Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы сөзді айтып ол Росинантты шпормен тебініп жүріп кетті, ал Санчо болса Хинесұмпай де Пасамонтенің аярлығы салдарынан қожайыны соңынан жүктерін арқалап жаяу борсаңдады; сөйтіп төбенің жарты бөлегін артта қалдырған олар жылғаның жағасынан қашырдың жарым-жартылай ит жұлмалап, қарға шұқып тастаған өлімтігін жолықтырды: қашырдың ерттеулі әрі жүгендеулі күйде жатқаны қашыр мен көпшіктің иесі әлгі қашқын деген жорамалдарына көздерін жеткізе түсті.

Олар өстіп қашырдың өлімтігін төңіректеп жүрген кездерінде кенет мал қайырып жүрген бақташының ысқырығынан аумайтын ысқырық естіліп, сол жақ беттен ойда жоқ жерден қара-құра көп ешкі шыға келді, сосын қыраттың төбесінен егде жастағы бақташының өзі бой көрсетті. Дон Кихот оған дыбыс беріп, етекке түсуін сұрады. Анау даусын қатайтыңқырап үн қатып, адам аяғы сирек басатын, бәлкім, тіпті, өмірі бірде бір рет баспаған, тек ешкілер, қасқырлар және басқа да жабайы аңдар жүретін бұл өңірге оларды не айдап келгенін сұрады. Санчо, алайда, одан төмен түсуін өтінді, — содан соң ғана оған егжей-тегжейлі есеп беретіндерін айтты. Төмен түскен бақташы Дон Кихоттың жанына жақындап:

— Мына шұңқырда өліп жатқан қашырға қарап тұрғаныңызға бәс тігуге бармын. Оның мұнда жатқанына, жаңылмасам, жарты жылдай болды ғой деймін. Айтыңызшы, мұның қожайыны кездескен жоқ па сіздерге? — деп сұрады.

— Жоқ, кездескен жоқ, бірақ осы араға жақын маңнан көпшік пен шамадан таптық, — деді Дон Кихот.

— Ол заттар маған да ұшырасқан, — деді бақташы, — бірақ мен жерден көтермек түгіл, жақындап баруға да батпадым: басым бәлеге қалар деп қорықтым, кім біледі, ұры деген айып тағулары да мүмкін ғой. Шайтанға керегі шатақ, тобығыңнан қағып қалса бітті, сүрініп барып тыраң ете түсесің — одан соң не болғанын, қалай, неліктен болғанын анықтап көр.

— Мен де солай ойлаймын, — деп қоштай кетті оны Санчо. — Әлгі заттар маған да ұшыраса жаздаған, бірақ мен жүз қадамға да жақындай алмадым. Мен оларға тиген жоқпын, қазір бәрі сол баяғы орнында жатыр, әйтпесе жуыссаң болды-ақ бір қырсыққа ұрынарың кәміл.

— Айтыңызшы, туысқан, бұл дүниелердің иесі кім екенін білмейсіз бе? — деп сұрады Дон Кихот.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий