Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ол дрок бұталарын көп етіп кесіп алды да, қожайыны батасын берген кейін онымен қоштасты, — қоштасу кезінде екеуі де егіл-тегіл еңіреп жылаумен болды. Одан соң Санчо Росинантқа отырып, — Дон Кихот оған өзіңе қандай қамқорлық жасасаң Росинантқа да сондай қамқорлық жаса деп әмір еткен еді, — жазықтықты бетке алып жүріп кетті, жолшыбай мырзасының кеңесі бойынша жерге деміл-деміл дрок бұталарын тастап бара жатты. Тым құрыса бірер құтырынысымды көріп кет деп Дон Кихоттың қанша қылқылдағанына қарамай жүрісін жалғай берді. Алайда, жүз қадам да ілгерілемей жатып қайтып оралып:

— Айтайын дегенім, сеньор, әлгінде сіз өте орынды құлаққағыс еттіңіз: құтырынған қылықтарыңызды көрдім деп кібіртіксіз ант беруім үшін соның біреуін көріп кеткенім артық болмайды екен, ал, жалпы алғанда, осы арада қалып бара жатқаныңыздың өзі-ақ сіздің тарапыңыздан жасалып отырған әжептәуір ессіздік қой, — деді.

— Ау, мен саған не деп едім? Тоқтай тұр, Санчо, әрі қара да, бері қара, сөйткеніңше мен де бір қитұрқыны жасап үлгерем, — деді Дон Кихот.

Сол арада ол асқан шапшаңдықпен дамбалын шешіп тастады да, жалғыз көйлекпен ғана қалып, еш кідірместен екі қайтара тоңқалаң асып түсті — басын төмен жіберіп, өкшелерін жоғары қаратып аунаған сәтінде ап-айқын көрініс берген әртүрлі нәрселерге екінші мәрте көз тоқтатуға жүзі шыдамаған, қожайынының құтырынысын енді еш күмәнсіз куәландыра алатынына көңілі толып, қанағат алған Санчо тізгін қақты. Енді осы арада қашан қайтып оралғанынша біз одан қол үзе тұрамыз, ал ол онша көп күттіре қоймайды.

ХХҮІ тарау

Мұнда Дон Кихоттың ғашық адам ретінде Сьерра Моренада жүзеге асырмақшы болған жаңа қисынсыз қылықтары жайында айтылады

Қайғылы Бейне Рыцарының жалғыз қалған кезде не істегені жайындағы әңгімеге ойысқанда тарихта былай делінеді: белінен төмен қарай түгел жалаңаш, белінен жоғары қарай түгел киім киген, секіруі мен тоңқалаң асуын тоқтатқан Дон Кихот мұның есерсоқтығына бола жолдан қалуды қаламаған Санчоның аттанып кеткенін көрген бойда-ақ биік таудың төбесіне өрмелеп шығып, бұрын да талай мәрте ой кешкен, бірақ әлі бәлендей бір нық шешімге келе қоймаған нәрсесі жайында, дәлірек айтқанда: Роландтың анайы жарыместігіне еліктеген жөн бе әлде Амадистің жабыңқы жындысүрейлігін үлгі еткен жөн бе дегеннің төңірегінде ой кешті; сөйтіп, өзімен-өзі сөйлесіп кеткен ол былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий