Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өй, оны өте жақсы білем, — деді Санчо, — барраны ол селомыздағы ең қайратты жігіттерден кем лақтырмайды. Ол деген ой-ой-ой, барып тұрған бесаспап бикеш, ағаш та жарады, су да әкеледі, егін де орады, қақтыққанның жынын қағып алады, егер өзін сүйген жар етуге келіссе кезбе рыцарь ма немесе енді-енді ғана кезбелік жасағалы жүрген рыцарь ма, қай-қайсысы да қауіп-қатер атаулыдан қам жемеуіне болады. Ал, енді кеңірдегін айтсаңызшы, кеңірдегін, дауысын айтсаңызшы! Бір жолы, апырай десеңізші, шіркеуіміздің қоңырау мұнарасына шығып алып, айқайды салып әкесінің жалшыларын шақырсын келіп, сонда селодан бір шақырымдай жердегі танапта жүрген әлгілер оның дауысын бейне мұнара іргесінде тұрғандай анық естіпті. Ал, ең бастысы, ешқандай қылтың-сылтың дегенді білмейді — сонысы жақсы, қандай қызмет көрсетуге де әзір, кез-келген адаммен әзілі жараса кетеді, кез-келген нәрсені көңілді күлкі, ойын-сауыққа айналдырып жібереді. Енді мен сізге турасын айтайын, сеньор Қайғылы Бейне Рыцары, сіздің оған бола не қилы анайы әрекетке баруыңызға әбден болады және солай етуге тиіссіз де, тіпті ол да аз, күллі дүниеден түңіліп, асылып қалуыңызға да негіз жеткілікті, ал бұл жайында естіген жандардың бәрі бұл ісіңізді мақұлдап, өте дұрыс жасағаныңызды айтар еді, кейін сізді тіпті шайтан алып кетсе де. Оны тек бір көру үшін ғана жолға шығуға құштар боп тұрмын, өйткені кездестірмегеніме көп болды ғой, сірә, ол қатты өзгерген шығар, құдайдың құтты күні егістікте, күннің ыстығында, желдің өтінде жүреді, ал бұдан әйел адамның бет ажары бұзылады. Ал, енді сізге ақ-адал шынымды айтайын, сеньор Дон Кихот: дәл осы кезге дейін менің дым ештеңеден хабарым болған жоқ-ты, өзіңіз ғашық боп жүрген сеньора Дульсинеяны оған біресе, айталық, бискайлық түрінде, біресе каторгаға кесілгендер түрінде тоқтаусыз жөнелтіп жатқан шүленгір тарту-таралғыңызға қарап, — сондай-ақ, өзім сізге әлі атқосшы бола қоймаған кезде де жібергендеріңіз бар шығар шамасы, себебі ол кезде де өзіңіз, тақсыр, сірә, талай-талай жеңіске қол жеткізген болуыңыз керек, — оны соған лайықты әлдебір принцесса ғой немесе, тым құрығанда, әлдебір айтулы ханым ғой деп ойлап, соған шын жүректен және қалтқысыз сеніп жүргенмін. Бірақ, егер байыппен ой жүгіртіп көрсек, өзіңіз жіберіп жатқан және болашақта да жібермек ойыңыз бар, сайыста жеңілген сорлылардың сеньора Альдонса Лоренсоның, басқаша айтқанда Дульсинея Тобосскаяның, аяғына барып жығылуынан оған қандай пайда, қандай зиян? Өйткені, олардың жүздесу сәті қыздың зығыр тазартып немесе қырманда астық бастырып жатқан сәтіне тұспа-тұс келуі әбден мүмкін ғой, әлгі сорлылар соны көргенде қандай күйде болмақ, ал қыздың өзі сыйлығыңызды мазаққа айналдыруы, оған қоса өкпелеп те қалуы кәдік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий