Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Талғат Бигелдинов бұрынғы Ақмола қаласының іргесіндегі Майбалық аулында туып өсті. Кейін ата-анасымен бірге Қырғызстан астанасы Фрунзе қаласына көшіп келді. Қаршадайынан ұшқыш болуды армандады. Ол үшін алдымен аэроклубта оқу керек еді. Алғашында оны жасың он алтыға толмапты деп қайтарып жіберді. Талғат он алтыға толғанша асықты. Он алтыға толған күні салып ұрып, аэропорт бастығына тағы келді. Енді оған:

— Бойың аласа екен, ұшқыш болуға жарамайсың, — деді.

— Жараймын, —деді ол ызаланып — ұзындардан кем ұшқыш болмаймын, ағатай.

Қайсар Талғат аэроклуб бастығының табалдырығын тоздырып, «ағатайлап» жүріп, сегізінші класқа келгенде аэроклубқа алынды. Оны ойдағыдай бітірді. Самолетті өзі басқарып ұша алатын болды. Орта мектепті бітіргеннен кейін Талғат енді нағыз әскери ұшқыш болуды алдына мақсат етіп қойды.

Ол алдымен Саратовтағы әскери ұшқыштар мектебін бітірді. Онда барлаушы самолеттерді үйренді. «Өнерді үйрен де, жирен» деген бар емес пе. Енді оның басқа машиналарды білгісі келді. Осы оймен Орынбор училищесіне түсті. Онда истребительде, штурмовикте ұшып дағдыланды. Талғаттың көңілі штурмовик болуды қалады. Сөйтіп ол ұшқыш-штурмовик болып, майданға аттанды.

Талғаттың Калинин, Воронеж, Дала, 1-ші және 2-ші Украин майдандарында жасаған ерліктері орасан көп. Ол кеште маған қазақтың қос батыры өз басынан кешкен сегіз ерлігін баяндап берген еді. Жаңа Баукең Талғатты білуші ме едің дегенде, алдымен есіме түскен оның сегіз ерлігінің бірі мынау еді.

Көзге қорашқа көңіл көншімейді. Ежелден солай. Майдандағы штурмшы авиация полкына келген тәпелтек сержант Бигелдиновты эскадрилья командирлерінің ешқайсысы өзіне алғысы келмеді. Талғат әр командирдің бетіне жаутаңдай қарап, жалынғандай болды. Ақыры адамы толмай қалған бір эскадрильяның командирі оны еріксіз қабылдауға мәжбүр болды.

— Сержант, — деді командир Бигелдиновқа қабағын шытып, — менде ұшқыштар ұнатпайтын он үшінші номерлі машина бар. Соған мінетін болсаң ғана сені қабылдаймын.

— Мінемін! — деді Талғат жігерлі түрде. — Ұшқыштар одан он үш саны — «шайтан дожынасы» деп қашатын шығар. Қазақтар шайтаннан қорықпайды. Халық аңызының қаһарманы Алдар Көсе шайтанды астына ат етіп мінген...

— Сен өйтіп батырсынба, — деді командир Талғаттың бойын көзімен қайтадан бір шолып өтіп. — Талай ер жігіттер ол самолеттен сәтсіздікке ұшыраған.

— Өз жанымды олардан артық деп есептемеймін! — деді Талғат.

VI

Он үшінші номерлі штурмовикпен Талғат тапсырма орындай бастады. Бірнеше жауынгерлік сапар сәтті аяқталды. Бір күні Талғаттар «Демьян қапшығына» түскен жау шебін ойсырата бомбалап, өз аэродромына қайтып келе жатты. Жолда оларға жаудың бірнеше истребителі тап берді. Совет штурмовиктері жан сауғалап, жер бауырлай ұшуға мәжбүр болды.

Бір истребитель Бигелдиновтың соңынан түсті. Пулеметтен бытырлатып атып келеді. Штурмовиктің жан-жағы жау оғынан шұрқ-шұрқ болды. Оған қарай совет самолетінен оқ атылмады. Осыған қарап жау ұшқышы штурмовикте атқыш-радист жоқ екенін білді де, енді мен мұны жетектеп әкетейін деп ойлады: Талғаттың самолетімен қатарласа беріп ол: «Кері бұрыл, менің алдыма түс!» дегендей ым жасады. Бұл бұйрығымды қалайда орындайсың дегендей, ыржиып күлген болды. Талғат басын шайқап, сұқ саусағын алға созды. Бұл оның: керек болса өзің түс, мен сенің алдыңа түсе алмаймын, — дегені еді.

Фашист ұшқыш қатуланып, машинасын кері бұра бастады. Самолеттің шапшаңдығын тежеу үшін салақтатып доңғалағын шығарып жіберді. Сөйтіп ол Талғаттың артынан келіп, асықпай жәукемдемекші болды. Талғат осы кезде штурмовикті шұғыл бұрып, бүйірден кері қарай өтіп бара жатқан истребительді нысанаға алып, оқты төгіп-төгіп жіберді. Жау истребителінен бұрқ етіп қара түтін будақтады. Сол түтінді шұбатып барып, ол біздің жерге қонды. Талғат қатты зақымданған самолетін әрең басқарып, аэродромға қарай тартты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий