Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Құдай атымен ант етейін, сеньор Қайғылы Бейне Рыцары, сіз қандай адамның да шыдамын тауысасыз, — кейде тіпті үш ұйқтасаң түсіңе кірмейтін нәрселерді айтасыз, — өйткені, маған өзіңіз жыр қылған рыцарьлық, корольдіктер мен империяларды жаулап алушылық, аралдарды сыйға үлестіру, басқа да жарылқаушылық пен сыйлық дегеннің бәрі де бос мылжың әңгіме, су жұқпас суайттық, барып тұрған анихея әлде ахинея30, — дұрысы қайсысы, білмеймін, — екенін енді сезе бастағандаймын. Себебі, қырынуға арналған легенді Мамбрин дулығасы деп атап және міне, қанша күн болды, осындай жалған түсініктен арылмай жүргеніңізді біреулер білсе, онда олар өзіңізді, осы ойдан айрылмай және бет бақтырмай жүрген адамды, ақылынан алжасқан демегенде не дейді? Леген қапшығымда жатыр, дымы қалмай майысқан, бірақ үйге барған соң оны жөндеп, қырынуға пайдаланатын болам, тек егер құдай қош көріп, қатын-баламмен қайта көрісетін күн туса.

— Бері қара, Санчо, — деді Дон Кихот, — осы қазір ғана берген антыңмен ант етем саған, өмірден өткен және қазір көзі тірі атқосшылардың ішінде сенен асқан су ми жоқ. Өзіммен бірге осыншама уақыт саяхат шегіп жүргенде кезбе рыцарьлардың барлық заты бояма, ерсі, еш нәрсеге орайласпайтын оғаш, өңін сыртына айналдырғандай болып көрінетініне әлі күнге шейін қалайша көз жеткізбегенсің? Алайда, шын мәнінде, бұның сыры басқада, шын мәнінде сиқыршылар үйірі қыр соңымыздан қалмай еріп жүреді, міне солар барлық затымыздың түрін өзгертіп, басқа нәрселермен ауыстырып, бізге қамқорлық жасамақ немесе түбімізге жетпек ниетіне орай өздері қажет деп тапқан пошымда қайта оралтады. Міне, сондықтан да саған қырынуға арналған леген тәрізді боп көрінген нәрсе маған Мамбрин дулығасы боп көрінеді, ал басқа адамға басқаша түр-нұсқада елес береді. Айтқандайын, өзіме қамқорлық жасап жүрген көз байлаушының Мамбриннің ақиқаттығы айдан анық дулығасын жұрттың бәрі леген деп танитындай амал жасағаны керемет көрегендік болған: өйткені бұл көрінген кісі құмартатын аса бағалы зат қой, ал оның әншейін ғана леген екенін көргендер оны менен тартып алуға әрекет жасап әлектенбейді — оған әлгі бір адамның әуелі оны қиратуға талпынып, артынан жерге лақтырып тастап жөніне кеткені дәлел бола алады. Шын сөзім, егер бұның қандай асыл дүние екенін білген болса, одан өмірі айрылмас еді. Сақтап қой оны, достым, ал әзірше оның маған қажеті жоқ, — керісінше, үстімдегі барлық сауыт-сайманымды шешіп тастап, жарық дүниеге келгендегі қалпымда қалуым керек, әрине тек берген сертімде Амадиске емес, Роландқа еліктеуді ұйғаратын болсам.

Осылайша әңгімелесе отырып олар биік таудың етегіне жақындады, тік жартасқа ұқсас бұл тау өзін айнала қоршаған басқа таулардан оқшау тұрған-ды. Беткейімен ақырын сылдырап жылға ағып жатқан-ды, ал төңірегін белдеулеген көк шалғынның көркемдігі көз арбайтын. Түрлі ағаштың, шөп пен гүлдің көптігі бұл араның шырайын әбден-ақ келтіріп тұр еді. Осы көкорайды Қайғылы Бейне Рыцары өз сертін іске асыратын орын етіп таңдады, — бұл жерді көргенде ол, құдды бір құтырған адамдай, қатты дауыстап сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий