Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Иә, — деді Дон Кихот, — өйткені өзім жұмсағалы отырған жақтан неғұрлым жедел оралар болсаң, онда әуре-сарсаңым да соғұрлым тез аяқталмақ, сөйтіп ұлылыққа қол берген дәуренім де жедел түрде салтанат құра бастамақ. Алайда, осылай дегенде нені меңзеп отырғаным турасында саған бұдан әрі жұмбақтай беруімнің жөні жоқ, сондықтан, Санчо, сен біліп қойғын, айтулы Амадис Галльский әлемдегі ең жақсы рыцарьдың бірі болатын. Жоқ, олай айтпауым керек еді: ең жақсы рыцарьдың бірі емес, ең жақсысы, біріншісі, алдына жан түспегені, сол тұста жер бетінде ғұмыр кешкендердің бәрінен жоғары тұрғаны сол еді. Онымен әлде бір нәрседен тең түстім дейтінді дәлелдемек болған анау әлгі дон Бельянис те және басқалар да түбі оңбайды, — оның бәрі әншейін әңгіме, шын сөзім. Бұған қоса айтарым, атағын шығаруға ынтық суретші шеберліктің шыңына шыққан тарланбоз суретшінің туындыларына еліктеп бағады, ал осы шарттың мемлекет мәртебесін асыруға септігін тигізетін, құрметке лайық қандай қызмет пен кәсіпке де қатысы бар, міне сондықтан ұстамды да шыдамды болып көрінгісі келетіндер Одиссейге еліктеуге тиіс және еліктейді де, өйткені оның бастан кешкен бақытсыздықтарын суреттеген Гомер шыдамдылық пен ұстамдылықтың шынайы үлгісін алдымызға тартқан болатын, сол сияқты Вергилий де Эней бейнесінде ата-анасын құрмет тұтатын ұлдың ұлағатты істері мен тәжірибесі мол, жау жүрек әскербасының аңғарымпаздығын сипаттаған еді және екеуі де өз кейіпкерлерін өмірде қандай болса, сондай кескінде емес, қандай болуға тиіс кескінде суреттеп, сипаттаған еді, осы арқылы бұлардың ізгі қасиеттерін болашақ ұрпақтардың еліктеуіне лайықты үлгі ретінде ұсынған-ды. Амадис те ержүрек әрі ғашық рыцарьлардың тап осындай аспандағы жол көрсетер жарық жұлдызы, ғаламшары, күні болатын, сол себепті махаббат пен рыцарьлық туы астында шайқасқа шыққан мына біздің бәріміз де соған еліктеуге тиіспіз. Ендеше, достым Санчо, менің ойымша, кезбе рыцарьлар ішінде кімде-кім Амадис Галльскийге басқалардан гөрі көбірек еліктейтін болса, сол рыцарьлық іс-әрекеттің маңдайалды машығына мейлінше маңайласа түспекші. Бірақ, Амадистің айрықша ұстамдылық, айбын, батырлық, көнбістік, шыдамдылық және сезім шынайылығын танытқан шағы Ориана өзінен теріс айналған кезде өз басына азап артып, Қапалы Сері деген жасырын атпен Жұпыны Жартасқа барып жатып алған кезі еді; оның бұл есімінде, әрине, терең мән бар-ды және өзі айрықша құштарлықпен таңдап алған тіршілік тәртібіне сай келетін. Ал, мәселе өзіме тірелсе, маған дәулерді кескілегенше, айдаһарлардың басын шапқанша, андриактарды өлтіргенше, әскерлерді түре қуғанша, флотилияларды су түбіне жібергенше және арбаушылық айла-амалдарды талқандағанша оның осы ісіне еліктеген жеңілдеу. Ал, бұл маңай өзім ойға алған істі жүзеге асыруға өте қолайлы орын болғандықтан, тағдыр-талайым асқан мейірімділікпен ретін келтіріп тұрған осынау оңтайлы жағдайдан айрылып қалуымның қисыны жоқ.

— Сонда осынау меңіреу түзде нендей іспен айналыспақсыз, соны білуге рұқсат етпес пе екенсіз, тақсыр? — деп сұрады Санчо.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий