Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ертеңіне олар мырзасын қай жерде қалдырғанын жаңылмай табуы үшін белгі ретінде тастап отырған Санчоның бұтақтарын ұшыратты; жер бедерін шырамытқан ол осы арадан шатқалдар басталатынын, егер сеньор Дон Кихотты құтқаруға шынымен-ақ көмегі тиетін болса киімдерін ауыстырып киер шақ туғанын жария қылды; айта кетер нәрсе, олар Санчоға Дон Кихоттың көзіне мұндай киіммен көрінудің қаншалықты маңызды екенін, тек осының арқасында ғана оны қазіргі жан түршігерлік тіршілігін өзгертуге мәжбүр ете алатындарын түсіндіріп, өздерінің кім екені және танитын-танымайтыны турасында жұмған аузын ашпауын қатаң түрде ескерткен еді; егер ол Санчодан хатты тапсырдың ба деп сұраса, — ал оның сұрамай қоймайтыны анық, — онда бұл: тапсырдым, бірақ Дульсинея сауатсыз болғандықтан жауабын ауызша қайтарды, егер шат-шәлекейім шығып ашуланғанымды қаламаса, осы жауапты естіген бойда-ақ аса маңызды бір шаруаға байланысты дереу өзіме келіп жетсін, деп әмір етті, деуі керек; бұлар да қарап қалмай өз уәжін айтпақ, осылайша оны тәуірлеу тірлік кешуге болатын жерге алып шығатындары сөзсіз, сөйтіп бұлардың қолғабыс-көмегі нәтижесінде Дон Кихот императорлық демей-ақ қойсақ та, әйтеуір, корольдік орынтаққа апаратын жолмен жылдам басып жүріп кетпек, — ал, архиепископ атануға иегі қышымаса да болады. Санчо мұның бәрін зейін қоя тыңдап, көңіліне түйіп, қожайынына архиепископ емес, император болуға кеңес бермек ниеттері үшін алғысын айтты, өйткені атқосшысын кезбе архиепископтан гөрі императордың молырақ жарылқайтынына сенімі кәміл-ді. Бұған қоса ол аяшының қайтарған жауабын, абзалы, Дон Кихотқа өзінің бұрынырақ барып жеткізгені дұрыс шығар, — бәлкім, оны ана жерден алып шығуға соның өзі-ақ жеткілікті боп қалар, сонда бұлар бос әуре-сарсаңға түспес еді, дегенді айтты. Санчоның ойын өте орынды деп тапқан олар мынау мырзасы жайында хабар-ошар әкелгенше тоса тұрғанды жөн көрді.

Санчо көп аңғардың біріне еніп көзден таса болды, ал мыналар жартастар мен әр жерде бір қарауытқан ағаш шоқтарының саялы көлеңкесімен сылдырап бұлақ ағып жатқан аңғарда қалды. Аптапты күн, — оқиғаның бұл өңірде күн аса қатты ыситын тамыз айында өтіп жатқанын айта кеткен ләзім, — күндізгі уақыт, — атап айтқанда, күндізгі сағат үштің мезгілі, — осының бәрі көз алдарынан көрініс берген әсем алаңқайды одан әрі тартымды етіп, Санчо қайтып оралғанша осы жерде бола тұруға деген ықыластарын арттыра түсті және олар осыған нық байлам жасады. Сөйтіп, көлеңкеде демалып отырған жолаушылар кенет әлде бір аспап әуезінің сүйемелдеуінсіз-ақ жан тербейтін жағымды әуенді естіп таңырқанып қалды, өйткені олар бұл маңайды мынадай асқан шебер әнші жүретін орын деп мүлдем ойламаған-ды. Көпшілік қауым ұғымында тоғайлар мен көкорай шалғынды жерлерді бал таңдай бақташылар жайлап алған дейтін түсінік бар, бірақ бұл ақиқаттан гөрі, ақындардың ойдан шығарған өтірігіне жақындау түсінік қой. Қарапайым бақташының әуселесі келмейтін, астананың көзі ашық, көңілі ояу тұрғыны ғана шығара алатын өлең жолдарының әнге қосылып жатқанын аңғарған бұлар аң-таң боп аңырып қалды! Және олар қателеспеген де болатын, өйткені аталмыш өлең жолдары мынадай еді:

Сүйгеніңнің илікпейтін себебі не, іңкәр ғып?

Тәкаппарлық.

Қандай сонда енді маған қалған іс?

Қызғаныш.

Ол не нәрсе, жүргізетін жырақтау?

Ұнатпау.

Олай болса, жүректі қан жылатпау

Мүмкін емес, енді оған жол жабық.

Сенімімді алып кетті олжа ғып:

Тәкаппарлық, қызғаныш пен ұнатпау.

Қауіп қандай, қоятұғын құса ғып?

Құштарлық.

Азап артып жүрген маған қандай күш?

Жазмыш.

Кім осылай болсын деп әмір таратқан?

Жаратқан.

Олай болса, өтпегенім сараптан,

Жаза алмайды емдеп мені дәрі де,

Себебі, соны хош көріп тұр бәрі де:

Құштарлық, жазмыш және жаратқан.

Күйінішті көбейтетін, пайдасы аз қай қылық?

Табандылық.

Опындырған мені қандай қатыгез?

Ақыл-ес.

Не нәрсені ардақ тұтты бойымдағы аңқаулық?

Денсаулық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий