Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жортуылға шыққанда Боқшабай өзінен гөрі күрең атқа көбірек сенеді екен.

Қартаюмен қатар күрең ат бұл кезде оқта-текте колхоз жұмысына да жегіліп қалып, сансырап, мәңгүрт бола бастаған. Рас, биылғы көктем шыққалы Боқшабай­ оны жұмысқа берген жоқ. Өзім қарт адаммын, бұт артар­ жалғыз көлігімді бере алмаймын десе керек. Боқшабайды ауылда кім де болса сыйлайды, оған күш көрсете­ алмайды.

Сөйтсем, күрең атты қолға алып, Бәкеңнің күтімдей бастауында мән бар екен...

Күнде кешқұрым ол жамбас күреңді белдеуге көл­денеңдей байлап қойып, ерттеп жатқанын көруші едім. Екі кештің арасында қайда барады? Мал қайырады, өрістен қайтқан малдың алдынан шығады дейтін заман емес. Содан арада бес-он минут уақыт өткенде, бөркі қа­зандай, өзі шөккен нардай болып, ол аяңшыл күрең­нің үстінде елсіз қырқа жаққа қарай соқтырып кетіп бара жатады. Үстіндегі түйе жүн шекпеннің екі шал­ғайын тізесінің астына өте бір ұқыптылықпен жымқырып алған. Қолында атан өгізді сауырдан бір салып жатқызатын тобылғы сапты өрмелі әйдік, дырау қамшы.

Жартастың шоқысындай болып Боқшабай атқа тікесінен тік отырушы еді. Күреңнің жарақат санын ауыртып алмайын дегендей қамшыны сипап қамшыланып, басын жан-жағына бұрып та қарамастан, кетіп бара жатады. Беталған жағы елсіз түз адырлы қырқа. Өзінің бір құлқынын тығындау жолында кең даланы қажымай, талмай кезетін азуы алты қарыс түз тағысы бар емес пе? Боқшабай алыстай түскен сайын соған ұқсайды.

Боқшабай туысқандық жағынан бізбен аталас. Оның сырын менің әке-ағаларым тәуір біліңкірейді. Олар өзара күбірлесіп:

– Әне, көрдің бе, Боқшабай қалмаққа аттануға ат жаратып, өзін өзі жаттықтырып жүр, – дейді. Шынында да бұл солай екен. Күрең ат қалайсың? Бірлі-жарым сапарға жарайтын, бойыңда бірдемең қалды ма? Өзім қалаймын, жараймын ба деп, Боқшабай өзін де, атын да сынап жүргені екен.

– Ыдырыс, Смағұл, тұр, тұрыңдар! Арқан, пышақ алып шығыңдар! Бол, болыңдар! Батырбай түбегіндегі жаман тамға тез келе қойыңдар!

Осы қарбалас дауыс бір күні біздің үйдің адамдарын дүр еткізіп оятты.

Мен де оянып кеттім. Әлі түн, үй іші қараңғы. Әкем, ағаларым қарбаласып киініп жатыр. Ауылдың шет жағынан шұрқырап кісінеген жылқы дауыстары естіледі. Әкем мен ағаларым жіп-шу, пышақ, қап алып құдайдан сәт тілеп жөнелісті.

Қараша жаман үйдің ішінде шешем екеуміз ғана қалдық. Не болғанын мен-дағы бірден білдім, жас ет жеп тойынатын болдым-ау деген қуанышты ойдан ұйқым шайдай ашылып кетті.

– Апа, қалмақтан жылқы айдап келді ме?

– Тысс... Үндеме. Жат.

Жерге жарық түспей әкем мен ағаларым қайтып келді. Үсті-бастары қан сасиды, қапқа салып көтерген ауыр нәрселері бар. Киіз үйдің ішкі босағасына гүрс еткізіп тастай бергенде-ақ қаптың ішінде не зат екені білініп қалды. Ол ет еді.

Жылқы етінің иісі қандай, шіркін. Үйдің ішін бір дегеннен алып кетті.

Шешем де, мен де ұшып-ұшып түрегелдік. Сойған жылқының терісін төр алдына жайып жіберіп, әкем мен тәтем әкелген еттерін дереу боршалауға кірісті. Таңға дейін жымжылас етіп жайғап алмақ та, түк көрмегендей болып тыныш отырмақ. Есік түсірулі. Мен етші­лерге бөтелке шамды жарық етіп ұстап тұрмын.

Қызыл десе қазекеңде ес қалмайды. Әсіресе қазір­гідей аш кезде. Әкем мен тәтем еттің екі жағынан жүрелей отырып, жеңдерін сыбанып алып кіріскен. Білек түгел қан-қан. Алдарындағы еттен өзге дүниені екеуі бірдей ұмытқан. Олардың осы түрлері өздеріне жемтік тауып алып кенелген даланың аш бөрілеріне көбірек ұқсайтын еді. Смағұл мал союға шебер қазақтың бірі. Бір қойды бір шылым шеккендей уақытта жайғап тастайды. Сылбыр әкемдей емес, оның қимылы ерекше ширақ, қолындағы пышаққа көз ілеспейді. Мүйіз сап кішкене қара кездік сүйектің жықпыл-жықпылын өзі іздеп тауып алады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий