Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

14. Немістер біздің дивизияны «тағы дивизия» деп атайтын көрінеді. Ол біздің адамдарымыздың тағылығынан емес, олардың тағыларды таяқтай білетіндігінен болса керек.

— Бұл генералдың өз қызы Валентина Панфиловамен ең соңғы кезде айтқан әңгімесінен.

15. Жауға жақын тұрсаң, оның жанын шығарасың. Алысқа көз жеткенмен, қол жетпейді. Жауды көз көргенімен, қол ғана тұншықтыра алады. Ендеше командир мен штаб бастығы артта емес, алда, ұрыстың ұрымтал жерінде отыруы керек. Сонда ғана көз жеткенге қол да жететін болады.

— Бұл генералдың дивизия штабының бастығы полковник Серебряковке штабты жау оғының астында тұрған Гусеново селосынан кейін көшіру туралы ұсынысына айтқан жауабы.

16. Гвардияшы болу — киын іс; совет гвардияшылары қиындықтың бәрін де жеңеді! Жеңіске жол ашады! Жеңісті қолымен жасайды! Совет гвардиясы атағын алу, совет гвардияшыларын басқару — аса зор абырой!

— Бұл 1941 жылы 18 ноябрьде «Правданың» әскери тілшісі Михаил Калашников генералдың Гусеноводағы штабын іздеп келіп, «Правда» газетінің 316-шы дивизияға 8-ші гвардиялық дивизия атағы берілгені және оның жауынгерлік Қызыл Ту орденымен наградталғаны туралы Указ басылған номерін әкеп бергенде айтқаны.

17. Өлді деген осы!..

— Бұл генерал Панфиловтың өлер алдындағы соңғы сөзі. Иван Васильевич қырық бірінші жылы 18 ноябрьде Гусеново селосында оққа ұшты. Бірақ ол өмірін немістерге арзанға берген жоқ. Панфиловтың көзінің тірі кезінде оның дивизиясы жаудың 30 000 солдатын өлтіріп, 170 танкін өртеген болатын. Генерал Панфиловтың жаудан ала жатқан «жастығы», міне, осындай болатын!

Осы кезде залдағы журналистер тағы да ду қол соқты. Қол соғу тоқталғаннан кейін мен былай деп сөзімді аяқтадым:

— Генерал Панфиловтың бұл ақыл, нақыл сөздері — біздің дивизияның тарихы. Әңгімемнің соңында менің сіздерге ол кісінің тағы бір сөзін айтқым келіп тұр.

Бірде Панфилов санбаттың аспазы Сергеев деген солдатқа былай деген еді:

— Аш солдатты маса да сүзіп құлатып кетеді. Адамдарды аш қылмай, уақытында ауқаттандыру — аспаздың ең ұлы ерлігі!

Генерал айтқандай, маса сүзіп құлатып кетпеуі үшін, менің сіздерді түскі тамаққа босатқым келіп тұр. Тыңдағандарыңызға рақмет.

Жұрт тағы да күліп, қол соғып жатты. Мені алғашында правдашыларға таныстырып, сөз берген Павел Кузнецов журналистер атынан рақмет айтты. Мен ешқайда бұрылмастан редакциядан шықтым да, есік алдында әзір тұрған машинаға мініп, қонақ үйге келдім.

Х

Автор. Генералдың өзіңіз тікелей естіген ғибрат сөздерінен айтпаған екенсіз ғой.

Бауыржан. Генералдың біздің батальонның окоптарын аралағандағы бір сөзін айтайын деп едім, айтпадым. Өйткені правдашыларды да аяу керек қой. Оларға түскі демалысқа берілгені бір сағат қана уақыт. Оның жартысын мен жеп қойдым.

Автор. Біздің батальон Лама өзенінің жағасында тұрған кезде генерал келіп, шебімізді, бекініс орындарымызды өз көзімен көріп қайтты. Ұзын ордың ішінде біреулер темекі тартып, біреулер хат жазып, енді біреулер мылтықтарын тазалап отыр екен. Генерал келгенде бәрі де орындарынан ұшып тұрды. Бір жауынгер мылтығын тазалап болып, енді ғана затворын орнына салғалы жатыр екен. Генералды көргенде сасқалақтап қалған ол орнынан тұра бергенде затворын қолынан түсіріп алды.

— Халдарыңыз қалай, балаларым, — деді генерал жігіттермен сәлемдескеннен кейін. — Жауды қарсы алуға әзірсіздер ме?

— Әзірміз.

— Дайынбыз, жолдас генерал.

Генерал жаңағы затворын жерге түсіріп алған жауынгердің жанына келді.

— Сіз генералды көргенде сонша сасқалақтадыңыз, ал жау кеп қалғанда қайтесіз? — деді ол жауынгерге жұмсақ үнмен.

— Сасқалақтағаным — генералымды сыйлағаным, генералды сыйласам — жаудан жасқанбағаным ғой, жолдас генерал, — деп жауап берді солдат.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий