Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Перро шаналарға керек-жарақтың бәрін тиеп болғанша айдаушы иттерді жегумен жүрді. Бэк ылғи Шпиц жегілетін көсемнің орнына келіп тұрған. Бұған ешбір назар аудармаған Франсуа осынау аса қалаулы орынға Соллексті әкеліп орналастырды. Бірақ Соллекске ызалана тап берген Бэк оны ығыстырып жіберіп Шпицтің орнына қайта тұрды.

— Ой, сұмдық-ай! — деп Франсуа екі алақанымен қос бүйірін сарт еткізді: — Бұл не деген пәле-ей, а! Шпицті шайнап тастап енді өзі көсем болмақшы.

— Бар кет, оңбаған! — деп жекіді ол Бэкке. Бірақ анау түк болмағандай тұра берген.

Франсуа оның жұлқына ырылдағанына да қарамастан былай ысырып тастап, көсемнің орнына Соллексті қайтадан әкелді. Бірақ қарадай тартыншақтай берген. Бұнысы Бэктен қарыққаны еді. Бірбеткей Франсуа да өз дегенінен қайтпаған, әйтсе де ол сәл бұрылған сәтте-ақ Бэк Соллексті жанынан ығыстырып жіберді. Бұған ол қуана-қуана келіскендей еді.

Осы кезде қатты ашуға мінген Франсуа:

— Қазір көрсетейін саған! — деп айқай салған да, жүгіріп жөнеліп барып ұзын таяқ алып келген.

Бэк қызыл свитерлі адамды есіне түсіріп, ақырындап кейін шегінді. Енді ол қайтадан алдыға шығарған Соллекспен жағаласа кетуге ұмтылған жоқ. Әйтсе де таяқ басы жетпейтіндей ғана жерден әрі ұзай да қоймады. Франсуа оны өзіне сілтей қалған жағдайда тайқып үлгеретіндей аралықты ұстап, бір жақ көз қиығымен айдаушының әр қимылын қалт жібермей баққан күйі ол алға қарай үлкектеді де отырды. Өз ісімен жүрген айдаушы Бэкті Дэйвтің алдындағы ескі орнына жегетін кезегі келгенде ғана дауыстап шақырған. Бэк бірнеше қадам кейін шегінді. Франсуа таяна түскенде, ол тағы қашқалақтаған. Бұл көрініс бірнеше мәрте қайталанған соң Франсуа Бэк осыдан сескеніп түр екен деп таяғын тастай салды. Бірақ мәселе таяқта емес-ті — Бэктің ашықтан-ашық мінез көрсетіп көздегені — көсемнің орны еді. Расында бұл орынға орналасуға ол әбден құқылы-тын және одан төмен жерге тұрғысы келмейтінін де аңдатқан-ды.

Франсуаға жәрдемдесу үшін Перро да жетті. Олар екеулеп таяқтай жүріп Бэкті жөнге салуға бір сағаттай әуреленген, бірақ ырыққа көндіру мүмкін болмады.

Әлгілер оны әке-шешеден бастап жетпіс жеті атасына, одан өмірге әлі келмеген келешек ұрпақтарына дейін, терісіндегі әрбір қылшық пен тамырындағы түйір тамшы қапға дейін түк қалдырмай сыбап шықты. Бэк болса бұл балағатқа жауапты ырылмен қайтарып, жанына маңайлатпай қойған. Ол өз тілегін табанда орындатуға тырысқан жоқ, дегенмен адамдарға ниеті орындалса қайтадан жуаситынын анық аңдатып, стан ішін айналып жүріп алды.

Франсуа ақыр аяғында қарға отыра кегіп желкесін қаси бастады. Перро сағатына қарағыштап боқтанып жүр. Уақыт өтіп барады, ал бұлар осыдан бір сағат бұрын жүріп кетуге тиіс еді. Басын шайқап, желкесін тағы қасыған Франсуа шабарманға абыржыған түрмен ыржия қараған. Анау жауап орнына жеңілгендерін мойындағандай иығын қушитты.

Сол сәтте Франсуа Соллекстің жанына келді де, дауыстап Бэкті шақырды. Бэк өзіндік мәнермен, иттерше күлді. — сөйтсе де сонадай жерден тақала қоймады. Франсуа Соллексті босатып алып, оны өзінің бұрынғы орнына жеккеп. Бір мезетте тізбекке тұрғызылған бүкіл жегім сақадай сай тұрды. Бэкке енді ең алдыдағы көсемнің орнынан өзге бос орын қалмаған. Франсуа қайта шақырғанда Бэк тағы да итше күлді, бірақ шақырған үнге құла аспады.

— Тасташы таяғыңды! — деп Перро айқай салды.

Франсуа оның айтқанын орындаған сәтте ғана маңғаздана басқан Бэк жегімнің ең басына келіп тұрды. Оған қайыс тартпалар тағылып, болып, шаналар күртін қарға түскен соң жегім бірден заулап өзен бегіне шыққан. Іле-шала бұлардың соңдарынан аяқтарына шаңғы ілген жарау жігіттер ілесігі еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий