Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қой, көңілшек болмас, — деп түзетті оны шаштараз, — абзалы, “ақ көңілді” немесе “билігі үстем сеньора” болар.

— Иә-иә, солай, — деді Санчо. — Әрі қарай, егер қара басып ұмытып қалып жүрмесем былай делінетін... егер қара басып ұмытып қалмасам: “Қатты күйзелген әрі ұйқтамай жүрген, әрі жарақаттанған жан қолыңыздан сүйеді, жақсылықты білмейтін және ешкім танымайтын сұлу” делінетін, сосын оған денсаулық және түрлі ауру тілейтіні жайында айтылатын, — қысқасы, осындай біраз нәрсе сөз болатын, ал ең соңында: “Өле-өлгенше бір сендік Қайғылы Бейне Рыцары” деп аяқталатын.

Санчо Пансаның кереметтей қапері екі жолаушыны күлкіге қарық қылды, оған расымен қайран қалғандарын айтып, әлгі хатты тағы да екі рет жатқа оқып беруін сұрады, ал бұлар, өз тарапынан, оны есте сақтап қалмаққа және реті келгенде қағазға түсірмекке уәде етті. Санчо хатты тағы да үш мәрте жатқа айтып, не қилы сандырақ сөзді көзінен тізді. Одан соң қожайыны тап болған түрлі кептер жайында баяндап берді, бірақ түсуге тәуекелі жетпей тұрған мына бекетте өзін қалай қақпақылдағандарын жасырып қалды. Оған қоса, сеньора Дульсинея Тобосскаядан ұнамды жауап болатынын алдын-ала сезіп-білген қожайыны қазір императорлық немесе, құрығанда, корольдік орынтақты иемденуге құлшынып отырғанын мәлім ғып, екеуара осылай бәтуаласқандарын және Дон Кихоттың батырлығы мен білегінің күшін қаперге алғанда мұның түк қиындығы жоқтығын хабарлады; сөйтіп осының бәрі іске асқан кезде Дон Кихот оны, Санчоны, үйлендірмек, өйткені оған шейін мұның қатыны ана дүниеге аттанып та кетпек, оған тіпті зәредей күмән жоқ, сонан соң қожайыны оған император ханымының күтуші әйелін айттырады, бұл әйел орасан үлкен әрі бай қожалықтың мұрагері боп табылады және қожалығы құрлықта орналасқан, анау әлгі шағын арал, шайтан арал дейтіндерден аулақ, өйткені ондай жерлер қазір оған онша ұнамайды. Мұның бәрін Санчо деміл-деміл мұрнын тазалап тұрып, барынша байсалды әрі бейкүнә кейіпте баян етті; селоластары соны көріп, бейшара Санчоның да ақыл-ойын еліттіріп әкеткен болса, Дон Кихоттың дәнекүстігі қандай дәрежеге жеткені деген ойдан тағы да таң-тамаша болысты. Алайда олар оны бұрыс ойдан айнытып дұрыс жолға салуға талап қылған жоқ: өз ойының жетегімен жүре берсе көңілі тыныш болады деп түйді, оған қоса оның неше алуан қияли әңгімесін тыңдау да бұлар үшін бір ғанибет нәрсе еді. Сондықтан олар бұған қожайынының дені-қарны сау болуын тілеп құдайға жалбарынудан жалықпауы керегін, өйткені күндердің күнінде, өзі айтқандай, император болуы немесе, аз дегенде, архиепископ атануы, немесе басқа бір жоғары лауазымға ие болуы — әбден-ақ мүмкін және орындалуы да оңай нәрсе екенін айтты. Бұған Санчо былай деп жауап қатты:

— Сеньорлар! Расында да, тағдыр табанын тайғанақтатып, қожайыным император емес, архиепископ болу жайындағы ойға жабысып қалса не болады? Кезбе архиепископтар атқосшыларына әдетте қандай сый-сияпат жасаушы еді, соны алдын-ала біліп қойсам деп ем.

— Дәстүрлі сыйлық мынадай, — деді священник, — мұндайда әдетте оған діндарлардың шағын қауымына басшылық ету тапсырылады, сондай-ақ олардың жан сырын тыңдау міндеті қоса жүктелуі де мүмкін, немесе шіркеуге кіші діни қызметкер боп тағайындалуы ықтимал, ал олар жақсы жалақы алады, оған қоса тап сондай ірі мөлшердегі көлденең табысы тағы бар.

— Бірақ, бұл үшін, — деп қарсылық білдірді Санчо, — атқосшы үйленбеген адам болуы және, ең аз дегенде, шіркеуде қызмет етерлік қабілет байқатуы керек қой. Олай болса, бәрінің құрығаны, өйткені, ең әуелі айтарым, мен үйлі-баранды адаммын, екіншіден, сауатым жоқ! Сонда деймін-ау, қожайыным кезбе рыцарьлар арасында қалыптасқан дәстүрге сай император болғысы келмей, архиепископ болуға аңсары ауса мен қайтпекпін?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий