Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ал, енді маған келсеңіз, сізге қолымнан келгенінше көмектессем бе деген ойдамын, — деп іліп әкетті Дон Кихот, — мен тіпті қашан өзіңізбен жолығысқанша және мынадай әдеттен тыс өмір салтыңызға қарағанда, бойыңызды барынша меңдеп алған дертіңізден арылуға жәрдемі тиетін қандай дауа барын білгенше, осы тауларда қала беруге шешім қабылдап та қойдым, оған қоса ондай дауаны іздеу қажеттігі туындай қалса, оны бар ықыласымды салып іздеуге де дайынмын. Егер қайғы-қасіретіңіз қандай жұбатуға да көнбейтін қиын жағдайлар қатарынан табылса, онда мен өзіңізбен бірдей күйзеліске түсіп, көзімнің жасын көлдетуге әзірмін, өйткені бақытсыздыққа ұшыраған кезіңде шынымен жанашырлық білдіретін адамды жолықтыруыңның өзі де әжептәуір жұбаныш боп табылады. Ал, егер осы ақ-адал ниетімді әлденендей бір ізеттілік арқылы алғыс білдіруге лайық деп тапсаңыз, онда, сеньор, бойыңыздағы көзім анық жетіп тұрған көл-көсір ізеттілікке сеніп жалбарынам және өзіңіз жер-дүниеде ешкімге теңгермеген немесе қазір де теңгермейтін жанның құрметі үшін өтінем: айтыңызшы маған, сіз кім боласыз және киіміңіз бен түр-келбетіңіз куәлік етіп тұрғанындай, қалыптасқан күллі өмір салтыңыздың шырқын бұзып, неліктен мына меңіреу түзде жабайы аңдарша ғұмыр кешіп, өмірден баз кешуге ниет қылдыңыз? Ал, мен, күнәкар да кембағал пенде, — деп қосып қойды Дон Кихот, — өзім құрамына кіретін рыцарьлық орденнің атымен және кезбе рыцарь атағымен ант етем, егер сіз, сеньор, осы өтінішімді орындасаңыз, онда мен сізге лауазымым жүктейтін парызға сай барынша адалдықпен қызмет ететін болам немесе, орнына келетіндей іс болса, қасіретіңізден арашалап алам, немесе, уәде еткенімдей, өзіңізбен бірге көз жасына ерік берем.

Қайғылы Бейне Рыцарының сөзіне құлақ тосып отырған Орман Рыцары оған қадала қарап, оны зер сала бақылаумен болды, сосын басынан аяғына шейін тағы бір шолып өтті, өстіп оған қалағанынша қарап алғаннан кейін ғана:

— Егер ішіп-жейтін бірдеңеңіз болса, Христос үшін беруіңізді сұраймын, тамақ ішкеннен кейін, өзіме білдірген осыншалықты жылы ілтипатыңыз үшін қандай тілегіңізді де орындауға дайынмын, — деді.

Санчо қолма-қол қапшығын, ешкі бақташы — дорбасын қағыстырды, сөйтіп арып-ашыған мүсәпір тамаққа есі кете бас салып, асығыс-үсігіс қылғыта бастады: бір кесек бірдеңені жұтып үлгермей, екіншісін аузына тығып жатты; тамақ ішіп жатқан кезінде оның өзі де, басқалар да жұмған аузын ашқан жоқ. Ақыры, қарнын тойдырып орнынан тұрған ол соңымнан еріңдер дегендей ым жасады, мыналар оны бұлжытпай орындады, сөйтіп ол бұларды осы араға жақын маңайдағы, жартас қалтарысындағы көкорайға бастап келді. Келген соң көк шөптің үстіне тізе бүкті, серіктері де сөйтті: сол бұрынғыша жақ ашып сөйлеген жан баласы болған жоқ; жайғасып отырғаннан кейін мүсәпір былай деді:

— Сеньорлар, қайсы бірін айтарымды білмей отырған қисапсыз қайғы-қапам жайында қысқаша түрде құлағдар етсін десеңіздер, онда қасіретті хикаямды баяндау барысында бірде-бір сұрақпен және бірде-бір сөзбен бөлмеуге уәде беруге тиіссіздер, ал мұны орындамаған жағдайда, әңгімемді қай кезде бөлсеңіздер ол да сол жерден біржола тәмам болады.

Мүсәпірдің мына сөзі атқосшысы айтқан ертегіні тыңдап отырған шақта өзеннің арғы бетіне өткізілген ешкі санынан жаңыла бергенін, нәтижесінде бұл хикаяның соңы беймәлім боп қалғанын Дон Кихоттың есіне оралтты. Ал мүсәпір болса, сөзін былайша жалғастырды:

— Мұны сіздерге алдын-ала ескерткен себебім, қасірет-қайғым жайында ұзақ тәптіштегім келмейді, өйткені еске алу — оны көбейте түсу деген сөз, сондықтан маған қойылар сұрақ неғұрлым аз болса, мен де оны соғұрлым тезірек тәмамдаймын, сондай-ақ өздеріңізді толық қанағаттандыру үшін елеулі деген жайлардан да аттап өтпейтінімді айтып қояйын.

Сол арада отырғандар атынан Дон Кихот оның сөзін бөлмеуге уәде етті, анау оның уәдесін алған соң әңгімесін бастап кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий