Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жарайды, қалтамызға бір сом, екі сом ақша түскен екен. Оны әкел бері деп, арбап, тілеп тұратын орын тек кино ғана ма? Клубтың дәл қасындағы, киномен қабаттасып күнде кешқұрым ашылатын кезекті дүкенді қайда қоясың? Онда, негізінен, арақ, кәмпит сатылады.­ Арағының тұқымы құрысын. Ал неше алуан кәмпитті көре тұрып, қайдары бір киноға бола, қалтада ақша ұстап шыдамайсың.

Әрі кәмпит сорып, әрі киноға билет сатып алып шірену – бұл біз үшін тым жомарт кеткендік болады.

Сонымен, кино болар кезде клубты торуылдап келеміз.

Клуб үйі ескі ағаш үй. Оның жаңа болмай, қаусаған­ ескі үй болуы және уақтылы жөнделмеуі, шынын айтқанда, біздің бақытымыз. Жай ғана тастан қалай сал­ған фундаменттің әр-әр жері омырылып құлап жатыр. Және бір-екі тас алсаң, қасқырдың апанындай үңірейіп шыға келеді. Содан інге кірген тышқанша зып беріп, кіреміз де кетеміз, Экранның арт жағындағы суфлер отыруға арналған тесіктен бір-ақ шығамыз. Киноны сахнаның теріс жағынан көреміз.

Кейде киноға дейін клубта көркем өнер үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге қатысатындар емін-еркін кіріп-шығып жүреді. Сол кезде біз де кіріп, жасырынып қаламыз. О, ескі клубтың ішінде жасырынар жер көп! Қашан киноға халықты жібере бастағанша жатамыз бұғып. Бір сағат өтеді, екі сағат өтеді. Клубтың есігі бір кезде ашылады. Жұрт билеттерін көрсетіп, кіре бас­тайды. Сол кезде қуыс-қуыстан байқатпай шығамыз да, қалаған жерімізге отырып аламыз.

Орын таңдау жағынан мұнда әркімнін өз еркі. Билетте орын көрсетілмейді, әркім қалаған, жұрттан бұ­рын басып алған жеріне отырады.

Осының бәріне де мені баулып, көзімді ашушы Жолдыбай еді.

Жолдыбайдың шешесі жесір әйел, бір кеңседе үй сыпырушы болып істейді. Бір әпкесі, бір қарындасы бар, тұрмыстары нашар. Үйлерінде тамақ болса, Жолдыбай ішіп-жейді. Болмаса, қыңқ демейді, өз жанын өзі бағады. Біреулердің үйінің төбесінде өрешеде құрт жаюлы тұрады. Енді біреулер бақшасына капуста, сәбіз егеді. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дейді де, менің досым­ ебін тауып, соларды бір аралап өтеді. Қай үйдің құрты тәтті, қай үйдің бақшасындағы сәбіз ірі – Жолдыкең бәрін біледі.

Мен шикі капустаны өмірімде жеп көрген емеспін. Жолдыбай рақаттана қарш-қарш шайнайды да:

– Сен білесің бе, капуста адамды тез семіртеді, – дейді.

Олай болса семіріп алайын деймін де, мен де жеймін.

Нарынқолдың тұрған жері әсем – тау баурайы. Бір жағы сарқырап аққан өзен, қалың тоғай. Екінші жағы тау – кәдімгі атақты Тянь-Шань. Жері құйқалы қара топырақ. Ауа райы салқын болғандықтан тек жемісі өспейді, басқаның бәрі өседі. Астығы аттың қапталынан келеді, картобы кеседей-кеседей болады. Таулы жер, шіркін, малдың жері ғой. Сай-саладағы көгал шөп­ке жаздыгүні шөккен түйе жасырынады. Жайлауында ызың еткен шыбын болмайды. Қыста таудың күнгей бетінде қар және жатпайды. Жылдың он екі айына малды айдап салып, тек қара да отыр. Нарынқолда отын-су қандай ырғын. Таудағы зәулім кебу қарағайдың о жағынан балтамен бір, бұ жағынан және бір шауып, ырғап қалсаң, ажалы жеткен алыптай жерді солқ еткізіп, құлап түседі. Бұтағын аршын, сидамдап, төмен қарай ағызып, айда да жібер. Заулағаннан заулап, есігің­нің алдына бір-ақ келіп тоқтайды...

Қыстақтан жоғары Қайшы дейтін сайдың аузында диірмен бар, су диірмен. Бір күні бір қап бидайды асты­ма салып алып, ұн тартқызуға соған келдім. Диірмен тұр­ған жердің, ой, әдемісі-ай! Сынаптай тұнық, күркі­реген тау өзені. Бойжеткен қыздай желкілдеген сұлу көкталдар, дәл қасында тау тиіп тұр. Менен бұрын келген бірнеше адам бар екен. Солар тартқызып болғанша менің күте тұруыма тұра келді. Бұл үшін мен оншалық өкінген жоқпын. Табиғаттың маңайдағы сұлулығына ғажап қалып, тамашалаумен болдым.

Бір кезде диірменнің ішіне кірдім. Ешкім жоқ. Терезенің алдында үстіне бір елі боп ұнның тозаңы қон­ған жұқалтаң кітап жатыр. Алып қарасам, Мұхтар Әуезов, «Қараш-Қараш». Әңгімелер жинағы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий