Смағұл әйелі мен екеуі ғана. Зайыбының пұшпағы қанамаған. Баласыз. Құдай баланы сұраған адамға бермейді, сұрамағанға береді. Бала өсіруге мүмкіндігі барларға қуаныш етіп берудің орнына, мүмкіндігі жоқтарға масыл етіп, қайғы етіп беріп, пендесінің ызасын келтіреді.

Смағұл мен Үлмеке бір жас иісті аңсап жүрген адам­дар. Жасы қырықты орталаған Смағұл ғажап шаруақор, еңбексүйгіш. Бір кезде, шекара бойы құтырып тұрған заманда, комотрядқа қызмет еткен, бандымен талай атысып, шабысқан. Содан бір көзі кемтар болып қалған. Орысша жақсы сөйлейді, гармонь тартып, жыр жырлайды. Мінезі қыздай, ақ көңіл, ашық Смағұлды халық жақсы көреді, сыйлап «Смаш» деп тұрады.

Смаш бір кезде менің Сатылған ағайыммен төс соғыстырып дос болған адам екен.

Сатылған бұл кезде мұнда емес, Текесте. Осыдан он бес шақырымдай, МТС-та нұсқаушы – бухгалтер бо­лып қызмет істейді. Жұмыс сабымен ол мұнда жиі келіп тұрады. Астында түйедей қызыл ат, былғары базар ер-тоқым, мойнында сумка. Айдарынан жел ескен бақытты комсомол жастың біреуі болған да қалған тағы да. Бір түстес қоңыркөкшіл матадан өзіне шақ етіп әдемі китель, галифе шалбар тіккізіп киген. Келген сайын ол маған қағаз-карындаш ал деп, бес-он сом ақша беріп кетеді.

Жүрген үйім мені ауырлайтын жандар емес. Смаш өзі Нарынқолдан Сүмбеге почта тасиды. Бір қонып, қайтып келеді. Сосын екі күн демалады, яғни, өз шаруа­сын істейді. Қолынан қазынаның ат-шанасы үзілмейді. Мұнда кімде ат, шана болса, тұрмыс сонда (отын әкелу, шөп әкелу, т.б.).

Осы Нарынқолда Смағұл жасады дейтін бес-алты үй бар. Бір үйді жасайды да, біраз уақыт кіріп отырады,­ сосын сатып жіберіп және бір үй салады.

Оны және сатады. Жоқ, саудагерліктен емес. Бірінің орны, бірінің анаусы, бірінің мынауысы ұнамай қалады. Ұнамаған үйді сатып, ұнайтын жаңа үй салып ала қою еңбекқор Смағұл үшін пәлендей бас қатыратын қиын шаруа емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий