Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ыдырыс пен Смағұл колхоз жұмысында. Үйде бол­ғандарынан болмағандары көп. Жас жеңгем жұмыс істе­мейді. Қыз күнінде де ол колхоз жұмысына араласпайтын. Бригадир кербез Күлімбаланы мазаламауға үйреніп алған. Жеңгем бойын күтіп, үйде отырады. Айна­ның алдында бір сағат шашын тарап, қасын жөн­деп тұрады. Ерінбесе, күйеуіне шай қайнатып береді.

Колхоз бізді, балаларды, үйде отырғызып қоймайды, оқу тарасымен жұмысқа қуалайды. Егіннің арам шөбін жұламыз. Көк егінді тазартып, қарық қылғаннан да таптап бүлдіруіміз көбірек.

Шілденің дәл қайнап тұрған кезінде ағайымды колхоз Алматыға үш айлық есепшілік курсқа оқуға жіберді. Енді үйде жас сылқым жеңгем екеуміз ғанамыз.

Бригадир – Көпекбайұлы Бәзіл. Қара күшке мығым, бойдақ жігіт. Таңертең үй-үйді кезіп, жұртты жұ­мысқа шығарады. Бұрынғыдай емес, енді ол біздікіне де келеді. Ат үстінен:

– Кім бар? – деп, дауыстайды.

Бұл Ыдырыс пен Смағұл үйде бар ма, жоқ па деп тексергені оның.

Жоқ екенін біледі де, аттан түседі. Атын есіктің дәл көзіне қаңтарып қоя салады. Есектен жуас мал қойған жерден тыпыр етпейді. Аласа тар есіктен Бәзіл қорбиған үлкен денесімен екі бүктеліп, әрең сыйып кіреді.

– Әй, сен неғып жұмысқа шықпай отырсың? Бар! – дейді Бәзіл маған.

Оны-мұны сылтаумен мен дереу кете қоймай, бөгеле­ берем. Бәзекеңнің басында жаман ой бар екенін сезем.

– Сен келіншектің үйде отыруың жетті, енді жұ­мыс­қа шық, – дейді Бәзіл Күлімбалаға.

Бұйырып, шындап айтқан болады. Бірақ арғы көме­кейі бос, Күлімбала сызылып:

– Сонда не жұмыс бересің?

– Күрек ал да, ана Мәриялармен бірге арық қаз.

– Оған менің күшім келмейді.

– Онда қамба тазала.

– Шаңға тұншығып өлмеймін бе?

– Шөмеле сал.

– Күн өтсе, басым ауырады.

– Сонда не жұмыс істейсің? Тепсең, темір үзгендей­ күшің бар, – дейді де, Бәзіл жеңгемді бүйірден түртіп келіп қалады. Күлімбала «өй, шешек!», «Мына шешек қайтеді!» деп сылқ-сылқ күледі. Бәзекеңе керегінің өзі де осы. «Е, немене, өтің жарылып кетті ме» дейді де, енді ол жеңгеме дүрсе қоя береді. Тышқанды бас салған­ мысықша нәзік жеңгемнің әптер-тәптерін шығарады. Ойнаған болып құшақтай ма-ау, шымши ма? Төсекке алып ұрып, қытықтай ма, әйтеуір білгенін істейді. Мені адам екен деп, көзге ілмейді.

Жеңгем менен қаймығып қана «қой, ей бала, қой» деген болады. Бірақ онысында зіл жоқ. Оның «қойы» е, тағы түрт, тағы шымшы дегенмен бірдей. Аю тұлғалы­ Бәзілге әлі келмесін білсе де, Күлімбала оған өш алған болып, енді өзі тиіседі. Бәзілді өшіктіре түседі.

Он екі, он үш жасар бала бола тұрсам да, менің білмейтінім бит ішінде. Бәзілдің біздің үйге келуін жаратпаймын. Ол аттан түсе бастағаннан-ақ кеудемде жеңгеме деген қызғаныш оты тұтанып, қолымнан келсе, Бәзілді шайнап жеп қоюға дайынмын.

Күндіз Бәзіл біздің үйге көп бөгеле алмайды. Жеңгем мен үйдің ішінің әптер-тәптерін шығарады да, жө­неп отырады. Кешке жатар кезде тағы да сопаң ете қалады. Бұл жолы ол ат мініп, айқай салып келмейді. Жаяу. Үн-түнсіз, «кеш жарық» деп, кіріп келеді. Жеңгем кесте­ тігіп, мен кітап оқып отырайын. Аласа есікті денесімен жауып, Бәзіл қалбиып тұрып қалады.

– Ыдырыс, Смағұл қайда? Келмеген бе? – дейді.

Олардың қайда жүргенін бригадир білмесе, кім білуші еді.

Бәзіл қасақана сұрайды.

– Келген жоқ, – деп жеңгем дұрыстап жауап ­қайырады.

– Сен келіншек не істеп отырсың? Бұ не бұл? Күндіз-түні қадалып, тігесің де отырасың? Колхоз жұмы­сына шық десе, шықпайсың. Тоқтап тұр, байың келсін.

Бәзіл ешкім отыр демей-ақ төсек үстіндегі жеңгем­нің қасына, зілдей боп, сеткалы кереуеттің белін қайыс­тырып, отыра кетеді. Әдемі жиналып қойылған жастықтар орындарынан шоршып-шоршып түседі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий