Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Қайдан келесің? Қайда барасың? – деп, жөн сұрап жатыр.

Айттым.

– Ал, үйге кіріңіздер. Кірдік.

– Төрлетіңіздер!

Төрлетуге бізде құлық жоқ. Үйдің іші тап-таза, есік­ке дейін алаша, киіз төселіп тасталған. Әлиман ұстаған үй екені бірден-ақ көрініп тұр. Үстімізден тамшылаған суды қағып, сілкіп, есік алдына бөгеле бердік.

– Ештеңе етпейді, жоғары шығыңыздар!

Төрге текемет, оның үстінен ұзынша аткөрпе төселген екен. Мына түрімізбен жүрген жолымызды былғап,­ онда барып, сұқсиып-сұқсиып отыруға бет шыдар емес. Сол араға жақын терезе жаққа, жай ғана текеметтің үстіне шөге-шөге кеттік.

Әлиман дәл қасымызға бір тізерлеп ол да отырды. Сол қалпы – өзгермеген, жүріс-тұрысы жұмсақ, биязы.­

– Ағаң ауданда қайда істеп жүр?

– Прокурорда хатшы болып істейді.

Әлиман «мм...» деді. Өскен екен дегені тәрізді. Ақ шұбар өңіне бір сәтке біраз ой көлеңкесі түсіп өткендей болды.

– Ал отырыңыздар, мен шай қояйын. Шай ішіп, бір-ақ жүретін шығарсыздар. Оған дейін күн де басылар.­

Жұп-жұмсақ мәсі киген аяқтарын үнсіз басып, Әлиман ауыз үйге шығып кетті. Оның соңынан қарай отырып, мен өткен өмірді есіме алдым. Қайран, Әлиман жеңгем! Қайтейін, бізге бұйырмадың ғой. Өсекші жұрт Сатылған екеуіңді екі жаққа ажыратып тынды. Оның зардабын мына мен тарттым. Иә, біздің үйді үй етіп, ел қатарына қосып едің. Аз тұрсаң да, өмір бойы ұмытылмастай талай жақсылық істеп едің. Ақ киізден сырып жасап берген, әрі жеңіл, әрі жылы пимаң ұмыт бола ма?

Қайран, Әлиман жеңгем! Үй ішін дәл сендей ретті, таза ұстайтын адам бар ма екен? Осындағы кез келген заттан, төсектің, жүктің жиналуынан мен сенің өнерлі, бипаз қолыңды ап-анық танимын.

Үй ішіндегі біраз зат маған бұрыннан таныс. Анау төрдегі кестелі киім жапқыш бір кезде дәл осылай біз­дің үйге көрік беріп тұрған еді. Тоқылған шашағы да, кестедегі суреттері де әлгінде көзіме бірден жылы ұшырай кеткен. Бірінің соңынан бірі шұбаған, бірінен бірін айырғысыз он екі қызыл қораз. Алтауы оң жақтан, алтауы сол жақтан қарама-қарсы келіп, ең алдағы екі қораздың бастары түйісіңкіреп тоқтаған. Киім жап­қыш­қа тігілген кесте-сурет міне, осы еді.

Мен қораздарды осы отырғанда санап та шықтым – тура он екі. Не азаймаған, не көбеймеген. Бізден кеткелі бергі уақыттың ішінде бір де біреуі шетінемеген. Не деген жаны берік қораздар десеңші.

Міне, шай да келіп қалды. Әлиманның шайы осындай – тез қайнайды, сарғайтып күттірмейді. Көңілді-таза дастарқан, аппақ ақ нан, қант. Кесенің түбінен етіп, сүт қатып құйған шайы қандай дәмді Әлиманның! Таңдайыңа балдай татиды, ішесің, іше бергің келеді.

Ауыл әйелдеріне тән ибалықты Әлиман берік ұс­тайды. Жаулықты кіршіксіз аппақ етіп киеді, бір тал шашын сыртқа шығармайды. Қолына күміс білезік, жүзік салады. Көйлекті мол киеді. Қарашы, шай ұрттауының өзінде қаншама әдептілік жатыр! Ұрттағаны ернінің ұшын ғана тигізгені тәрізді – түк естілмейді.

Жауын басылған. Терезеден төрдегі бұрышқа қи­ғаштап күн сәулесі түсіп тұр. Үйдің басқа жері тұп-тұ­нық болғанда, әлгі жарық сәуленің іші быжынап ұшып жүрген мың-миллион ұсақ шаң-тозаң.

Шай құя отырып, Әлиман өз жайынан да айтты. Кү­йеуге шығыпты. Ері аудандық аурухананың осында­ғы көмекші шаруашылығында жұмыскер екен. Аурухана осы араға әр түрлі овощ егеді, бұлар соны күтіп, күзетеді.

Шай ішіліп болды. Біз енді жүрмекшіміз. Осы кезде Әлиман орнынан серпіле тұрып, төрдегі қоңыр әбді­раны ашып, бір орам көкала шыт алып шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий