Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әлем білмейді ондайды! —

Бар маңайға кетсін тарап:

Дон Кихот бұл жүрген жылап,

Сағынып қатты Дульсинеяны

Тобосолық.

Мұнда шексіз азап шегіп,

Сүйгенінен қол үзген

Нақсүйер жүр күн өткізіп.

Оны осынау жапан түзбен

Махаббат пірі, тентек бала,

Табыстырды алдап қана.

Тесік торсық секілді

Күн сайын солмақ, тамшылап.

Дон Кихот бұл жүрген жылап,

Сағынып қатты Дульсинеяны

Тобосолық.

Қатері көп қан майданда

Жетпекке даңққа асығып,

Аттанған-ды ол сормаңдай.

Шарқ ұрды іздеп ғашығын,

Қу медиен мына өлкеден.

Соқты оны Амур осы жерде,

Жота, жауырын, желкеден,

Қамшы да жеді қансырап.

Дон Кихот бұл жүрген жылап,

Сағынып қатты Дульсинеяны

Тобосолық.

Жоғарыда келтірілген өлең жолдарын тауып алғандар Дульсинея есіміне тіркелген Тобосолық деген сөзге ішек-сілелері қатып күліп алды; сосын Дон Кихот, шамасы, Дульсинея есіміне Тобосолық дегенді қосақтамаса, онда шумақтың мағынасы түсініксіз боп қалар деп шешкен ғой десті; олардың бұл жорамалының жаны бар-ды, өйткені мұны кейін рыцарымыздың өзі де мойындаған-ды. Оның бұдан да басқа жазған өлеңдері көп болатын, бірақ ілгеріде айтылып өткеніндей, толық сақталғаны және ажыратып оқуға көнетіні осы шумақтар ғана еді. Сөйтіп, оның күндері осылайша өлең құрастырумен, аһылап-уһілеумен, айнала маңдағы тоғайлардың фавндары мен сильвандарына, өзендердегі нимфаларға, көзі жасаураған қамкөңіл Эхоға мұң шағумен — зарын тыңдап, көңілін жұбатып, жанашырлық білдіруін сұрап жалбарынумен өтіп жатты; сондай-ақ, ол Санчо қайтып оралғанша қорек ете тұратын шөптерді іздестірумен де айналысты; айта кетерлік нәрсе, егер анау үш күннен кейін емес, үш аптадан кейін келсе, онда Қайғылы Бейне Рыцарының ұсқыны тіпті туған анасы да танымастай өзгеріп кеткен болар еді.

Жә, мейлі ол өлең құрастырып, күңірене күрсініп жата берсін, енді біз елшілік сапары кезінде Санчо Пансаның басынан қандай жағдай өткенін әңгімелейік, ал оның басынан мынадай жағдай өткен еді: күре жолға шығып алғаннан кейін ол Тобосоға қарай бағыт ұстаған-ды, сөйтіп ертеңіне тап сол ана жолы өзін көрпеге салып қақпақылдау секілді жағымсыз нәрсе жасалған бекетке келіп жетті; оған жөндеп көз тоқтатып та үлгермей жатып, кенет өзін ана жолғыдай әуеде жоғары-төмен ұшып жүргендей сезімге тап болды, сондықтан оның мұнда түскісі келмей қалды, ал шындығында мұнда осындай бір кідіріс жасайтындай мезгілде келіп жеткен, өйткені түскі тамақтың уақыты еді, талай заманнан ыстық ас ішпей жүрген бұған осы бір қажеттілігін өтеудің реті келіп-ақ тұрған.

Түсерін әлде түспесін білмей екі ойлы болғанымен, жаңағы қажеттіліктің жетегімен бекетке қарай жайлап жақындай берген. Бірақ, тап осы кезде іштен екі адам шыға келіп, мұны көрген бойда-ақ танып қойды. Сөйтіп, бірі екіншісіне қарап:

— Мынаны қараңыз, сеньор лиценциат! Мына салт атты — анау әлгі шытырман оқиға іздеушіміздің үйіндегі күтуші әйел айтқан, қожайынымен бірге атқосшы ретінде сапарға аттанған Санчо Панса емес пе? — деді.

— Тап соның өзі ғой, оған қоса Дон Кихотымыздың атын мініп келеді, — деп жауап қатты лиценциат.

Олардың мұны бірден таныған себебі, бұл екеуі — ана жолы Дон Кихоттың кітаптарын тексеруден өткізіп, оларға үзілді-кесілді үкім шығарған священник пен шаштараз — өзінің селоласы болатын. Санчо Панса мен Росинантты таныған, Дон Кихот жайында сұрап білуге аңсары ауған екеу бұның жанына жақындады, сол арада священник оның атын атап, оған былай деп тіл қатты:

— Достым Санчо Панса! Қожайының қайда?

Санчо Панса да оларды жазбай танып, мырзасының қай жерде және қандай ахуалда екенін бұлардан жасырып қалуға бекінді, сондықтан қожайыны аса маңызды бір іспен айналысып жатқанын, ал оның қандай іс екенін жаны шығып кетсе де айтпайтынын мәлім етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий