Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сеньор Дон Кихот! Батаңызды беріп, жөніме жіберіңізші мені, тақсыр: тап осы қазір үйіме, қатын-балама қайтқым кеп тұр — әйтеуір, қалай болғанда да, ойымдағының бәрін айтып, олармен құмардан шыққанша қауқылдаса алам ғой, ал өзіңізге еріп мынадай меңіреу түзді күн демей, түн демей шарлау, оған қоса сөйлегім келіп тұрғанына қарамай аузын буған өгіздей үндемеу де бір — өзімді тірілей жерге көміп тастау да бір. Тағдыр тәртіп беріп, анау әлгі Укроп па әлде Езоп па еді, соның заманындағыдай, жануарларды сөйлей алатын етсе де жаман болмас еді: ойыма не келсе соның бәрін есегіме жыр қып айтып берер ем, жаным да жай тауып қалар еді. Әйтпесе, шытырман оқиға іздеп өмір бойы сергелдеңге түсу оңай нәрсе емес және оған кез-келген адамның шыдамы жете бермейді, оның үстіне тапқан оқиғаңның түрі үнемі сені тепкілеу, көрпеге салып қақпақылдау, таспен ұру, жұдырық жегізу боп шығады, ал сенің аузыңа қақпақ қойылған, құдды бір мылқау сияқтысың, ішіңді тесіп бара жатқан нәрсең жайында айтуға да ықтиярың жоқ.

— Иә, саған да оңай тиіп жүрген жоқ, Санчо, — деді Дон Кихот, — аузыңа салған тыйымды алып тастағанымша асық боп, шыдамың таусылып жүр. Ендеше, ол тыйым алынды деп есептей бер, ойыңа не келсе соны айта бер, бірақ бір ғана шартым бар: бұл еркіндік тек таудан әрмен өткенімізше ғана күшінде болады.

— Мейлі, — деп келісті Санчо, — менің осы қазір сөйлегім кеп тұр, ал кейін құдай тағы не бермес дейсің. Ал, онда, аталмыш еркіндік күшіне енсе, өзіңізге мынадай бір сауал тастасам деп ем: анау, қалай еді, королева Мұндарсимаға соншалықты есіңіз кетіп ара түскеніңіз неғылғаныңыз? Әлгі, қалай еді, аббат оның көңілдесі болды ма әлде болмады ма, соған соншалықты тіреліп тұрған қандай шаруаңыз бар еді? Өйткені, сіз оларға жөн сілтеп, жол көрсететін адам емессіз ғой, егер сол арада үндемей қалсаңыз, ана есерсоқтың әңгімесін асықпай аяқтап шығары кәміл-ді, сөйтіп бұл іс кеудеңізге келіп тиген тас кесексіз, тепкілеусіз және жарты дюжина29 жұдырықсыз-ақ аяқталар еді.

— Әңгіме былай ғой, Санчо, — деп Дон Кихот қайта сөйлеп кетті, — егер королева Мадасиманың қандай қадірлі де зиялы әйел болғанын мен секілді жақсы білсең, онда шамадан тыс шыдамдылық көрсеткенімді өзің-ақ мойындар едің: менің орнымдағы басқа біреу осындай былғаныш сөзді жария қылған тілді жұлып алар еді. Шын мәнінде де, әлдебір королеваны емшімен төсектес болды деу ғана емес, солай ойлаудың өзі шектен тыс қиянат қой. Ал, бұл істің шындығы мынадай: әлгі жындысүрей тілге тиек еткен дәрігер Элисабатты, осынау ізгі ниетті адамды және кемеңгер кеңесшіні, королева өзінің қасында емші әрі тәлімгер ретінде ұстаған-ды. Алайда, оны сол емшінің көңілдесі болды деу — қатаң жазалауға лайықты сорақылық. Егер мұны айтқан кезінде Карденьоның ақыл-естен айныңқырап та қалғанын ескерсең, онда, сірә, не айтып, не қойғанын оның өзі де білмегеніне келісерсің деп ойлаймын.

— Менің де айтып тұрғаным осы ғой, жынды адам аузына келгенді соға бермей ме, оған көңіл аудармауыңыз керек еді, — деп құлаққағыс етті Санчо. — Егер өзіңізге сәттілік қол ұшын бермегенде, тас кесек кеудеңізге тимей, тура барып басыңызға тигенде, онда халіміз мүшкіл болған болар еді, ал осының бәрі сол құдай атқан королеваның қырсығынан ғой. Карденьо болса, қылшығы да қисаймай оп-оңай құтылып кетер еді, өйткені ол ақылынан адасқан адам ғой!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий