Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Автор. Жолмұхамед Бозжанов қаза болғаннан кейін оның Алматыдағы туған ағасы Нұрмұхамед Бозжановтың үйіне әскери бөлімнен мынадай қазанама қағаз келіпті. Тыңдайсыз ба?

Бауыржан. Құлағым сенде.

Автор. Қағазы тозыңқырап қалыпты, бірақ ешбір жері өшпеген. Онда былай деп жазылған:

ҚАЗАНАМА

Социалистік Отанымыз үшін неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарда, 1941 жылы 6 декабрьде, өрімдей жас, жайраң қаққан жалынды азамат, Коммунистік партия мен қазақ халқының адал ұлы, командир әм саяси қызметкер, гвардияшы Жолмұхамед Бозжанов жолдас ер өлімімен қаза тапты.

Жолмұхамед Бозжанов жолдас ақ финдерге қарсы ұрыстарда қатынасып, «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, содан кейін Лениншіл Қазақстан комсомолында жауапты қызмет атқарды. Содан бізге ротаның саяси жетекшісі болып келді.

Фашистермен кескілескен қанды айқасқа кірген күннен бастап, ақтық демі біткенше Бозжанов жолдас күн сайын, сағат сайын большевиктік ерліктің, коммунистік адамгершіліктің, азаматтықтың үлгі-өнегесін үздіксіз көрсетіп отырды. Сол себептен де бөлімшенің жауынгерлері мен командирлері оны жанындай жақсы көрді.

Ұрыстың қиын-қыстау кездерінде мен оны сан рет ең жауапты жерлерге жұмсадым, ең ауыр міндеттерді сенгендіктен соның иығына арттым. Талай-талай қиын тапсырмаларды ол ойдағыдай орындап келіп еді. Сондықтан да мен оны өзімнің көзсіз батырым деуші едім.

Бозжанов жолдас тәрбиеші саяси жетекші қасиеті мен қаһарман командир қабілетін мүлтіксіз ұштастыра білді. Ол ерлікті ерекше дәріптеп, қорқақтар мен үрейшілерді жан-тәнімен жек көрді. Сәбидей ақ көңілділік, командирлік қаталдық, большевиктік адалдық Бозжановтың бойынан бар жарасымын тауып үйлескен еді. Ол ротаны басқарды, одан соң батальон командирінің орынбасары болды. Оған үлкен сенім білдіріліп, соңғы уақытта полк партбюросының секретары болып жоғарылатылды.

Ұрыстарда көрсеткен батырлық, ерлігі үшін майдан командованиесі оны үкімет наградасына ұсынған болатын.

Осындай асыл жүрек тоқтады, алтын бас ойлаудан қалды, тостағандай қара көздер мәңгіге жұмылды, азаматтың үнемі күлімдеп тұратын қызғылт ерні қозғалмастан тас боп қалды дегенге сенгім келмейді. Бірақ, сенбесіме амал жоқ, бұл қасіретті жағдайды мен өз көзіммен көріп тұрмын. Мұның орны толмас қаза екенін ойлағанда көкірегім қарыс айрылып, жүрегім тулап, қан жылайды.

Жауынгер дос, гвардияшы жолдас, батыр политрук-командир Жолмұхамед Бозжанов енді біздің қасымызда жоқ. Бірақ оның есімі, Отан соғысының ері есебінде қарулас гвардияшы достарының жүрегінде, совет халқының есінде мәңгіге сақталады.

Егер мен жауды түпкілікті жеңетін бақытты күнге жетіп, Отанға аман-сау оралатын болсам, онда мен сенің атыңды өлеңге қосу үшін ұлы Жамбылға айтып барамын. Онда сенің ерлігіңді дастан етіп жазу үшін талантты жас жазушыларға баяндап беремін, Жолтай!

Қош бол, арыстаным, ардақты батырым менің!

Жолмұхамед Бозжанов жолдастың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын.

Жылаңыздар, жолдастар. Жылай тұрып, Жолмұхамед батыр біздің досымыз, туысымыз, жақынымыз болған деп мақтан да етейік.

Полк командирінің орынбасары

капитан Б. Момышұлы,

8. XII — 1941 жыл».

Бауыржан. Әй, сен мұны қайдан тауып алдың?

Автор. Жолмұхамедтің ағасы Нұрмұхамед Бозжановтың үйінен.

Бауыржан. «Фашистің бетін ғана емес, бөксесін де көрдім... Шегінбей, шабуылға шығып өлдім. Арманым жоқ, аға» деді ол өлерінің алдында менің қолымды ұстап жатып. Панфиловтың өлгенін көріп, өз қолыммен қоймағандықтан көпке дейін оны жолаушы кеткен кісідей көріп жүрдім. Жолтайдың өлімі өзегімізді одан сайын өртеп кетті...

Автор. Жолтайдың соңғы айтқаны «Арманым жоқ аға» деген сөздер болды дейсіз бе?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий