Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сіздер кім болсаңыздар да, сеньорлар, мейірбан жандарға да, сондай-ақ әредік-әредік зұлым жандарға да әрдайым қарасып тұратын құдіреттің өзі маған, соры арылмаған бейбаққа, осынау әрі шалғай, әрі адам мекендейтін жерден жырақ түкпірде ақжүрек жандармен жолығысуға жазғанын көріп тұрмын, олардың осындай тірлік кешуімнің қандай ақылсыздық екенін сан-алуан әрі көңілге қонымды мысалдар арқылы нақтылы дәлелдеп, өзімді кеңдеу жолға салып жібермекке тырысқанын сезіп тұрмын. Бірақ, өзіме бек жақсы мәлім нәрселерден бейхабар екеніңізді, анығырақ айтқанда, ондай жағдайда оның орнын жаңа, бұрынғыдан да асқан қасірет басатынын өзім өте жақсы білем, міне сол себепті де мені шалық ұрған деп бағалайтындарыңыз, ол да ештеңе емес-ау, нағыз нақұрыс санайтындарыңыз кәміл. Әрине, бұған таңырқай қоятын да бәлендей ештеңе жоқ, өйткені басымнан өткен бақытсыздықтарды көз алдыма әрдайым әсірелеп көрсететін ой-қиялымның пәрменділігі сонша және оның өзімді құрдымға қарай қолды-аяққа тұрғызбай қуалап бара жатқаны сонша, оған қарсылық білдірерлік қауқарым қалмағандықтан біртін-біртін жансыз қара тасқа айналып бара жатқандаймын, қазір мен ештеңе сезбеймін де, ештеңе түсінбеймін де. Қандай қасіретке ұшырағанымды тек соны басқа біреулер есіме салып, осынау дерттің ықтиярында болған шағымда не бүлдіргенімді айтып берген кезде ғана ұғына бастағандай болам, сөйткен соң маған тектен-тек қайғыға батып, тағдыр-талайыма нәлет жаудырып, өзімді-өзім ақтап алу мақсатында құлақ қоюға ықыласы бардың бәріне есерсоқтыққа салыну себебімнің сырын ашу ғана қалады, өйткені парасат-пайымы бар жандар себебін білген соң салдарына таңырқамайды, тіпті дертіме дауа бермеген күннің өзінде де айып-кінә артпайды, жан қайғыма деген жанашырлық сезімдері ұстамсыздығыма деген өшпенділіктерін өшіреді. Егер, сеньорлар, сіздер де маған дәп сол басқалар көздеген мақсатпен келген болсаңыздар, онда менімен қайтадан осыншалықты терең ойлы сұқбат жүргізбес бұрын әуелі өзіме жолыққан не қилы қырсықтың ұзын ырғасы жайындағы әңгімемді тыңдап алыңыздар: бәлкім, сонда жұбату бермес қайғыма жұбату айтып та әуре болмассыздар.

Жолаушылардың екеуіне де керегі осы еді — не себептен мұндай дертке шалдыққанын Карденьоның өз аузынан есту олар үшін ғанибет нәрсе-тұғын, сондықтан егер өзі ықылас білдірмесе, оны сауықтыруға да немесе жұбатуға да тырыспайтындары жайында алдын-ала уәде еткен олар хикаясын айтып беруге өтініш жасады, бұдан соң қайғылы кавальеро адам аярлық хикаясын бірнеше күн бұрын дәлме-дәл дерлік тап сол Дон Кихот пен ешкі бағушыға сипаттап берген сөздермен баян ете бастады, ал тарихтан мәлім боп отырғанындай, ол әңгіме сонда дәрігер Элисабат пен Дон Кихоттың рыцарьлар қауымының ар-намысын қорғаштай беретін қыңырлығы қырсық боп жабысып ақыры аяқталмай қалған еді ғой. Алайда, қазір енді сәті оңынан келген кездейсоқтық арқасында соқпаның қайта оралуы кейіндей түсіп, әңгімені аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік туған-ды; сөйтіп, әңгіме дон Фернандо Амадис Галльский жайындағы кітаптың арасынан тауып алған хатқа жеткенде Карденьо оны жатқа білетінін және мазмұны мына төмендегідей екенін мәлім етті:

Л у с и н д а — К а р д е н ь о ғ а

“Күн сайын Сіздің бойыңыздан өзіңізді бұрынғыдан да артық бағалауға міндеттейтін және мәжбүр ететін жаңа қасиеттер тауып жүрмін; сондықтан, қарызымды ар-намысыма кір келмейтіндей түрде қайтаруымды хош көрсеңіз, бұның бәрі өз қолыңызда тұр. Әкем Сізді біледі және мені өте жақсы көреді, тілегімді ешқашан аяқасты етпейді; керісінше, егер мені шынымен қадір тұтсаңыз, — ал қадір тұтатыныңыз жайында маған өзіңіз айтқан едіңіз және оған сенбейтіндей де негізім жоқ, — өз тарапыңыздан да оянатын осындай тілекті орындауға ол әрдайым әзір”.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий