Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сұрақ көп. Ақындар айтайын деген ойын бүркемей, жұмбақтамай, ашық неге айтпайды?

– Сендер әлі баласыңдар, түк білмейсіңдер, – дейді Жұмабай.

– Ол кезде үкімет кімнің қолында еді? Байлар мен буржуйлардың қолында болатын. Ақындар әлгінің бә­рін ашық айтса, олар не істер еді? Көздерін жойып жібе­рер еді. Абақтыға тығар еді.

Бізге екінші кластың оқушыларына, бұл да нанымды.­

– Бұдан былай өлең оқығанда, – дейді Жұмабай, – құр өлең екен деп оқымай, идеясына түсініп, ақынның жасырын ойын біліп оқыңдар.

Шынымды айтсам, осыдан кейін мен өлең атаулыға басқаша қарайтын болдым. Әр сөзді оқимын да, астына үңілемін. Жасырынбақ ойнаған балаша мені тап деп, бұғып жатқан идеясын іздеймін.

Текстен адам нені іздесе, сол табылады екен. Сонау­ таршылық заманда ақынның айтпақ боп, бірақ айта алмай кеткен буда-буда ойларын жарыққа сүйреп шығарамын.

Оқу кітабында Абайдың «Жаз» дейтін өлеңі бар. Қандай тамаша көркем өлең! Бұл өлеңді оқығанда бұ­рын менің көз алдыма жаздың тізбек-тізбек ғажайып суреттері келуші еді. Енді осы өлеңді Жұмабай сауатымды «ашқаннан» кейін оқысам, мүлдем басқа. Бұлақтай сыңғыраған әдемі сөз тізбегі емес бұл. Әр сөз, әр нүктесіне бас қатырып, ойлануды қажет ететін тас түйін сөзжұмбақ (кроссворд) секілді бірдеңе. Бір оқып, бір бөгелем. Екі оқып, екі бөгелем. Ойық судан балық аулағандай үңіліп идея іздеймін.

Жазды күні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып, өсіп толғанда...

Ақын осында құдай біледі, байлардың рақат та, әсем өмірін сипаттап отыр-ау деймін.

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып ыңқылдап.

Бұл байлардың өзі және әйелдері. Тамаққа тойып алады да, ыңқ-ыңқ етеді.Арасында құлын-тай

Айнала шауып, бұлтылдап.

Бұлар байлардың балалары, немере-шөберелері. Қайғы-қасірет дегенді білмейді. Тек асыр салып ойнау­мен уақыт өткізеді.

Абай өлеңін мен енді өздігімнен осылай талдай бас­таймын. Ақынның қуын-ай, ә, деймін. Өз ойын сол кездегі үстем тапқа байқатпай, қалай айта білген!

Бірақ өлеңге қызығушылығым бұрынғыдай емес, бәсең тартып барады. Өлең көрсем, енді төніп түспейтін болдым. Тіпті өлең атаулыны әлгідей түсінуге қиын машақаты, жалтақтығы үшін жек көре бастадым.

«Дүмше молда дін бұзар» деген мақал бар. Жұмабай, әрине, дүмше еді. Оның кесірінен өзім керемет қадірлейтін поэзиямен талай уақытқа дейін осылайша араз болып жүрдім.Сарыбастау сапарыҚар басқан меңіреу дала. Күн шытқыл. Түні бойы жел соғып, жаяу борасын болған. Шана жолдың көп жерін тып-типыл етіп, жасырып кеткен. Темірдей боп бет қарыған ызғар әлі де басылмай тұр.

Бауырымен жер сызған қазақы тайпақ шана. Қа­быр­ғасын сыртынан санап алғандай арық ат. Шана толы бұлтиған-бұлтиған қоржын-кешек жүк. Сол жүктердің үстін басып, үймелесіп отырып алған жеті-сегіз бала. Шана Қостөбеден шығып, он екі шақырым жердегі Сарыбастауға бара жатыр.

Екінші тоқсан біткен соң, біздің ауылдағы мектеп­тің үшінші класы мүлдем жабылып қалды. Бір мұғалім үш класты қабат оқыта алмайтын болды. Жабылған кластың оқушылары осы ауыл советке карайтын Сарыбастауға барып оқысын деген ұйғарым бопты. Колхоз ат, шана беріп, мынау біздің Сарыбастауға ғылым қазынасын одан әрі үңги түсуге келе жатқан бетіміз.

Арамызда үшінші кластан тек екі оқушы ғана жоқ – Майра мен Жанбосын. Батырқан балаларын Сарыбастауға жібермеді, орысы бар, орыс тілін үйренуге қо­лайлы Нарынқолда оқытуға алып қалды.

Нарынқолға тек қолы жеткен барып оқиды, На­рын­қол қала, онда әр алуан кеңселер, шатырлы үйлер көп деп естимін. Бірақ әлі көрген емеспін.

Нарынқолдың көшелері түп-түзу, онда қолдың саласындай болып зәулім бәйтеректер өседі дейді. Бір көруге құмар-ақпын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий