Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұның ішінде екі бірдей жын отыр деп әспеттейтін Франсуа Бэк туралы бұрын да жоғары пікірде еді, алайда арада бір күн өтпей жатып бұл иттің күшін кемдеу бағалап жүргеніне көз жеткізген-ді. Бэк көсем міндетін атқаруға кіріскен бойда-ақ ақылымен, күшімен, алғыр да ұшқырлығымен Франсуа көріп жүрген иттердің қай-қайсысынан да асып түскен.

Әйткенмен оның ең бір керемет қасиеті сол өзгелерді өзіне өте жылдам бағындырып ала қоюшы еді. Ол көп өтпей-ақ жегімдегі барлық иттерді өз дегеніне жүргізді. Дэйв пен Соллекс жаңа көсемге еш қарсылық көрсеткен жоқ. Олардың бар білетіні аянбай еңбек етіп, еңбектеніп, күні бойы тыртыңдап шана сүйреу болатын, өздеріне ешкім кедергі келтірмесе олар бәріне көнуге даяр еді.

Көсем орнына Биллиді қойса да бәрібір, тек тәртіп сақтаса болғаны! Алайда соңғы кездері босаңсып кеткен өзге иттер Бэктің тәртіпке шақырған қаталдығына қатты таңданған. Жегімде Бэктен кейін орналасқан жалқау Пайк бұрын жетек қайысты орташа күшпен ғана тартатын-ды: әйтеуір қандай жағдайда да қиналып көрген емес. Бірақ Бэк бұған жиі-жиі дем беріп тартпақтауға кіріскен, сондықтан Пайк алғашқы күннен бастап-ақ ғұмырында тұңғыш рет құлшына араласуға мәжбүр болды. Ал қай уақытта да көңілсіздеу жүретін Джо бірінші кеште-ақ аялдамада жақсылап тұрып сазайын тартты — мұндайды тіпті Шпиц те ешқашан жасай алмаған. Бэк анау кешірім сұрап жалбарынғандай — қыңсылап, қарсылық білдіруді доғарғанша оған бар салмағымен қисая жатып алып, әбден қинады.

Сөйтіп бүкіл жегімнің жұмысы бірден жақсарып сала берген. Қозғалыстың баяғы ырғағы қалпына келіп, барлық иттер жетекті бір күшке біріккендей жақсы тартуға кірісті. Перро Ринк Рэпиде атты кейін табалдырығына кіре берісте Тика және Куна деген есімді екі канадалық итті тағы алды. Бэктің оларды қолма-қол үйретіп алғаны сондай, Франсуаның аң-таң болмасқа шарасы қалмаған.

— Дәл Бэктей төбетті күндіз шам жағып іздеп таба алмайсың! — деп түйді ол — Мұндай ит үшін мың доллар берсең де артық емес. Құдай ақы! Қарсылығың бар ма осыған, Перро?

Перро келіскен. Ол шабарман ретінде осы уақытқа дейін жылдамдық арттырудың рекордын жасап, оны күнбе-күн үдетіп отыруды дағды қылған. Қатқақ, әрі әбден тапталған жол сондай жақсы еді, жүрісті бөгейтіндей жаңа жауған борпылдақ, көбік қар жоқ. Оның үстіне күн де бәлендей суық емес. Нөлден төмен елу градусқа түскен температура ұдайы осы қалыпта тұрды. Перро мен Франсуа шана мен шаңғыға алма-кезек ауысады, шоқырақ шабысқа түсіп алған иттер анда-санда ғана дамыл табады.

Отыз мильдік өзенді әлдеқашан қалың мұз көмкергендіктен бұлар Доусонға дейін он күн жүрген ұзақ жолды енді бір-ақ күнде зымырап өте шықты. Бұдан соң Ле-Барж көлінен Ақбоз Ат аузына дейінгі алпыс миль аралықты ешбір аялдамастан және артқа тастап үлгерді. Иттердің Марш, Тагиш, Беннет көлдері арқылы (жетпіс миль) заулатқаны соншалықты, бұған дейін шаңғымен тырпылдап келе жатқан екі еркектің бірі шана енді артына тағылған арқаннан ұстап алып, сынаптан сырғыды да отырды. Ақырында бұлар екінші аптаның соңғы кешінде Ақ асу арқылы аңқылдата сілтеп келіп, Скагуэя іргесінде кеме оттары жарқырап тұрған теңізге қарай құлдилай құлап еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий