Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күн бүгін әсем. Аспанда ине шаншым бұлт жоқ, лүп еткен жел жоқ. Жолдың асты мен үсті біркелкі боп жайқалған көк майса егін. Бозторғай биікке шығып алып, әсем жазды жыр етіп шертеді. Арба жақын келіп қалғанда ұша жөнеліп, жүз-жуз елу метрден алыстап барып, тағы да әуеге ілініп тұра қалады. Үзілген әнін қай­та жалғайды. Желіндеген биедей балбыраған дала төсінде, бұдан да басқа құлаққа келер ғажайып үндер көп. Тіршіліктің мың бір ұрығы оянған, мың сан тамыр­ға­ жан бітіп, нәр жүгірген кез. Төңірек толы қыт-қыт еткен тоқтаусыз, толассыз нәзік сырлы күй, өмір күйі. Қаулаған жаңа жас өмірдің сезімтал көңілмен ұғар сыршыл күйі.

Көшір тақырайған шекесін күннен қорғап, қалпағын осқырайта киген қартаң адам. Мен оның арт жағында бүгінгі ғажап жазды тамашалап, неше алуан қиялға беріліп отырмын. Сонау алыс болашағым да тамылжыған жаз болып елестейді. Мынау төбемдегі көк аспандай тап-таза, мөлдір, шетсіз-шексіз. Мен қырандай қанат қағып, бірден бірге биіктеп ұша берем, ұша берем. Мүмкін, бір кезде дауылға да ұрынармын, суық­қа да тоңармын деген ойлар ол кезде басқа келмейді...

Ох, шіркін! Адам өмірден тек бала болып өтсе! Ойын-күлкімен өтсе! Өмірге қалай келіп, қалай кетке­нін білмей қалар болса!

Қостөбеде біз аялдамақ емеспіз. Кімге аялдаймыз? Ыдырыс та, Смағұл да бойдақ. Колхоздың жұмыс иелі­гі­нен олардың еш айырмасы жоқ қазір. Бригадир қайда қуа­ласа, сонда барады. Ой-қырдың бірінде еңбек етіп, жандарын бағып жүрген шығар.

Жауыртоғанда жер қойнауында мәңгілік ұйқыға батып, анам жатыр. Өз еркім өзімде болса, мен соған бұрылып барар едім. Қайран анам! Сен көз жұмғалы міне, екі жарым жыл бопты. Екі жарым жылдан бері мен жетімнің «Жетім» деген тажалдай суық сөзді ести-ести бұл күнде құлағым әбден үйренген.

Суық, түнек жердің қойнына, анашым, сен де үйрен­ген боларсың.

– Шешесі жоқ жетімдер, қолдарыңды көтерің­-

дер! – десе, осы кезде мен бірінші болып қол көтерем. Бұл үшін арланбақ түгіл, ойланбаймын да. Жетімдік маңдайыма туғаннан жазылып қойылған сыбағамдай көрем.

Әне, адамның көнгіштігі, төзгіштігі солай болады екен. Тек тағдыр басқа салмасын. Басқа салса, біраз был­ғаңдап тулайсың да, сосын көк есекше бүлкілдеп жүріп бересің.

Өз тізгінім өзіме тиген кезде, анашым, сенің басыңа әлі талай келермін. Жүрек-қалтама жиналған мұң-зарымды төгіп, босатармын. Ал, әзірше хош бол, анашым, кінәлама!

Таулы жердің ауа райы ерке қыздың мінезіндей құ­былмалы. Жарқырап тұрып, түнере қалуы тіптен оңай. Біз Қостөбеден өткенде күн ашық болатын. Кемерге жеткенде, аспан бұлттана бастады. Үкірші жақтан жентек-жентек қара бұлттар жел айдап, ойнап шықты.

Нарынқолға таяу Жағатам дейтін шағын қыстақ бар. Соған тақалғанда тырсылдап жаңбыр жауа бастады.

– Мына күн қайтеді, жауа ма? – деп, арба айдаушы­ көкке үрейлене қарайды.

Екі қара бұлт бірімен бірі сүзісетіндей жақындасып келеді. Әне, сүзісті. Жер қайысқан екі үлкен армия біреуіне біреуі лап қойып, шабуылға шыққандай еді: зеңбіректер гүр-гүр, болат қылыштар шақ-шақ...

Екі бұлт араласып, миласып, бір бұлтқа айналды. Жаңбыр төпеп құйып кетті. Енді ойланып жатуға мұрша жоқ.

– Бала, анау үйге барып паналайық, – деді де, арбакеш аттардың басын жолдан бұра берді. Оң қол жағымызда қабақшада сыртын әктеген, тоқал төбелі оқ­шау там үй тұр.

Бұл «Жағатамнан» өткеннен кейін.

Жүксіз арба үй алдына таңқылдап келіп тоқтай қал­ды (Әлгі араның жері тастақ еді). Ши-шидің арасында жайылып жүрген тауықтар да жауыннан безіп, қораға кіріп кетіп жатыр. Арбадан секіріп түсіп, үйге ұмтылдық. Сырт есік ашық, ауыз үйге тасырлатып кіріп-кіріп келдік.

Осы кезде төр үйден кимешек киген әйел шықты. Әлгіні көріп, менің қолқа-жүрегім солқ ете қалды. Көзіме оттай басылған бұл адам өзімнің бір кездегі аяулы жеңгем Әлиман еді.

Әлиман да мені бірден таныды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий