Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әбден әлсіреген Бэк құр сүлдерін сүйретіп шанаға жеткені сол, оның осы дәрменсіздігін пайдалана қойған Шпиц арс етіп, азулай жөнелді. Ол Франсуа жүгіріп жеткенше Бэкті екі жерден оңдырмай қауып та үлгерген. Шпицтің төбе тұсынан бишік ысқырып келіп жөн арқасын осып өтті. Бұндай соққыны жегімдегі бірде-бір ит жеп көрмеген-ді, Бэк бұған іштей риза боп қалды.

— Мына Шпиц дегенің бір жын ғой! — деді Перро. — Бір күні бұл Бэкті жайратып салмасына кім кепіл!

— Оқасы жоқ, Бэктің ішінде бір емес, екі жын отыр! — деді Франсуа.

— Мен оны байқағалы қашан! Бұл жөнінде саған мынаны айтам: күндердің бір күнінде ол әбден тағыланып алады да, сенің Шпиціңді екі шайнап бір түкіретін болады. Көр де тұр!

Сол сәттен бастап Бэк пен Шпицтің арасында ашық майдан басталды. Бүкіл жегімнің көсемі де көшбасышысы ретінде әлдеқашан мойындалған Шпиц осынау таңғажайып оңтүстіктік иттің өзіне бақталас екенін енді анық аңғарған. Бэктің таңғажайып көрінетін себебі, Шпиц бұған дейін қаншама оңтүстіктік иттерді кездестірсе де, олардың ешқайсысының дәл осындай жергілікті иттермен тайталасқанын көрген емес-ті. Сол күнгейлік келімсектердің бөрі өтe әлжуаз келетіндіктен не ауыр жұмысқа, ие суыққа, не аштыққа шыдай алмай, кез келген сәтте қылжия салатын. Бэк олардың бірде-біріне ұқсамайтын, бәріне төзіп, жаңа тіршілікке бейімделіп, теріскейлік иттерден күш жағынан да, шыдамдылық пен батылдық тұрғысынан да еш қалыспай шыңдала түскен. Оның үстіне өте өр еді, ал анау қызыл кеудешелі адамның ауыр таяғы талай намазды үйреткенмен оны бірақ бұрынғыдан да қатерлі дұшпанға атталдырған-ды. Ол өте айлакер-тін, сондықтан көсемдікке ұмтылғанда тек аңдарға тән мінезбен ыңғайлы сәтті зор төзіммен күтуге дағдыланған.

Басымдық үшін бір шайқастың болатыны анық еді, Бэктің тілегені де сол-тын. Оған құмарту себебі - болмысы сондай еді және жегімдегі иттерді соңғы демі біткенше жолдап шықпауға итермелейтін, ал егер қатардан алып тастаса құсадан өлтіретін өрлік қасиет бұған да жат емес-тi. Дейвтің де сондай асқақтық мінезі белгі бере бастаған, өзін ортаңғы орынға жеккенде ол барлық күшін салып Соллексті шана сүйреуге мәжбүр еткен. Сөйтіп жолға шыққан кездері барлық иттерге дем беріп, тауыс та тартыншақ хайуандарды дүр сілкінтіп, шалдықпайтын еңбексүйгіштікке айналдыратын. Мұндай өрлік иттерді күні бойы cap желдіріп отыратын еді де, кешке аялдар тұста бейберекет мазасыздық пен қияңқылыққа орын ұсынатын. Көсем ІІІпиц сүріншектеп, жетек бауға оратылатын немесе таңертең жегетін кезде тығыла бастайтын иттерді дәл осындай кәнігі өркеуделікпен қабатын-ды. Ол Бэкті өз орнына көсем сайлап қоя ма деген асқақ пиғылдан да сескенген болатын, ал Бэк расында да көшбасылықты көксеген.

Рас. Бэк бұдан былай көсемдікке ашықтан-ашық ұмтылды. Ол Шпиц жазалағысы келіп тұратын жалқауларға жақынырақ тұрып алып, жанжал шыққан кезде әдемі екі ортаға қыстырыла кетуді шығарды. Әлдебір түнде қар жапалақтап көп жауған, ал таңертеңіне жалқау да қулау Пайк шанаға келмей қалды. Өзі қар астынан терең етіп қазып алған ініне тығылып жатып алыпты, Франсуа оны әуреленіп көп іздеп, дауыстап шақырумен болған. Шпиц жынданып кете жаздады. Ол әрбір күдікті орынды тіміскілей қопарыстырып стан арасын шарқ ұрып ұзақ жортқан, ал оның ызалы ырылын апанында жатып естіген Пайк қорыққаннан діріл қағып кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий