Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Команда пунктіне қарай келемін. Генерал Рязанов сонда болатын. Мен ұшып жүрген уақыттың бәрінде де ол радистің қасында отырыпты. Баяндадым. Генерал құшақтап, бетімнен сүйді.

— Саған алғыс айтамын, Бигелдинов, — деді менімен тұңғыш рет «сен» деп сөйлесіп. — Командование атынан алғыс айтамын! Одақтастар авиациясынан күндіз Берлин үстіне алғаш ұшып барған сенің самолетін екеніне мақтануына болады!..

Бауыржан. Жоқ, мұны жалғыз Бигелдинов қана емес, мына біз, біздің болашақ барлық ұрпақтарымыз мақтаныш етеді! Бигелдинов Ұлы Отан соғысында қазақ халқы ерлігінің ең жоғарғы нүктесі! «Еріне қарап елін, тасына қарап тауын таны» деген. Біздің еліміздің ерлігін ерекше танытқан халқымыздың ардагер ұлы ол. Совет Одағында ұлдары екі рет ер атағын алған ұлт кеп емес. Біз сол аздың біріміз! Сенбесең жан-жағындағы көршілес республикаларға көз салып, саусағыңмен санап көр. Ендеше ол — біздің ұлттық мақтанышымыз! Әскери әуе академиясын қазақтан тұңғыш бітірген сұңқарымыз да сол! Мен саған 207 рет ұрысқа кірдім дедім. Бірақ мен неше рет ұрысқа кірсем де, табанымды тіреп жерде жүрмін ғой. Жердің адамға әр бұтасы болысады. Жер — қазсаң қорғаның болып және шыға келеді. Ал Талғат 320 рет әуе жорығына шығып, бес жүз сағаттай аспанда болған. Сол сапарлар кезінде жаудың орасан көп танк, автомашиналарын бомбалап құртып, жүздеген жаяу әскерінің күлін көкке ұшырған. Жау самолетін жәукемдеу штурмовиктердің шаруасы емес, истребительдердің сыбағасы. Ал Талғат штурмовикпен жүріп жаудың жеті самолетін және жер жастандырды. Ал аспанда болған сол бес жүз сағаттың әр секунды, компастың тіліндей қалтылдап, өлім мен өмір сызығының екі шетін кезек жанап, безек қақты емес пе? Сонымен бірге ол екі рет оқ тиіп өртенген самолеттен жерге қарғыды. Бірінде он бес күн бойы жау жайлаған жерде аш жүріп, ағаш кеміріп, аяқтан әл кеткенде төрт тағандап ілгері ұмтылып, ерлікпен өз полкына келіп қосылды. Қоршауда қалған батальон мен жалғыз кісінің арасы жер мен көктей. Көптің аты көп: біріне бірі сүйеу, демеу күш, қуат қой. Жалғыз адамның жағдайы басқаша. Олай болса, нағыз ер деп, ердің де ері деп сол Талғаттарды айтуымыз керек! Кеше, соғыстан бұрын, «Егер соғыс болса, егер жау қаптаса» деп ән айтушы едік қой. Сол сияқты, жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, ертең Отанға қауіп төнсе лек-легімен жауға аттанған қазақтардың ерлік туына есімі ұран болып жазылатын ерлердің бірі Бигелдинов! Ендеше ондай ерді құрметтей білуіміз керек! Бүгінгі батырды қадірлеу ертеңгі ұрпақтың ұранын ардақтау. Понятно тебе, — деп Бауыржан зірк етіп сөзін аяқтады.

VIII

Бауыржанның әйелі тағы да есік ашып, ішке кірді. Біздің әңгімемізге бөгет болғысы келмегендей, аяғының ұшымен басып келді де, Баукеңнің қасына бір буда газет әкеп тастап, қайтадан шығып кетті. Тегі бүгінгі почта болуы керек. Ең үстінде жатқан «Правдаға» көзім түсті де, Баукеңнің «Правда» редакциясында болып, жарты сағат сөз сөйлегені есіме түсті.

Бірде біздің жазушыларымыздың бірі Латвиядан қайтып келе жатып, Москваға соғады. «Бухарест» қонақ үйінен орын таба алмай тұрған оған сонда жатқан Момышұлы кездеседі.

— Жеңгең ауруханада еді. Қысылып тұрсаң менің номеріме жайғасып, оның орнына жат, — дейді Баукең.

Бұл февральдің орта тұсы болса керек. Жазушы Бауыржанның қасында он шақты күн жатып, одан көп әңгімелер естиді.

22 февраль күні таңертең телефон шылдырайды. Баукеңнің қасындағы қоңсы жазушы трубканы көтерсе:

— Бұл «Правда» редакциясынан ғой. Бізге Момышұлы жолдас керек еді, — деп ар жақтан жұмсақ үнді ер адам үн қатады. Ол трубканы Бауыржанға береді.

Баукең трубканы алып тыңдап тұрады да: «Қашан, қай сағатқа, қанша минутқа?» деген екі-үш сұрақ қояды да: «Правдашылар үшін оны істеуге болады, Паша» деп трубканы жабады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий