Knigionline.co » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кетіп барады деймін-ау. Әне, ауылдан ұзай берді де, ол қайта қайтты. Не болды екен? Бірдеңесін ұмыт қал­дырғаннан сау ма?

– Өй, Ыдырыс, неге қайттың?

– От жағатын сіріңке алмаппын, – дейді әкем жайлап қана.

Мен үйден сіріңке алып шығып беремін. Сіріңке жоғалып қалмас үшін оны ішкі қалтасына салып алмақ­қа әкем белбеуін шешеді. Белбеуін шешу үшін беліндегі балтаны маған бере тұрады. Осының бәрі ешқандай асығыссыз кері қайталанып және істеледі.

Уақыт зымырып өтіп жатады. Күн түске тақалады.­

– Мына ит бүгін аяғын баспай қалыпты, – деп, кінә­нің бәрін енді қызыл өгізге аударып, әкем тоғайға қарай маңып кетіп бара жатады.

Әкемнің іш пыстыратын қимылдарына менің төзі­мім зорға жетуші еді. Ішімнен ыза болып, тістеніп, қа­ным қайнап тұрам.

Ұста дүкені біздің үймен қанаттас, жақын... Өкембай ұстаның шың-шың соғылған балғасының дауысы ұзақ күнге бір сембейді. Күн сайын там-тұмдап әкелін­ген көмір кейде бітіп қалады да, ол әкемнің көмір шағып әкелуін күтіп, жұмыс істей алмай, сарғайып күтіп отырады.

Ұста дүкенінің бүкіл жұмысы маған қарап тұр-ау деп, Ыдыкең абыржи қоймайды.

Әкем тоғайдан кеш қайтады. Қас қарайған кезде егіннің арасымен келе жатып, тік тұрған астықтың масағынан қойын-қоншын толтырып, үзіп алады.

Жатар кезде терезенің сырт жағынан жарық көрін­бестей етіп ішінен бітейді де, әлгі алып келген масақты тонның тақыр жағына салып, уқалауға кіріседі. Бұл ер­теңгі ішіп, жейтін талқан көженің қамы.

Масақ ұрлауды әкем егін ет алып, сарала тартқан кез­ден бастайды. Пісіп жетілмеген дән қуырғанда тырысып, шөжіп кетеді. Талқаны көкшіл, дәмі қант қосқандай тәттілеу.

Көктемгі көкөзек кезде әкем көк талқанға іліксек өлмейміз деп, бізді жұбатып, армандап отырады. Оның арман еткен көк талқаны әлгі.

Егіннен масақ ұрлап әкелетіндер тек менің әкем емес.

Таңертең бригадирдің айқайымен оянатын әкем түн­де жатар кезде бей-берекет шашып тастаған киім­дерін таба алмай, үй ішінің астан-кестеңін шығарады. Әрқайсымызды бір қозғап, жастығымызды қопарып, төсеніштің ар жақ, бер жағын ашып қарап, белбеуін, тымағын іздейді. Сөйтіп, бәрімізді түгел оятып бітеді. Шұлғауының бірі менің жастығымның астынан, малақайы Сатылғанның қойнынан табылады.

Әкемнің жоғалғыш бұйымдарының бірі оның бел­беуі. Барлық киімін киіп ап, енді белбеуін таппай, есік алдында сілейіп тұрғаны:

– Ой, тоба, бұл әкеңнің аузын... жер жұтты ма? Қайда кетті?

Белбеу табылмай, ауырып жатқан шешеме де маза жоқ.

– Әсбет, қарашы, менің белбеуімді. Жер жұтты деймісің, бір жерде жатқан шығар.

Шешем бейшара ыңқылдап қоса іздеседі.

– Түнде шешкенде бір жерге белгілеп қоймайсың ба? Күнде-күнде бұл не? – дейді ренжіп.

Қырсық белбеу соңынан қорадағы ақырдың ішінен табылады. Түнде әкем баздан онымен өгізіне салатын шөп буып әкелген. Ақырдың ішінде шөпті шешкен кезде ұмыт қалдырған.

Қыстыгүні әкем аяғына қолдан басқан добалдай пима киеді. Галошсыз. Екі аяқтағы пиманың түрі екі басқа; бірінің басы бақаның басына, екіншісінің басы бұзаудың басына ұқсайды. Ол тәрізді пимаға тұра келетін галош дүниеде әлі жасалмаған болуға керек.

Пималардың ішіне әкем құрым киізден ұлтарақ салады. Осы үйде іске алғысыз ескі-құсқы шүберек қан­ша болса, соның бәрін шұлғау етіп оранады.

Кешқұрым ол бүйірі шұрық-тесік қаңылтыр пешке­ отты толтырып жағады да, күні бойы сусіңді болған шом­бал пималарды шешіп, жайып жатады. Ең ішкі орамына дейін су өткен сарала шұлғаулар, ұлтарақтар самсап түгел жайылған кезде қайнаған қазанның буын­дай бу көтеріледі. Кісі қақалғандай қоңырсық жаман иіс үйдің ішіне толып кетеді. Жер төсекте пешке арқасын қыздырып тыныстап жатқан ауру шешем сол кезде үстіне от түскендей басын көтеріп алады:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий