Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Уайым жеме, достым Санчо, — деп шаштараз сөзге араласты, — қожайыныңды үгіттейміз, түсіндіреміз оған, архиепископ болмай, император болғаны рыцарьлық ұстанымына сай келетінінн айтамыз, оның үстіне бұл оған әлдеқайда оңайға түсетін шаруа, себебі ол өзі оқып-тоқудан гөрі опырып-жапыруға бейімдеу ғой.

— Маған да солай секілді көрінеді, — деп келісе кетті Санчо, — бірақ естеріңізге салып қояйын: оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Ал енді өзім құдайға оны өзіне де оңтайлы, мені де жарылқайтын жаққа қарай бағытта деп жалбарынатын болам.

— Сен салиқалы адамның сөзін айтып тұрсың, — деді священник, — оған қоса шынайы христианша әрекет жасамақсың. Бірақ қожайыныңды әлгінде өзің әңгімелеп берген, өзіне-өзі тілеп алған мағынасыз азабынан қалай арылтамыз, міне қазір енді сол жайында ақылдасуымыз қажет. Осының жайын ойластыру үшін және жүрек жалғап алу үшін, — мезгілі болды ғой, — бекетке кіргеніміз жаман болмас еді.

Санчо оларға ішке кіре берулерін өтініп, өзі осы арада күте тұратынын, онда неге кірмегенін және не себепті оған кіруге болмайтынын кейін түсіндіре жататынын айтты, сосын өзіне ыстық тамақ, ал Росинантқа сұлы әкеп берулерін сұрады. Олар аулаға кіріп кетті де, бұл сыртта тұрып қалды, көп ұзамай шаштараз оған тамақ әкеліп берді. Бұдан кейін священник пен шаштараз ойлағандарын қалай орындауға болатыны жайында ұзақ отырып кеңесті, сөйтіп ақыры священник Дон Кихоттың көңілінен шығатындай әрі көздеген мақсаттарымен үйлесім табатындай бір амал ойлап тапты, анығырақ айтқанда — ол шаштаразға мынадай ойға келгенін мәлім етті: ол өзі қаңғыбас бикеш боп киінбек, ал шаштараз бар өнерін салып оның малайы секілді сүдін табуға тиіс, сөйтіп олар осындай кейіпте Дон Кихотқа аттанады, барған соң бұл, священник, жәбір көрген, қорғансыз бикештің түріне еніп одан бір бұйымтайын орындауын өтінеді, ал айбынды кезбе рыцарь ретінде анау бұл өтінішті, сөз жоқ, аяқ асты қалдырмайды. Айтылмақ бұйымтайдың мән-жайы мынадай болатын: Дон Кихот бикешке еріп барып, ар-намысын қорлаған әлдебір жауыз рыцарьдан кек әперуге тиіс еді; оған қоса, анау қашан жауыз рыцарьдың тиісті сыбағасын бергенше бикеш одан бетпердесін де шешпеуге, сондай-ақ егер әлдене жайында білгісі келіп сұрақ қояр болса, ешқайсысына жауап та қайтармауға кеңшілік етуін өтінбекші еді. Сөзінің соңында священник егер осындай шарт қойылса Дон Кихоттың еш ойланбайтынына, сөйтіп оны осындай жолмен ана жерден шығарып алатындарына және амалдап селоға жеткізетіндеріне нық сенім білдірді, ал селоға барған соң бұлар есалаңдықтың мұншалықты ерекше түрін емдеудің тағы бір амалын қарастыра жатады ғой.

ХХҮІІ тарау

Священник пен шаштараздың көздеген мақсатына қалай жеткені туралы, сондай-ақ осынау теңдесі жоқ хикая беттерінде айтып өтуге тұрарлық басқа да нәрселер жөнінде

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий