Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түгі жоқ үй – кедей үй. Мәселен, біздікі. Әлгі атал­ған нәрселерден біздің үй тап-таза.

Жұртта бар тәуір мүліктер біздің үйде неге жоқ деп, қорланып, ыза болатын едім. Самауыр неге жок? Киім жапқыш неге жоқ?..

Көп үйде сауын сиыр бар, аздаған да болса, уақ мал­дары бар. Бізде ол да жоқ. Ең барып тұрған қара жаяу кедей қазақтың аты болмаса да, ер-тұрманы болады. Ат сұрау ұят емес, ал ер-тұрман сұрап жүру ыңғайсыз-ақ. Бір жаққа баруға ат табылса, әкем мен ағаларым енді ер таба алмай жүргені. Мен бұған да ыза болушы едім. Жұртта бар зат бізде неге жоқ?

Жұрт қайдан табады? Біз неге таппаймыз? Жұрт қайдан алады? Біз неге алмаймыз? Жұрт бізден неге ар­тық болады? Біз неге кем боламыз?

«Бәрі құдайдан, құдай өзі жеткізеді» дейді әкем. Қашан жеткізеді? Сарғайып қанша тосуға болады оның жеткізуін? Ол жеткізгенше, желкеміз үзілетін болды ғой.

Әкемнің бойы ортадан төмен, иықты. Өзі құсап селбіретіп қияқ мұрт қояды. Уайымсыз адам, күйіп-піскенді білмейді, жайбарақат. Мезгілсіз тозып, шаршамайды. Аш болса да, тоқ болса да екі беті қып-қызыл. Тамақ таңдамайды, өңешінен өткеннің бәрін ішіп-жейді. Ауырмайды.

Таңертең әкем шайнамсыз жайдақ шайды сораптап, еркіне салсаң, түске дейін қамсыз отыра береді. Ол тоғайдан колхоздың ұста дүкеніне көмір жағып әкелуші еді. Келіп мүйізі абажадай үлкен арық қызыл өгіз. Әкем шай сораптап отырғанда қызыл өгіз сыртта есік алдында оны күтіп, аш, қаңтарылып байлаулы тұрады.

Бригадирді бес келтірмей әкем жұмысқа шығып көр­ген емес. Бағана байланған қызыл өгіздің мызғымай әлі тұрғанын көріп, бригадир терезе тұсына шауып­ келіп, айқай салады.

– Оу, Ыдырыс! Әлі отырмысың? Ойбай-ау, күн түс боп кетті ғой! Болсаңшы!

– Қазір, міне, шыққалы жатырмын, – дейді әкем. Өзі тапжылмастан отыра береді.

– Болды, барсаңшы жұмысыңа. Құр суды сіміре бергеннен бірдеңе шыға ма? – дейді шешем.

– Тағы бір шыны құйып жібер. Содан соң болды. Сосын тағы бір шыны.

Шәугім сарқылғанда әкем орнынан бір-ақ түрегеледі.

Ыдыкең қысы-жазы бірдей қалың киінеді. Үстінен етегі делдиген ақ тоны, басынан жарбиған жаман мала­қайы түспейді. Күн ыссыда малақайының құлағын қа­йырып, байлап қоюға бір бауы қалай да шұнтиған үзік болады, байлауға келмейді. Сондықтан малақайдың құлақтарын әкем жай жымқырып бүктеп қояды. Әменде бір құлақтың бүктеуі жазылып кетіп, есектің құлағынша қалқиып, былғаң-былғаң етіп жүргені.

Неге екенін қайдам, әкемнің тонында түйме дейтін нәрсе болмайтын. Киеді де, тонның екі өңірін айқасты­рып, беліне май жағудан қап-қара болған жіңішке қа­йыс белбеу буынады. Қатты тартып буынған белбеудің әсерінен тонның етегі делдиіп, таңқия қалады. Әкемнің аласалау жалпақ денесі сол кезде одан бетер аласарып кеткендей болады.

Шыжыған ыстық күнде де әкем әлгіндей қалың киім­мен жүреді. Бұның қалай десе:

– Қалың киімнен ыстық өтпейді, – дейді.

Дәл арқасына белбеуден өткізіп, балта қыстырады.

Үйде ер болмағандықтан әкем қызыл өгізге ыңыршақ ерттейді. Тартпа орнында құр жіп. Үзеңгінің біреуі ағаш, біреуі темір.

Әрі қалың киініп, сіресе қалған, әрі шайнамасыз құр шайды қарнын сыздатып тоя ішкен Ыдыкең қызыл өгізге бірден қарғып міне алмайды. Күшеніп, үзеңгіге аяғын әрең жеткізіп, артылып міне бергенде, ыңыршақ ауып кетеді. Немесе сарғайып тұра беруден жалыққан қызыл өгіз тыпыршып жүріп кетіп, міне алмай әуре болады. «Өй, әкеңнің»... деп, Ыдыкең қызыл өгізді ке­лістіре бір боқтайды да, үйден мені шақырады. Ар жақтағы үзеңгіні басып ұстап тұр дейді.

Мен жоқ болсам, тамға, дуалға тартып мінеді.

Күн бұл кезде сәске болып қалған. Өзге жұрт жұ­мыс­қа­ бағана кеткен, Жолшыбай кезіккен белсенді­лер­ден түгел сөз естіп, әкем жұмысқа енді ғана кетіп бара жатады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий