Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кешке қарай олар Сьерра Моренаның нақ орта тұсына келіп жетті, Санчо осы жерде қонып шығуға және азық-түліктері таусылғанша тағы бірер күн осында бола тұруға ұйғарым жасады, сөйтіп олар жартастар арасынан бой көтерген тығындық емендер саясына қоналқаға орналасты. Алайда, шынайы діни сенім шуағына шомылмаған жандар ойлайтындай, ненің де болса бәрін өзі қалай ұйғарса солай жетелеп, дайындап және реттеп отыратын бұра тарттырмас тағдырдың жазуымен Хинес де Пасамонте де, Дон Кихоттың мейірімділігі мен мәнжубастығы арқасында бұғаудан босап шыққан атышулы сұм, арамза алаяқ та, Қасиетті ағайындықтан зәресі қалмай, — одан қорқып іннен інге тығылар себебі жетерлік болатын, — тау арасына жасырынуға ниет қылған-ды, ал тағдыр мен үрей оны Дон Кихот пен Санчо Панса жайғасқан жерге айдап келген және өзі бұлардың кім екенін анық ажырата алатын мезгілге, ал аналар бұның тарапынан еш кедергі көрмей ұйқыға бас қойған шаққа тап қылған. Зұлым атаулының бәрі жақсылықты білмейтін жан болғандықтан, сондай-ақ әлдебір нәрсеге мұқтаждығы арсыздыққа баруға жеткілікті себеп саналатындықтан, оған қоса тап осы сәтте туып тұрған мүмкіндікті пайдаланып қалу олар үшін болашақта табар бақытынан әлдеқайда бағалы көрінетіндіктен, Хинес те, жақсылықты білмейтін, қара ниет адам ретінде, Санчо Пансаның есегін ұрлап кетуді ұйғарды, ал кепілге беруге де, сатуға да мүлдем жарамсыз болғандықтан Росинант оны қызықтырмады. Санчо Панса ұйқтап жатты; Хинес есекке мініп алды да, таң ағарып атқанша соңынан ешкім қуып жете алмайтындай жыраққа ұзап кетті.

Таңның қызыл шапағы жер бетін қуанышқа бөлегенімен, Санчо Пансаны қайғыға батырды, өйткені есегінің қолды болғанын байқаған-ды; сөйтіп сұр есегінен қапыда қол үзіп қалғанына кәміл көзі жеткен оның егіл-тегіл еңірей жылап, даланы басына көтергені сонша, боздаған дауысы Дон Кихотты ұйқысынан оятып жіберді; атқосшысы былай деп зар илеп жатқан болатын:

— Қолымда өскен балапаным-ай, өз үйімде туып едің, балларымның ермегі, қатынымның қызығы, көршілерімнің қызғанышы болып едің, жүгімді жеңілдететін едің, оған қоса жұбайымды жартылай асырап жүруші едің, өйткені өзің күн сайын табатын жиырма алты мараведи оның азық-түлігіне кететін шығынның жартысын құрайтын!

Оның зарлаған даусын естіп, себебін сұрап білген Дон Кихот атқосшысын қолынан келгенше жұбатып бақты, шамалы шыдай тұруын өтініп, өз үйіндегі бес есектің үшеуі Санчоның жеке меншігіне өтетіні көрсетілген қол хат беруге уәде етті.

Санчо бұған жұбанды, көзінің жасын сүртіп, өксігін тыйып, осынау қайырымдылығы үшін Дон Кихотқа алғыс айтты. Көп ұзамай тау арасына тереңдей енген Дон Кихоттың бойы сергіп, көңілі көтеріліп кетті, өйткені бұл өңір өзі іздеп жүрген шытырман оқиғалар үшін өте бір қолайлы орын секілді көрінді. Кезбе рыцарьлардың осындай меңіреу шатқалдарда бастан кешкен не түрлі ғажайып оқиғалары ойына оралып, соларға елтіп, елігіп кеткен ол тек осы төңіректе ғана ой кешіп, өзге дүниені тарс есінен шығарды. Қауіп-қатер үрейінен арылған Санчоны да жалғыз арман мазалап келе жатқан: әлгі діни қызметшілерден тартып алған азықтың қалған-құтқанымен қалай қарын тойғызудың жайын ойлаумен болған; есегі алып жүруге тиісті нәрсенің бәрін арқалап алған ол, мырзасының соңынан еріп келе жатып осы жағдайға байланысты қолын қапқа қайта-қайта жүгіртіп, қарнын қампайту шарасын қарастыруға кірісті; және дәл осындай серуенді ол қандай керемет шытырман оқиғаға да айырбастамаған болар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий