Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан. Білемін. Ал сен оның біздің әскерлер Берлинге тақағанда жападан-жалғыз Берлинге ұшып барғанын білесің бе? — «Білемін» десем, тағы бір пәлеге қалармын деп қауіптендім де, «білмеймін» дедім. — Білмесең ол фашистер соғыс бастағаннан кейінгі төрт жыл ішінде Германия астанасына кірген бірінші совет адамы, бірінші қазақ! Талғаттың Берлинге сондағы сапары бірі иіріліп, бірі басын қақшитып аспанға көтеріп, бірі тілін қайраған қанжардай жалақтатып, бықып жатқан ордалы жыланның ордасына жалаңаяқ жүгіріп кіріп, олардың былқылдаған мұздай суық денесін тұла бойың түршіге табаныңмен таптап өте шығумен пара-пар. Бір жылан шағып қалса, шаруаң бітті емес пе? — Бауыржан мұрты тікірейе, бажырайып маған қарады. Мен басымды изедім. Ол орнынан тұрып, этажеркаға қолын созды. — Білмесең мына кітаптың мына жерін оқы қазір! — Бауыржан бетін ашып, қолыма ұстатқан кітаптың сыртына қарасам, Талғат Бигелдиновтың «Аспандағы айқастар» деген кітабы екен. Бұл кітапты бұрын оқығанмын деп айтуға батылым бармады да, Баукеңнің көрсеткен жерінен бастап, күбірлеп оқи бастадым. — Дауысыңды шығарып оқы! — деді ол қатаң үнмен.

Мен кітаптың 108-бетінін басынан бастап, дауыстап оқуға кірістім.

VII

«Майдан шеті Берлинге жүз алпыс километр қалған. Біздің полк шағын бір қаланың қасына орналасқан-ды. Гитлершілердің бекінісін бұзуға жер бетіндегі әскерлерімізге көмектесіп, біз шабуылға күн сайын ұшып тұрдық.

Бірде таңертең полкқа генерал Рязанов келе қалды. Кешікпей оған мені шақырды. Кіріп келіп баяндадым. Корпус командирі менімен амандасқан соң, «отыр» деді.

— Планшетіңізді көрсетіңізші, — деді генерал.

Планшетімді ашып, картаны көрсеттім. Рязанов қарап отырды да:

— Е, қартаңыз жетпейді екен, — деді.

— Неге жетпейді? Майдан шетінен әрі елу километрге әбден жетеді.

— Жетпей жүрер.

Генерал маған барлай қарады да, полк штабының бастығы подполковник Ивановқа:

— Капитан Бигелдиновтың планшетін алыңыз да, тағы да бір парақ жапсырыңызшы, — деді.

Штаб бастығы бұл бұйрықты орындап болғанға дейін корпус командирі самолеттің жайын, өз көңіл күйімді сұрастырды. Мұның не қажеті бар екен деп түсіне алмай отырмын. Сол екі арада планшетім қолыма тиді де, онда енді Берлиннің картасы пайда болғанын көрдім.

— Луккенвальде жағынан Берлинге барасыз, — деді генерал әр сөзін сараптап, салмақтай сөйлеп. — Қаланың батысында көмір бар. Соны тексеріңіз. Одан әрі — Потсдам. Онда не болып жатқанын көргейсіз. Сонсоң үйге қайтыңыз. Ұшудың биіктігі елу-сексен метрден аспасын. Міндет түсінікті ме?

Міндет түсінікті еді. Мені ойға қалдырып отырған ұшудың өлшеулі биіктігі ғана. Барлауға сан рет шығып жүріп, биіктік туралы ешқашан сөз болған емес-ті. Әдетте жағдайға қарай өзім қалаған биіктікте ұша беретінмін. Енді болса...

— Сізді биіктік жөніндегі нұсқау ғой ойландырып отырған, — деді менің көкейімді тани қойған генерал. — Таңырқамай-ақ қойыңыз. Бұл жолғы сапарыңыз өте қиын болғалы тұрғандықтан ұшуыңызға ең қауіпсіз осы биіктік.

Иә, бұл бір қиын сапар екені рас көрінеді. Жау ордасына жалғыз өзім жүз алпыс километр ұшып баруым керек. Және мұның өзі тапа-тал түсте. Берлинді зенитті артиллерия қызғыштай қорғап тұрғанын өзім жақсы білемін. Әрі түнде, әрі өте жоғары биіктікте ұшқан бомбардировщиктердің де аман қайтқандары кемде-кем.

— Рұқсат етсеңіз, бір өтінішім бар еді, — дедім картаны жиып алған соң генералға қарап.

— Айтыңыз өтінішіңізді.

— Атқышсыз ұшуыма рұқсат етсеңіз.

— Неге?

— Ұшу сапары өте қауіпті. Мен... — деп бөгеліп қалдым, — жолдасымның өміріне қатер төнбесе екен дегендіктен айтып тұрмын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий