Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Төбелесқой Баймырзада өткірлік те, шапшаңдық та бар еді. Тас ұстаған қолымнан қалай шап бергенін байқамай да қалдым. Екеуміз алысып жатырмыз. Баймырза маған қарағанда сүйектілеу, әрі күштілеу. Айт десе, шап беруге дайын тұрған екі көмекшісі тағы бар. Мен лезде-ақ үшеуінің астында қалдым. Бір аяғымнан басып, атаманның өзі өр кеудеме атша мініп алды.

Менің ашуым шегіне жеткен. Беріспеудің бар әре­ке­тін істеп бағам. Бұлқынып, тыпырлаймын. Баймырзаны желкеден теппек болам. Аузыма іліккен жерін бөксеріп, тістеп те алмақпын.

Бірақ үшеудің аты үшеу, әлімді келтірмейді. Баймырза кеудемді одан бетер жаншып, екі қолымды екі жаққа тарбита жерге тіреп, ұстап алған.

– Ағатай де. Жалын. Жалынсаң тұрам, – дейді. Ба­сымды кесіп алып жатса, жалынармын. Жалынбақ тү­гіл, жеті ата, жеті бабасынан тартып, тілімнің жетке­нінше тұздықтап тұрып боқтаймын. Құдай күшті мол етіп бермесе де, қалақайдай ащы тіл берген. Баймырза мен оның серіктерінің ар-ожданын пышақша тілгілей­тін небір аяусыз уыт сөздерді тауып айтам. Өлген-қатқан, тірі жүргендерінен бір де біреуін құр тастамаймын.

Баймырза мен оның нөкерлері одан бетер егесе түседі.

– Бір жіп тауып әкеліңдер! Иттің баласының аяқ-қолын байлап, шұңқырға тастайық!

Нөкерлерінің бірі қораға кіріп кетті де, жіп тауып әкел­ді. Үшеулеп, қолымды артыма қайырып байлап жатыр.

– Байла! Байла, әкеңнің аузын... Бәрібір, түбінде өшімді бір аламын.

Ат қораның төңірегінде бір кезде балшық жасағаннан қалған терең апан шұңқырлар. Мені соның біреуіне тастап жібермекке үшеулеп сүйреп әкеле жатыр.

Ала сиыр әлгінде артына бірер қарап, бөгелгендей болып еді, енді ол да көрінбейді. – Тастаңдар! Тастап көріңдер! – деймін сес қылып. – Шұңқырға тастамай-ақ, өзін мына жәшікпен бастырып тастасақ қайтеді?

– Дұрыс!

– Бері тарт! Бастырып тастайық. Шыға алмай жатсын, бәлем!

Ат қораның алдында астық таситын үлкен арбаның қалың тақтайдан істелген зілдей ауыр қорабы жатқан. Мені соған бастырмақ.

– Бастыр! Бастыр әкеңнің...

– Ағатай де! Ағатай десең, бастырмаймыз? Өліп кетсем де, дегенімнен қайтатын мен емеспін. Қораптың дәл қасына мені етпетімнен сұлатып жықты да, Баймырза тізесімен мықшыңдай басып тұрды. Ана екеуі қорапты оп-оңай аунатып, үстімнен көміп тастады. Табытқа салынған адам тәрізденіп, ауыр қораптың астында қалдым. Тек тұмсығыммен жер сүзіп жатырмын.

Жеңуші әрқашан да мәз. Жеңілуші қор. Үш қарақшы қораптың үстіне шығып, тасырлатып би билейді. Табандарының астында жатқан мені мазақ етеді. Кенет­ тысырлап өткінші жауын жауа бастады. Үш қарақшы мені тастап, кетіп қалды. Бірдеңе етіп қолдарымды боса­тып алсам, қорапты қалай да көтеріп, шығар едім. Иттің ғана күшігі Баймырза, бір білегімді бір білегіне қабыстырып, аямай, қатты байлаған. Қанша жұлқысам да шешілмейді, кендір жіп екі білезігімді қиып, ауыртып барады.

Жауын бір мезетте сатырлап күшейіп кетті. Тақтайдың жарығынан үстіме тамшы тама бастады. Тамшыдан қашып, қораптың бір қапталына тақалып, енді бір қырыммен жатырмын. Бұлай жату кішкене жайлырақ көрінеді.

Тірі болсам Баймырзадан, қалай да, өш алатыным даусыз. Оның мына көрсеткен қорлығы есімнен, сірә, кете қоймас.

Жауын басылды. Қарақшылар тобынан хабар жоқ. Сиыр айдаған бала-шаға мана-ақ кетіп қалған. Төңірек енді тым-тырыс. Айқай салып, бақырғанмен ешкім ести қоймайды. Жақын маңда тұрғын үй де жоқ.

Ат қора қазір иесіз. Колхоз мұнда жұмыс көлігін тек қыста ұстайды. Баймырзалар өздері келіп босатқан­ша, шыдап жатқаннан басқа лаж жоқ.

Ал олар келмесе ше? Ертең таңертең үй іші мені қай­да жоғалып кетті деп, іздей бастағанда бір-ақ келсе ше?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий