Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бэк осынау алып ақ төбеттің желкесінен ала кетпек болып ұзақ әуреленді. Ашық тұсқа аранын салса болды, Шпицтің азуына кезігеді. Тістері тістеріне соғысқан екі иттің тұмсықтары қанға боялды, бірақ Бэкке сақ қарсыласып алдап соғудың ыңғайы келмеді. Ыза буған ол енді бас-көзге қарамай Шпицті шабуылдың астына алуға ұмтылған. Тіршілік қаны бүлкілдей соққан ақшақардай ақ тамаққа қайта-қайта жармаспақ болады, әйткенмен әрбір жолы ауызды өзіне салған Шпиц тайқып кете береді. Бэк енді өзге тәсілге көшкен: Шпицті кеңірдектен ала кетпекші түр танытады да, сосын басын кейін серпе бұлғарып, Шпицті құлатып түсіру үшін иықпен соғады. Бірақ тағы да өзін қауып үлгерген Шпиц бір жағына қарай жеңіл ырғып түседі.

Шпиц әлі сап-сау еді, ал Бэктің тұла бойы қан жуып кеткен, зорға тыныстап жүр. Шайқас біртіндеп ширыға түсті. Айнала қоршаған иттер екеуінің бірі құлап, сосын өздері жеңілгенін жеп қоятын сәтті тағатсыз күтіп, демдерін ішіне тартысып тұр. Бэктің ентіге түскенін байқаған Шпиц қорғаныстан шабуылға көшіп, дамыл таптырмауға айналды. Бэк біраздан соң тәлтіректей бастаған. Тіпті бір мезет құлап та қалды — сол сәтте алпыс ит орындарынан атып-атып тұрды. Алайда Бэк бір-ақ ырғып тез көтерілді де, әлгінде дүркірей тұрған иттер қайтадан тына қалды.

Бэкте көп мақұлықта кездесе бермейтін ғажап бір қасиет бар-тын: ол — сәтінде адамды да, аңды да құдіретті ететін — ой ұшқырлығы еді. Арпалыста түйсікке бағынатын-ды, әйткенмен миы да жұмысын тоқтатқан емес. Ол жауына бұрынғы иықпен соқпақшы әдісті қанталамақ түрмен тағы ұмтылды да, соңғы сәтте жерге жата кетіп Шпицтің алдыңғы сол жақ аяғына жармасты. Сынған сүйек күтір ете түсті — ақшулан төбет енді үш аяқтап қалған. Бэк қарсыласын құлату үшін үш мәрте әрекеттенді, одан әлгі тәсілін тағы қайталап, оның алдыңғы оң жақ аяғын шайнап тастады.

Жаны көзіне көрініп дәрменсіз халге түскен Шпиц жығылмауға күш салып бақты. Ол үн-түнсіз қоршаған иттердің жарқыраған көздерін, көзді сосын салақтаған тілдері мен демдерінен ауаға көтерілген күміс буды байқады. Сыртындағы шеңбер біртіндеп тарыла түскен-ді,ал бұл шайқаста жеңіліс табушыны қысатын мұндай қоршауды талай көрген. Бұл жолғы тізе бүгуші өзі еді.

Оның тағдыры шешілген-ді. Бэк аяған жоқ. Жұмсақтық көрсететін жер бұл емес екенін білген. Артынша ол шешуші соққыға дайындалды. Иттердің тақала түскені сонша, қос бүйіріне жақындаған жылы демді аңдаған. Шпицтің сыртынан көздері жайнап оның әрбір қимылын баға, бас салуға ыңғайланып жер бауырлағандарды көрді. Бір сәт тыныштық орнаған. Бүкіл ит орын-орнында тасқа айналғандай қатыпты да қалыпты. Тек Шпиц қана қалшылдай шатқаяқтап, төне түскен ажалды үркіткісі келгендей айбарлана ырылдап жүр. Бірақ осы сәтте оған Бэк те ыршып үлгерді, — сөйтті де кері қарғып түскен. Бұл жолғы нықпен жасалған соққы өз дегенін істеген еді.

Шпиц құлады. Иттердің қара құрым шеңбері ай жарығына шағылысқан қар бетінде бір нүктеге шоғарланды да, Шпиц жоқ болып кетті. Ал Бэк сонадай жерде жеңімпаз ретінде асқақ қарап тұрды. Бұл жауының көзін жойып, сонысына іштей риза болып тұрған елти рақаттанған нағыз жабайы жыртқыштың келбеті еді.

АҚТЫҚ ШАЙҚАСТА ЖЕҢГЕН КІМ?

Келесі күні Шпицтің ұшты-күйлі көрінбей кеткенін, ал Бэктің оңбай жараланғанын байқаған Франсуа жанындағы жолсерігіне: — ал не деп едім мен? Мына Бэктің ішінде бір емес екі жынның барын айтпап па едім саған! — деп лепірген. Сосын ол Бэкті алаудың қасына жетелеп әкелді де, оның бүйірі мен арқасын оттың жарығына тосып еді.

— Әлгі Шпиц тура тағы жыртқыштарша шайқасқан ғой, — деп тамсанды Перро ырсиған жараларын көрсетіп.

— Ал Бэк екі жыртқышқа тең! — деп қарсыласты Франсуа. — Енді жағдай оңала бастайды. Шпиц кетті, талас-тартыс та бітті дей бер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий