Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауырсаққа қараған сайын менің сілекейім шұбырады. Майы шып-шып шыққан қызыл жон томпақ бауырсақтар ауызға түсуге тіленіп-ақ жатқандай. Шір­кін, ауызды қарыған ыстық күйде алып жер ме еді!

Жас бауырсақтың бұрқыраған иісі қандай!

Бауырсақ қуырылып бітті. Батырқанның әйелі біз­дің үйге кіруімізді қаламай сол араға бір тостаған алдырды да, бір уыс бауырсақ салып, шешемнің алдына қойды. Шешем одан бір тал ғана ауыз тиді де, басқасын­ қотарып менің қалтама салып берді. Сосын манадан қол­тығына қысып отырған айнаның орауын жазды.

– Мына айнаны Майраң бетін көріп жүрсін деп, әдейі әкелдім. Үйде бір түйір дән қалмады. Бір кішкене ұн бер, балама күлше пісіріп берейін, – деді шешем.

Майра бұл сөздің бәрін де естіп тұрды.

Мен білген едім осылай боларын. Келгім келмегені сондықтан еді. Көрмегенім қара жер, әзер тұрмын. Телміріп қайыр сұрағаннан біздің бұл халіміздің несі артық?

Ұсынған айнаны Батырқанның әйелі алды. Бір табақ ұн, бір табақ арпа салып берді. Біз үйге қайттық.

Кітап бетіндей қалың айна біздің үйдегі бірден бір іске татыр мүлкіміз еді. Біз одан солай айырылдық.

Әкем осы айнаға қарап мұрт басып, сақал қыратын. Шешем күніне бір рет осы айнамен ауру жүдеткен жү­зін көретін еді. Екі бетінің ұшындағы сөніп, бітіп бара жатқан тіршілік нұры азайған сайын көңілі бір түрлі жабырқау тартып қалатын. Сол айна енді жоқ.«Здрәсти, нәшендік!»Көктемгі егіс. Қарбалас. Соқа айдау, тұқым себу. Тағы да атам, шабам, қырам деп, дік-дік еткен Сарманов өкіл.

Ат арық, жер қатты. Көлік жетіспегендіктен соқаға буаз бие, сиыр жегіледі.

Тағы да таңқасқа. Тағы да мектеп жабылып қалған.­ Біз, ер балалар, соқаның атына мінеміз. Соқаның атына­ міну тұлықтастың атына мінуден өткен азап. Бір соқаға төрт ат жегіледі. Көтерем арық аттар. Таңқасқадан түн­ге дейін тыным болмайды. Тепең-тепең тебініп шаршағанның көкесі осында.

Ата-бабасынан бері қарай шүйгін жер, таза ауаны қуалап кешіп жүріп күнелткен қазекең іші ала көлеңке­ сыз тамға жазы-қысы қамалып шыдамайды. Күн жылып, жер қарайысымен кеңістікке шығуды арман етеді. Отырықшылық тұрмысты еңселерін басқан қапастай көреді. Оған бейімделгісі, көнгісі келмейді.

Бұл араның халқы бұрынғы кезде қыс кетіп, жаз оралатын құс тәрізді болған. Жаз болса қотарылып, Сырт пен Шәлкөденің көкжасыл жайлауына көшетін, сонда ауыл-ауыл боп, малдары мыңғырып, қасірет пен қайғыны тек құдайдан күтіп отыратын. Қыста Тек ес бойын, таудың күнгей жақ сай-саласын қыстайтын.

Қазір артель боп біріккенмен сол әдет бірден үзіліп қалмайды. Халықтың желпініп жайлауға шыққысы ке­ле­ді. Оған бірақ артынып-тартынып көшуге жарайтын мал жок.

Жайлау бұл күнде поселіктің дәл қасы болған. Киікбай мен Найза ауылының екі арасы көңілді көгал жазық. Сыз тамнан жалыққан халық қазір осында көк­ке шығып қонған. Кйіз үйі барлар киіз үй, киіз үйі жоқ­тар қалқиған алты аяқ, жаппа тігіп алған. Көң-қоқырға белшеден батқан поселіктей емес, бұл ара қанша айт­қан­мен көңілді. Қыстай темір пештің көк түтінін жұ­тып, бүріскен ел тыныстары кеңіп, жетісіп қалған.

Көң-қоқыр поселікте қалғанмен аштық қалмаған. Ол елдің түп етегінен алып, осында бірге келген. Таза ауаға шыққан соң адамдардың тамақ тілейтін араны одан бетер ашыла түскен.

Жортуыл десе көздері жайнап, арқалары қозып, сіл­кініп шыға келетін көкжал жігіттері Беснайзада көп болған. Боқшабай, Жантай деген адамдар міне осындайлар. Елге аты шыққан батырлар, өмірде қауіп-қатер болатынын елеп көрмегендер.

Боқшабай да, Жантай да бұл кезде тұғырынан та­йып­ қартайып қалған. Колхозда жұмыс істеуге жарамайды. Елге өте сыйлы, бетті адамдар болғандықтан, оларды­ мазалауға кім көрінгеннің батылы жете бер­мей­ді. Өзгеге дік-дік етіп, қамшы үйіруге дайын тұратын белсенділер Жантай, Боқшабайдың үйін алыстан айналып өтеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий