Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қазбек қалжыңды мәнерлеп, өлшеп айтуға тырыса­ды. Ішінде не Күлімбаланың, не оның күйеуінің көңі­ліне келетіндей ебетейсіз, артық сөз кетіп қалмауын қатты қадағалайды. Әлдекімдерге ұқсап, жолдасының әйеліне өз әйеліндей тұрпайылап жатуды білмейді. Иә, жуастан жуан шығатынның нақ өзі.

Мен ағайым келген бетте-ақ долананың басына шығып, анадан бері көзімнің қарашығындай сақтап жүрген көшірме хатты қалтама қаттап алғам. Енді ретін тауып, соны ағайыма табыс еткеннен басқа менде ой да, мақсат та жоқ.

Бұл күні хатты берудің ыңғайы келмеді.

Ертесі болды, шай ішілді. Ағайым қызметіне баруға үйден шығып кетті.

Сәл аялдап, соңынан мен де шықтым. Ағайымның артынан жүгіріп келем, қуып жетіп, түк айтпастан, хатты қолына ұстата салдым...

Бұл не дегендей ағайым сол арада тұрып оқи бастады да, өңі бұзылып кетті...

Түскі үзіліске ол қасына бірнеше адам ертіп келді. Ішінде ауылдық советтің председателі бар. Көбінесе біртоға жүретін, сабыр сақтай білетін Сатылғанның түр-түсі өрт сөндіргендей түтігіп, қарайып кеткен. Ол Кү­лімбаламен ажыраспақ боп, қасындағы кісілерді куә­лікке ертіп келген екен.

Сот арқылы ажырасу ол кезде жоқ.

Күлімбала тек қос қолдап, бетін басып, жылағанды білді. Үйдегі бар зат екіге бөлініп жатты.

Сатылғанның екінші рет үйленуі, сөйтіп, тағы да сәтсіз тынды.Өгей шешеМен, міне, тағы да Қостөбедемін. Құттықтап қо­йыңыздар – өгей шешелі болғам. Күлімбала түтетіп отырған түтін сөнгеннен кейін басым ауған жаққа қаң­ғып жөнелмей, енді өгей шешені де бір көрейін, көрме­генім осы еді деп, Күміс дейтін адамның қолына келдім (Мұнда келмей, қайда барушы едің деп, неге сұрамайсыздар?). Күміс әкемнен үлкен бе деп қалам (Жас жағынан). Ал бой жағынан Ыдырыстан биік: бет бітімі кесек, қалбиған қара әйел. Аты Күміс демесең, өзі де, киген киімі де шойынға көбірек ұқсайды.

Ластығы жағынан аумаған менің бір кездегі Бибі­жамал жеңгем. Соның өзі болмағанмен, көшірмесі.

Күміс дені сау да адам емес еді. Оқта-текте талып жы­ғылып қалады. Өзінен өзі күбірлеп сөйлеп, әруақ-құдайға сыйынып, солармен тілдесіп жүреді.

Талма ауруды қазақ қояншық дейді. Күмістің қояншығы күрт ұстайды. Шай құйып, немесе от жағып отырады да, серейіп жығылып қалады. Тісін шықыр-шықыр еткізіп, аяқ-қолының тамыры тартылып, кейде аузынан ақ көбік ағып, көздері аларып, тырбаңдап жатады. Бұрын мұндайды көрмеген менде зәре қалмайды.­ Дереу сыртқа атып жөнелемін, көрші кемпірлердің бі­реуін ертіп келем.

Тұрдыбек інім бұл кезде үш жастан асқан. Күтімсіз болудың салдарынан ит аурумен ауырып, аяғы әлі шық­паған – мешел. Түрегеп жүре алмайды, құйрығымен қозғалады. Көбіне көп сыз еденге төселген құрым киіз­дің үстінде, мойны қылдай болып көздері бақырайып, жарбиып отырғанды біледі.

Өзі мешел болғанмен тілі сау, сөйлесе тақ-тақ етеді. Бірақ көп сөйлемейді. Өзінің мешел болып қалуына осы жүр­ген адамдардың бәрін кінәлап, қарғыс айтқандай сәби қабағын түйіп алып, түксиіп үнсіз отырады. Бұл күнде ауылдың үлкен-кішісінің бәрі оның Тұрдыбек дейтін атына «мешел» дейтін сөзді қабаттап, қоса атайтын болған.

«Тұрдыбек мешел!»

Жуыну, киім ауыстыру дегенді Тұрдыбек шешесі өлгелі білген емес. Оның үстінде киім бе, болмаса жабағы тәрізді жапсырып таңып қойған бірдеңе ме, ажырату қиын. Аяқ, қолы шидей, шашы өсіп, құлақтарын көміп кеткен... Сәбидің сол кездегі кейпі кезіме елестегенде осы күні де менің жүрегім шошынудан қақ айырыла жаздайды.

Күміс талып жығылып жатқан кезде Тұрдыбекте де ес қалмайды. Бірақ ол мен құсап үйден қашып кете алмайды. Құйрығымен тез-тез сырғанап, үйдің алысырақ бұрышына қарай шегіне береді. Екі көзі есік жақты­ бөгеп, ұп-ұзын боп, серең-серең етіп жатқан Күміс те.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий