Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бауыржан. Иә. Бірақ жас адамда арман болмаушы ма еді? Онысы тек менің көңіліме қаяу түсірмейін дегені ғой. Сүйген қызы бар еді, қосыла алмай кетті. Артында ұрпақ қалмады. Одан артық арман бола ма?

Автор. Сүйген қызының аты Ақлима екен. Жолтай екеуінің соғыс басталар алдында қатар отырып түскен суретін де көрдім. Бірақ қазанама келгеннен кейін Ақлима Жолтайдың күйігіне шыдамай, құса болып өліпті.

Бауыржан. А, солай ма? Жолтай: «Аға, мынау Сіздің келініңіз болады. Соғыс біткеннен кейін осы кісінің қолынан шай ішетін боласыз» деп ол суретті маған да көрсеткені бар еді.

Автор. Сіз қазанамада Жолтайды майдан командованиесі үкімет наградасына ұсынды деп жазған екенсіз. Сол ұсыныс бойынша оған Ленин ордені беріліпті.

Бауыржан. Білемін.

Автор. Сол қырық бірінші жылы 8 декабрьде айтқан уәдеңізді орындапсыз, Бауке. Жолтайдың да атын «Москва үшін шайқас» кітабына кіргізіпсіз.

Бауыржан. Жоқ, орындай алғамын жоқ. Менің кітабымда Жолтайдың аты ғана жүр. Ал ол туралы Қасымның Абдоллаға арнаған дастанындай поэма жазу керек еді. Ол менің қолымнан келмеді. Жастар бар ғой, бәлкім, жазар әлі де.

V

Есікті ашып, Бауыржанның әйелі бөлмеге бас сұқты.

— Бауке, телефонға шақырады, — деді ол жайлап.

— Мен жұмыс істеп отырмын ғой, қолым бос емес, — деді Бауыржан қатқыл үнмен.

Әйел «осы сенің мінезің-ай» дегендей күлімсірей басын шайқады да, Бауыржанның қасына келді.

— Бауке, Талғат, — деді қайтадан сыбырлай үн қатып.

Бауыржан иегін көтерді. Мына кісі әйеліне: «кеткін, есікті жап!» деп ұрысып тастар ма екен деп, мен қысыла жалтақтап қалдым. Жоқ бұл жолы Бауыржан өйтпеді.

— Ә, Талғат па? Талғат болса барайын, — деп орнынан тұрды.

Кеңседе телефон шылдырласа, біреумен сөйлеп отырған сөзімізді, ортасынан үзіп тастап, немесе жүріп жатқан жиналысты тоқтатып тастап, трубкаға ұмтыламыз. Үйде телефон бажылдаса бөйтеңдеп дәлізіміздегі трубкаға жеткенше асығамыз. Бәріміз сөйтеміз. Өйткені атам заманындағы телефонның культі осындай.

Басқамызды құрдай жорғалататын телефон — әміршінің тек Бауыржанға ғана әлі келмеуші еді. Иесінің сырын білетіндіктен бұл үйдің телефоны шылдырайын ба, шылдырамайын ба деп алдымен ойланып алатын, көбінесе, әй, қойшы, босқа әуре болып қайтемін деп, үндемей қалатын сияқты боп көрінуші еді. Шылдыраса да, шылдырамаса да Баукең телефон жаққа бармаушы еді. Үй иесі бүгін, бұрынғы әдетін бұзып, телефонға кетті. Сонда оны орнынан тұрғызған Талғат деген кім болды екен? — деп ойладым мен кабинетте оңаша қалғанда. Мен ондай есімді адамды алдымен Жазушылар одағының айналасынан, одан соң баспалар маңынан, газет-журнал редакциялары төңірегінен іздедім. Бірақ таба алмадым. Соған бас қатырып қайтемін, жақындарының бірі шығар дедім де қойдым. Осы кезде бөлмеге Баукең оралды.

Бауыржан. Талғат Бигелдинов қой, хал-жай сұрап жатқан. Ол орнына келіп отырды. — Сен оны білуші ме едің?

— Білемін, — дедім мен бағанадан бері Бигелдиновтың аузыма түспегеніне өкінгендей және оған кінәлідей күмілжіп. Күмілжитінім кешегі Ұлы Отан соғысында атағы айдай әлемге аян болған асыл азаматтың Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған халқымыздың ең қаһарман ұлының есімін бүгінгі тыныштық күннің тоқтығына масайрағандай боп, қапелімде қаперімнен шығарып алған пенделігіме қысылғаным еді.

— Жалпы білуін білесің ғой, — деді Баукең темекісін тұтатып жатып. — Жақын келіп, шүйіркелесе сөйлесіп пе едің деймін.

— Сөйлескенмін. Ертеректе бір түн бірге болып, Талғатпен ұзақ әңгімелескенім бар. Алғашында кеудесінде қос Алтын Жұлдыз жарқыраған мұндай ерен батыр елмен сөйлесе береді дейсің бе, өркөкірек келетін шығар деп ойлап едім. Оным мүлде бекер болып шықты. Талғат қарапайым, кішіпейіл, өте жұғымтал кісі екен. Өз басынан кешкен оқиғаларды да мүдірмей, жақсы әңгімелейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий