Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жо-жоқ, мұның болмайды, Санчо Панса, — деп қарсылық білдірді шаштараз, — егер оның қайда екенін айтпасаң, онда біз басқа ойға бекінеміз, — тіпті қазірдің өзінде солай ойлай бастадық, — атын мініп жүргеніңе қарағанда сен оны өлтіріп, дүние-мүлкін тонап алды деп білеміз. Анау-мынауды қой да, бізге мына аттың иесін тауып бер, әйтпесе көресіңді көрсетем.

— Сіз өйтіп қорқытпаңыз, мен біреуді тонап-өлтірумен шұғылданатын адам емеспін, оларды өлтірсе өз тағдыры мен жаратқан өлтірсін. Қожайыным қазір тауда өз қалауымен күнәлары үшін күңіреніп жатыр.

Сол арада Санчо өзіне өзі ие бола алмай бар сырын ақтарып салды, Дон Кихотты қандай жағдайда қалдырғанын да, оның қандай оқиғаларды бастан кешкенін де, қожайыны есі кете ғашық болған сеньора Дульсинея Тобосскаяға, яғни Лоренсо Корчуэлоның қызына, арналған хатты табыс ету үшін өзінің, Санчо Пансаның, қалай сапарға аттанғанын да айтып берді. Священник пен шаштараз Санчо Пансаның аузынан естіген мына хабарға қатты таңырқанды, Дон Кихоттың шалық ұрған адам екені және есалаңдықтың қандай түріне шалдыққаны өздері үшін құпия сыр болмағанымен, олар қашан да болсын тағы да тағы таңырқанудан танбайтын. Олар Санчо Пансадан сеньора Дульсинея Тобосскаяға әкеле жатқан хатты көрсетуін сұрады. Анау хаттың аталмыш қойын дәптердің бір парағына жазылғанын және Дон Кихоттың оны алғаш кездескен елді мекенде қайта көшіртіп алуға әмір еткенін айтты; алайда, священник хатты көрсетуін өтініп, әдемі қолтаңбамен көшіріп бере алатынын ескертті. Санчо Панса қойнына қолын жүгіртіп, әрлі-берлі іздеп, дәптерді ақыры таппай қойды, ол тіпті оны күні бүгінге шейін іздесе де бәрібір таппаған болар еді, өйткені дәптер Дон Кихоттың өзінде қалған-ды, оны бұған беруді ұмытып кеткен, ал мұны оған ескерту Санчоның қаперіне де кірмеген. Қойын дәптердің жоқ екенін білген Санчоның өңі қағаздай қуарып кетті, одан соң қайтадан о жер, бұ жерін жанталаса қармаланып, дәптердің жоқтығына қайтадан көз жеткізген соң, дереу қос қолымен сақалына жармаса кетіп, жарты бөлегін жұлып алды, онымен де тынбай өршеленіп жұдырығымен өз бетіне өзі бес-алты рет салып-салып жіберіп, мұрнын қанатып тастады. Мұны көрген священник пен шаштараз одан не болғанын, неге бұлай өзіне-өзі қол жұмсап жатқанын сұрады.

— Маған не болды дейсіздер ме? — деп дауыстап жіберді Санчо. — Оңбайтын нәрсе болды: айдың-күннің аманында дегендей, қас қағым сәтте үш қодықтан айрылып қалдым, әттең-ай, әр қайсысы тұтас бір қамал-сарайға татырлық еді.

— Қалайша? — деп сұрады священник.

— Дульсинея Тобосскаяға арналған хат пен қожалығында қалған төрт әлде бес қодықтың үшеуін маған беру жөніндегі мырзамның жиен қарындасына бұйрығы бар қойын дәптерді жоғалтып алдым, — деп түсіндірді Санчо.

Сол арада ол сұр есегінің қалай қолды болғанын баян етті. Священник оның көңілін жұбатпаққа тырысып, іздеп тапқан кезде қожайыны оған жаңа бұйрық жазып беретінін, бірақ қазіргі тәртіп пен заңға сәйкес қағаздың үлкен парағына жазатынын, себебі қойын дәптердің бетіне түсірілген вексельді ешкімнің қабылдамайтынын, төлем де жасамайтынын айтты.

Санчо бұл уәжге тоқтады да, ондай жағдайда Дульсинеяға арналған хаттың жоғалып кеткеніне онша қайғырмайтынын, өйткені түгелге жуық жатқа білетінін, оны бұлардың қашан болсын, қай жерде болсын өз аузынан жазып алуға ықтиярлы екенін хабарлады.

— Ендеше, айта бер, Санчо, біз жазып алайық, — деді шаштараз.

Хаттың мазмұнын еске түсірмекке тырысқан Санчо Панса қайта-қайта желкесін қасып, теңселіп, салмағын біресе бір аяғына, біресе екінші аяғына ауыстырумен болды, біресе жоғары, біресе төмен қарады, саусағының тырнағын жартысына шейін жеміріп қойды, сөйтіп не айтар екен деп тосып тұрған священник пен шаштаразды әжептәуір уақыт дал қылғаннан кейін ақыры былай деп мәлім етті:

— Құдай ақы, сеньор лиценциат, бұл хаттан есімде қалғанның бәрін шайтан сыпырып-сиырып кеткен секілді. Әйтеуір оның: “Аса құдіретті және көңілшек сеньора” деп басталатынын білем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий