Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үлкейгенде қызыл әскер болу Рамазан екеуміздің көкейтесті арманымыз. Тек осы үшін тезірек өссек, тезірек мектеп бітірсек деп, арман етеміз.

Рамазан мені қорлап:

– Сені әскерге алмайды. Кішкентайсың, – дейді.

– Мені емес, сені алмайды. Өйткені сенің қолыңнан­ түк те келмейді. Сені әскерге алса, ең мықтағанда, повар­ боласың. Ал мен командир болам, – деймін.

– Болмай, қал, мыртық неме!

Командирлік орынға таласып, Рамазан екеуміз тағы да төбелесеміз.

Қазақтың құмар асының бірі қымыз.

Қаракер бие құлындаған. Өзі тәрізді әдемі қаракер құлын тапқан. Жер отыққан кезде атам, жылдағы әде­тімен, жалғыз биені сауып, қымыз жасайтын болды.

Ол кезде, сірә, мал аздықтан болар, ауыл маңы қа­зіргідей шаңы бұрқырап, тақырайып жатпайды. Қорық-қорықтың түбі, арық-арықтың жағасы көгал шөп болады. Қаракер биені атам үйден онша ұзатпай, шідерлеп қоя береді. Құлынның алдына жас көк салып, қорада ұстайды.

Жалғыз бие ертеден кешке дейін алты-жеті рет сауылады. Әр екі, үш сағатта атам оның бауырына сүлік­тей жабысып алып отырғаны. Ағаш күбімен орта күбі­дей­ сүт алады. Оған сиыр сүтін қосады. Сонымен күбі аз толмаған қымыз болып шығады.

Кеште, жатар кезде бізге, балаларға, атам күбідегі саумалды әрқайсымызға пәлен жүзден санатып піскі­зеді. Бетіне қап-қара май түсіп, күбі сырты ып-ыстық болғанша пісілген саумалды өзінің ауыр тонымен бала­ша құндақтап орап тастайды.

Таңертең атам бәрімізден бұрын түрегеледі. Беті-қолын шаяды да, шампанша божылдап, дайын тұрған қымыздан бір тостағанды өңешіне тастап алады. Рақаттанып кекіреді.

Жалғыз биенің қымызынан дәметіп, қыдырып ке­ле­тін жұрт бірсыпыра. Олардың көпшілігі атамның достары – шалдар. Қыдырмашылар келмес бұрын атам күбідегі қымызды ыдыс-ыдысқа бөлектеп құйып, жайғап үлгереді. Шалдар да құр ауыз қайта қоймайды.

Қасиетіңнен айналайын Қамбар атаның сүті, шынында да шипа ғой. Үлкен бір кесе қымызға ақ талқан­ды қоймалжың етіп сеуіп, тастап алсаң, бұдан артық тамақтың не керегі бар? Күні бойы екі бетің албырап, бал­қисың да жүресің. Кекірсең әдемі иісі мұрныңа келеді. Үнемі қымыз ішіп жүрген адамның бет нұры да, көзін­дегі от та бөлек емес пе?

Атамның дүңгірлеген қошқар мүйіз көне торсығы бар. Өзіне деген қымызды соған бөлектеп құйып, жүк­тің астына тығып ұстайды. Күні бойғы тамағы да, сусы­ны да міне, сол. Торсықтағы қымызды біз атама жалғыз­ ішкізбейміз.

... Рамазан екеуміз, әдеттегіше сабақтан қарнымыз ашып келдік. Үйде ешкім жоқ (Ауыл қазағы ол кезде есік құлыптауды білмеген. Кетем деген жағына есікті ашық тастап, кете берген).

Жей қоятын пісі-күйік тамақ іздеп, таба алмадық. Осындай оңашалықты пайдаланып, торсықтағы қы­мыздан ұрлап ішпекші болдық. Суық қолымызды бұдан бұрын да талай сұққан тәжірибеміз бар.

– Әуелі мен ішейін, сен терезеден қарап, бақылап тұр, – дедім Рамазанға.

– Мақұл.

Жүктің астынан өзім білетін қуыстан торсықты ше­шіп алдым. Шайқап-шайқап жібердім де, жұта бастадым. Шақтап ішпесе, болмайды, атам біліп қояды.

Енді кезек Рамазандікі. Мен қарауылда тұрмын.

Рамазан қорқақ. Торсықты қолына алысымен көз­де­рі алақтап, берекесі қашып кетті. Әне, енді ішейін деп жатыр!

Қуақылығым ұстап, басыма қияңқы бір ой келе қа­лар ма! Рамазан қымыздан қылқылдатып жұта бастаған­ кезде, қайтер екен деп, қарбаласып:

– Атам кеп қалды! – дедім.

Сужүрек Рамазанда үрей қалмаса керек. Аузында­ғы қымызды жұтып үлгерместен, бырш етіп, қақалып, шашалды да қалды. Аузынан, екі танауынан кері атыл­ған қымыз омырауын, үстін жауып кетті. Сасқаны сонша, торсықты орнына жөндеп қоя алмай жатыр.

Мен күлкіден өліп қаппын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий