Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ортақ пікірге құлақ қойсақ, Роланд даңқты да жау жүрек рыцарь болған, бірақ оған таңғалатындай не бар? Қалай дегенмен де, ол жадыланған адам ғой, сондықтан оны өлтіру үшін өкшесіне түйреуіш тығу қажет-ті, сондықтан жеті қабат темір ұлтаны бар етігін аяғынан ешқашан шешпейтін. Дегенмен, бұл қулығы оны құтқара алмады — Бернардо дель Карпьо мұнысын аңғарып қойып, Ронсевальда тас құшағында тұншықтырып дымын құртты. Алайда, оның жау жүректігі жайында езе беріп неғыламыз, енді оның ақыл-есін қалай жоғалтқанына ойысайық, — ал ақыл-есін ол бастау жанынан Анжеликаның басқан ізін жолықтырғаннан кейін, бақташының бұған Анжеликаның тал түстегі апшы қуыратын аптап кезінде Аграманттың пажы, бұйра бас мавр баласы Медормен кем дегенде екі рет төсектес болғанын хабарлағаннан кейін жоғалтқанында дау жоқ-ты. Осы хабарға шынымен сенгеннен кейін, анығырақ айтқанда сүйген ханымы өзін масқараға ұшыратқанына көзі жеткеннен кейін, оның нәгүманға айналуы қиын шаруа емес-ті, бірақ мені айтам-ау, мен қалайша оның құтырынғанын аудыртпай қайталамақпын, менде бұған жуитын еш те бір сылтау жоқ қой? Өйткені, мен Дульсинея Тобосскаямның нағыз тірі маврды өмірі бірде бір рет көрмегеніне, туған анасы секілді әлі күнге шейін ар-ұяты таза қыз күйінде қалып отырғанына ант бере алам ғой. Егер оған олай емессің деп күдік келтіріп, ақыл-есті жоғалтудың Қаһарлы Роланд азабын шеккен түрін таңдасам, онда оны жазықсыз жәбірлеген боп шықпаймын ба? Екінші жағынан, Амадис Галльскийдің ақыл-естен де адаспай, не қилы құтырынуға да жол бермей, жалғыз тек сезім шынайылығымен ғана теңдессіз даңққа қол жеткізгенін де білем: тарихтың айтуына қарағанда, Ориана оған тәкаппарлық танытып, қашан өзі бейіл білдіргенше көзіне көрінбеуге әмір еткен кезде ол әлдебір тақуамен бірге Жұпыны Жартасқа барып жатып алумен ғана шектелген еді, сонда жатып көзінің жасын көлдете төгіп, құдайға күндіз-түні құлдық ұрумен болған-ды, сөйтіп аса бір қатты қайғырып, қасіретке батқан сәтінде құдіретті күш те ақыры оның зарына құлақ асқан-ды. Олай болса, қазір маған тыр жалаңаш шешініп, өзіме ешқандай жамандық жасамаған ағаштарды мазалап, қажет болған кезде шөлімді қандыратын бұлақтың мөлдір суын лайлап әуре-сарсаңға түсудің не қажеті бар? Амадистің есімі мәңгі жасай берсін, Ламанчалық Дон Кихот оның істерін шама-шарқы жеткенше қайталай берсін, ол жайында да кейін, кезінде әлдебіреу туралы айтылғандай, “Ол ерлік жасаған жоқ, бірақ ерлік жасамақ жолда қаза тапты” дейтін болады. Дульсинея Тобосская мені өңменімнен итермесе де және маған тәкаппарлық танытпаса да, қайталап айтам, одан қол үзіп жырақ кеткенімнің өзі-ақ жетіп жатыр. Сөйтіп, енді кіріс іске! Амадистің қарекеттері, қаперіме оралыңдар, сендерге еліктеуді неден бастауым керегін айтыңдар. Айтпақшы, есіме түсті, оның айрықша қатты көңіл бөлген ісі құдайға құлдық ұру мен одан шапағат тілеу болған еді ғой. Бірақ, таспиықсыз не бітірмекпін?

Алайда ол сол сәтте-ақ бұның қалай орайын келтірудің жолын тапты, атап айтқанда: көйлегінің салпылдаған етегінің едәуір бөлегін жыртып алды да, оның он бір жерінен түйін түйді, бір түйінін үлкендеу етті, сөйтіп матаның бұл жыртындысы өзі осы жерде өткізген уақыттың өне бойында оған таспиықтың қызметін атқарды және “Ave Marіa” дұғасын миллион рет оқып шығуына артығымен жетті. Сөйте тұрғанымен, бұл арада өзінің сырын тыңдап, көңілін жұбататын тақуаның болмағанына қатты өкініш білдірді, сондықтан уақытын былай өткізді: көкораймен серуендеп, таңның атысы, күннің батысы өлең жолдарын ағаштың қабығына ойып жазып, майда құмның бетіне шимайлаумен болды, бұл өлеңдерінде негізінен өзінің қайғы-шерін ақтарып, Дульсинеяны дәріптеді. Әйтсе де, Дон Кихотты ақыры іздеп тапқан кездерінде, оның барлық жазған өлеңінің, одан арғы іздестірулер көрсеткеніндей, тұтасы да, оқуға жайлысы да мына төмендегідей жолдар боп шықты:

Жалаңаш таулар жамылғысы,

Кемері қарлы шыңдардың,

Беу, бұталар, ағаш, шөптер!

Әуеніне зарлы мұндардың

Зар қосыңдар жабылып.

Сөйтіп, шерлі бұл қайғы, —

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий