Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұрын шабуылды тек истребительдер ғана жасайды. Штурмовиктер олардан жер бауырлай қашып, құтылуға тырысуы керек деп есептелуші еді. Авиацияда қалыптасқан бұл қағиданы Талғат бірінші боп бұзды. Ол штурмовикпен истребительге шабуыл жасады. Жасағанда оны жеңіп, жерге түсірді. Бірақ мұны Талғат ешкімге айтып жатпады. Бұл сапарда бірнеше жауынгер серіктерінен айрылып қайғырып қайтқан ол жаудың бір самолетін құлаттым деп мақтану парықсыздық болар деп білді.

Ертеңіне оны полк командирі шақырды.

— Кеше кешке он үшінші номерлі машинамен тапсырмадан қайтқан сіз бе?

— Мен, — деді Талғат.

— Жолда жау истребителін құлаттыңыз ба?

— Құлаттым.

— Оны неге айтпадыңыз, сержант?

— Олар біздің бес самолетімізді құлатып кетті. Ал мен олардың бір самолетін бүлдірдім деп мақтанғым келмеді, жолдас полковник.

— Сіз қандай жауды құлатқаныңызды білесіз бе?

— Жоқ.

— Ол Европа аспанында жүз сегіз самолет атып түсірген фашистердің ең атақты ұшқыштарының бірі екен.

— Ол жүз сегіз самолет, атып түсіргенімен, менің құлатқаным бір-ақ самолет қой, жолдас полковник.

— Сізге армия қолбасшысының атынан және өз атымнан алғыс жариялаймын.

— Совет Одағына қызмет етемін!..

Міне Талғат айтқан сегіз ерліктің ең алдымен есіме түскені осы еді.

Автор. Бигелдиновпен бір рет әңгімелескенім бар еді, Бауке, — дедім Бауыржан бұрқ еткізіп аузынан түтін шығарған кезде. — Бір блокнот етіп жазып та алғанмын. Ол кезде көзі тірі Совет Одағының Батырларымен әңгімелесіп, олар жайында көркем очерктер жазсам, «Біздің батырларымыз» деген атпен жеке кітап етіп жарияласам деген ойым болушы еді. Кезінде Ұлы Отан соғысына байланысты көптеген кітаптар жинап, оларды оқып та жүрдім. Мәселен, Талғатпен әңгімеден кейін оның майдан қолбасшысы Совет Одағының маршалы И. С. Қоневтың «Майдан қолбасшысының жазбалары» деген кітабын оқып, оның 5-ші әуе армиясының қолбасшысы генерал С. К. Горюнов пен І-ші штурм авиациясы корпусының командирі генерал В. Г. Рязановтың аттары аталған жерлеріне «Б. Т.» деп белгілер соғып отырдым. Бигелдинов қызмет еткен 144-ші штурм авиациясы полкы генерал Рязановтың корпусына қарайтын да, ал ол корпус генерал Горюнов армиясының құрамына кіретін. «Б. Т.» белгісі «Бигелдинов Талғат» дегенім, оның ерлік соқпақтарының сүресін осы тұстардан іздеймін дегенім болатын. Ішінде талай солдаттардың, генералдардың, бір рет батыр атағын алған ерлердің де аттары аталатын Отан соғысының жанды документі бұл тамаша кітаптан Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған Бигелдинов есімін кездестіре алмай, әттеген-ай, ақсақал 1945 жылы Москвада болған Жеңіс парадында өзінің қасында I Украина майданының жеңімпаз туын желбірете көтеріп өткен Талғатты есінен шығарып алған екен-ау, деп алғашында ептеп өкініп те қалғанмын. Бірақ майданда атақты адамдар көп, оның бәрін бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес қой деп, өзімді өзім және жұбатқанмын.

Бірақ мен тірі батырлармен тілдесіп жазсам деген ол кітапты жазбадым. Өйткені уақытында оның жөн екен деген ешкім болмады. Оның керісінше, әркімдер: оларды іздеп әуре болып қайтесің, одан да ойдан алып роман жазбайсың ба десті. Ақыры мен ол ойымнан ажырап қалдым. Айтқанды ғана істеп, айтпағанға аяқ баспау деген әдет біздің жазушыларда да бар ғой. Баспаның жоспарына ілінген нәрсеңді ғана іс етуге дағдыланып алдық емес пе?

Бауыржан. Ол сенің табансыздығың. Ойға алған ісіңді орындаудың қиындығынан қашып, оңай іске ұмтыла берсең оған өзіңнен басқа ешкім де кінәлі емес. Понятно тебе? Онда менің шаруам жоқ.

Бұл сөзді бекер бастаған екенмін деп ойладым да, мен тезірек ол әңгімеден аулақ кетуге тырыстым.

Автор. Талғат ең алғашында Калинин майданында болған екен. Старая Русса мен Демьянскідегі дұшпанды бомбалап, жердегі сіздерге ол көктен көмектескен көрінеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий