Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жұмсаған жерге келіп жеткен соң дон Фернандоның ағасына хатты табыс еттім, бірақ анау менің сол бойда кейін қайтуыма рұқсат етпей қойды, — қатты өкінгенім сонша, ол маған бір аптадай тоса тұруға және герцог Рикардоның көзіне түспеуге әмір етті, өйткені дон Фернандо ағасына ақша бергені жайында әкесіне білдірмеуді сұрапты-мыс. Бұның бәрі алдамшы дон Фернандоның айла-шарғысы боп шықты, себебі ағасының мені қолма-қол кері қайтара алатындай ақша табары анық-ты. Мұндай әмір мен бұйрықты орындамай-ақ қоюыма да болатын еді, өйткені Лусиндадан, әсіресе онымен анадай жылап-сықтап қоштасқанымыздан кейін, осынша ұзақ мерзімге қол үзіп қалуға төзімім мүлде жетпейтіндей көрінген. Сөйте тұрғанымен, бақытыммен біржола қоштасатыным жайында түйсік пайда болғанына қарамастан, шын берілген малай ретінде, айтқанына көндім. Сөйтіп, сонда жүргенімде бірнеше күннен соң бір бейтаныс адам келіп маған хат тапсырды, — адресіне көз салған бойымда-ақ мұны Лусинданың жолдағанын біле қойдым: қолтаңба соныкі еді. Хатты айрықша толқу үстінде аштым — әлденендей бір жағдай боп қалған екен деп қорыққам, әйтпесе Лусинда бір жаққа сапарлап кеткен кезімде хат жазбас еді ғой, өйткені ешқайда кетпеген кезімнің өзінде де сирек жазатын. Хатты оқымас бұрын әлгі бейтаныстан мұны оған кім бергенін және жолда қанша болғанын сұрадым. Ол маған бірде түс кезінде қаламыздың көшесімен келе жатқан шағында әлдебір әдемі сеньораның терезеден бұған дауыстап үн қатқанын, сосын көзіне жас алып тұрып былай деп тез-тез сөйлеп қоя бергенін айтты: “Ағатай! Сіз христиансыз ғой, рас па? Олай болса, құдай жарылқасын, өзіңізден өтінерім, мына хатымды көрсетілген адресі бойынша табыс етіңізші, — хат жазып отырған адамымның есімі мен оның барған жері баршаға мәлім, — сөйтіңізші, бұл жақсылығыңыз құдайдан қайтар, ал өзіңіз жолда ешқандай мұқтаждық көрмеуіңіз үшін мынау сізге беретін орамалым”. Осыны айтып ол маған терезеден орамал лақтырды, оған жүз реал, саусағыма киіп алған мына алтын сақина және қолыңызға табыс еткен хат түюлі екен. Одан соң жауабымды тоспастан терезеден алыстап кетті. Дегенмен, хат пен орамалды жерден көтеріп алғанымды және өтінішін орындайтыным жайында ымдап белгі бергенімді байқап үлгерді. Сөйтіп, хатты табыс ету үшін осынша мол ақы алғаннан кейін және адресіне қарап өзімді сізге жіберіп отырғанын ұққаннан кейін, — өйткені, сізді, сеньор, өте жақсы білемін ғой, — оған қоса, осынау сүйкімді сеньораның көз жасы көңілімді босатқандықтан ешкімге сенбей, хатты сізге өз қолыммен апарып тапсырғанды мақұл көрдім, сөйтіп жолға шығып, сеньора хатты берген кезден бастап санағанда он алты сағат бойы жүріп осы қазір ғана жеттім, ал жалпы, өзіңіз де білетін шығарсыз, екі ара он сегіз миль болады ғой”.

Елгезек те ерекше бұл шабарманның сөзін есім шыға тыңдадым, аяғымнан әл кеткені сонша, құлап кете жаздап шақ тұрдым. Ақыры хатты ашып, онда мынадай сөздер жазылғанын оқыдым:

“Дон Фернандо әкеңізбен сөйлесем, менің әкеммен тілдесуі қажеттігін айтам деп өзіңізге берген уәдесінде тұрды, бірақ мұның Сізден гөрі өзіне пайдалы болатын түрі бар. Біліп қойыңыз, сеньор, оның өзі маған құда түсті, ал әкем болса, дон Фернандоның, өз ойынша, Сіздің алдыңыздағы артықшылықтарына қызығып оған қуана-қуана келісім берді, сол себепті екі күннен кейін некеміз қиылмақшы, бірақ мұны олар жан баласына білдірмеуге тырысып отыр, бұған тек көктегі құдірет пен үй-ішіндегі кейбіреулер ғана куәлік етпекші. Жағдайым қазір қандай екенін осыдан-ақ біле беріңіз; келуіңіз керек пе, жоқ па — оны өзіңіз шешіңіз; ал мен Сізді сүйемін бе, жоқ па — оны оқиғаның қалай аяқталары көрсетеді. Құдайым қолдап, осы хат өзіңізге тағдырым сертін сақтамайтынның қолына табыс етілгенше жетсе екен деп тілеймін”.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий