Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шаштараз священниктің ойлап тапқан амалына дау айтқан жоқ, керісінше, қуана қоштады, сөйтіп олар бұны қолма-қол іске асыруға кірісті. Бекетшіден әйелдің киім-кешегі мен бас киімін таптырып алды, кепілдікке священниктің су жаңа сутанасын қалдырды. Бұқаның сұр түсті әлде жирен түсті екені белгісіз жалбырақ құйрығынан шаштараз өзіне сала құлаш сақал жасады, бекетші бұл құйрықты әдетте тарақ түйреп қою үшін пайдаланатын. Бекет иесінің зайыбы бұл дүниелердің неменеге қажет болғанын сұрады. Дон Кихоттың нәгүмандығы жайында қысқаша түрде баян етіп, қазіргі кезде оның тауда жатқанын хабарлаған священник осынау асай-мүсейдің бәрі оны сол жерден шығарып алу үшін қажет боп тұрғанын түсіндірді. Бекетші мен зайыбы оның нәгүман атандырған адамы — ана жолы өздерінде тоқтаған, бальзамды ойлап тапқан кісі екенін, көз алдарында көрпемен әуеде қалықтаған атқосшының қожайыны екенін бірден сезе қойды, сөйтіп сол арада священникке оның бекетте бастан өткергенінің бәрін түгел жайып салды, Санчоның соншалықты жасырған сырын да қалыс қалдырмады. Ақыр соңында бекетшінің әйелі священникті келістіріп тұрып киіндірді: оған шұғадан тігілген, бәрінің де ортасында тілігі бар, жалпақтығы алақандай қара барқыттан жолақ жүргізілген юбка, жасыл барқыттан тігілген, астары ақ атлас корсаж кигізді — юбка секілді, бұл да король Вамба заманынан қалған дүние еді. Ал, әйел бас киімінің орнына священник өзі түнде төсекке жатқанда киетін, сырып тігілген кенеп телпегін кигенді қолай көрді, маңдайын кенеп тінді қара матаның қиығымен байлады, сол матаның тағы бір бөлегінен бетперде жасап алды, онысы өте үйлесімді шығып, беті мен сақалын түгел көмкеріп тұрды. Бәрінің сыртынан қол шатыр орнына қолдануға болатындай етегі ересен жалпақ қалпақты бастыра киді, одан соң иығына жамылғысын ілді де, қашырына бірқырындап әйелдерше жайғасты; ал, әлгінде айтылғандай, бұқаның салтақ-салтақ құйрығынан жасалған, жартылай бозғылтым, жартылай жирен сақалы беліне түскен шаштараз екінші қашырға қонды.

Сөйтіп екеуі жиылғандармен қоштасты, олардың арасында мейірімді Мариторнес те бар еді, ол өзінің күнәкар пенде екеніне қарамастан осынау тауқыметі мол әрі шынайы христиандық бастама боп табылатын істерінің сәтті аяқталуын сұрап жаратқанға жалбарынуға уәде ететінін айтты. Бірақ, бекеттен былай шығып үлгермей жатып, аяқ астынан священникке өзінің әлем-жәлем киініп, әдепсіздікке ұрынғаны жайында, өйткені дін қызметкеріне тіпті ізгі мақсат үшін болса да бұлайша әлеміштену жараспайтыны жайында ой келе қалды; сөйтіп, осы ой-тұжырымын шаштаразға айтып берген соң, оған киімдерін ауыстырып киюге ұсыныс жасады. Себебі, деді священник, оның ұғымынша, шаштараз қорғансыз бикешті, ал өзі оның малайын бейнелегені жөн болмақ: сонда ғана ол діни дәрежесін онша жайдақтай қоймайды; ал әгәраки шаштараз бұған келіспесе, онда бұл Дон Кихотты шайтан алып кетсе де әрмен қарай аттап баспайды. Осы арада олардың қасына Санчо келген еді, киген киімдерінің түрін көріп күлкіге бір жарып қалды. Шаштараз болса, бұл кезде священниктің ұсынысын басы бүтін мақұлдаған-ды, сөйткен соң анау ойлап тапқан амалының мән-жайын түсіндіру мақсатында шаштаразға Дон Кихоттың алдында өзін қалай ұстауы керегін, оны ілестіріп әкету үшін, сөйтіп мәнсіз де мағынасыз опынысын өткеретін орын ретінде таңдаған ит байласа тұрмайтын меңіреу түкпірді тастап шығуы үшін оған не айтуы керегін үйрете бастады. Шаштараз бұған жауап ретінде біреудің жөн сілтеуінсіз-ақ бәрін ойдағыдай атқарып шыға алатынын мәлім етті. Дон Кихот жатқан шатқалға жеткенше киім ауыстырмай тұра тұрмақ болған ол киім-кешегін жинап салып қойды, ал священник аталмыш сақалды жақсылап таңып алды, сөйтіп олар Пансаның бастауымен сапарларын әрмен жалғады; жолай Санчо оларға қожайыны екеуі таудан жолықтырған делқұлы турасында баяндап берді, бірақ шамадан мен оның ішінен табылған нәрселер жайын жасырып қалды, өйткені бұл мықтымыз былайша аңғалдау көрінгенімен, ақшаға айрықша ашкөз адам еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий