Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үйдің іші астан-кестең боп жатқанын көрген соң, көзге шалынам ба, шалынбайым ба дегенді де алаң қылмастан тығылған жерімді тастап шығуды ұйғардым, егер өзімді байқап қалғандай болса, тіпті оларға қолма-қол жаза беру секілді шетін істен де тайынбауға бекіндім: тек алдамшы дон Фернандоны ғана емес, есінен танып жатқан екі жүзді жеңілтек қызды да жазаламақшы едім, тұла бойымды баурап алған ыза-кектен ешкімге аяушылық білдірмейтіндей жағдайда болғанмын. Алайда тағдыр өзімді, шамасы, бұдан да асқан бақытсыздықты бастан кешсін деп шешкен шығар (егер осы кезге шейін өткергенімнен артық бақытсыздық бола қойса), — ол кезде ақыл-есім бүтін болды (оны кейін осы жерде ғана жоғалттым ғой). Жексұрын жауларымнан кек қайтармақ райымнан қайтқан соң (ал олардан өш алу маған тіптен оңай еді — жақын маңайда жүргенімнен олар мүлдем бейхабар-тұғын), өзімнен өзім өш алғанды және солар тартылуға тиіс жазаға өзімді өзім тартуды жөн көргенім де сол ақыл-есімді әлі жоғалта қоймағандығымның салдары еді; ақиқатында, бұл оларға жобалаған жазамнан да ауырырақ еді, — мен оларды өлтіргім келген, — өйткені, аяқ асты келген қаза қасіреттен қолма-қол арылтады, ал азап шектіру арқылы жаймен жылжып жететін ажал өлімді сағат сайын көз алдыңа елестетеді, бірақ өмірден күдерің үзілмейді. Қысқасы, мен үйді тастап шықтым да, қашырымды қалдырған жерге қарай бет алдым. Оны ерттеуге әмір етіп, мініп алдым да, тіпті қожайынға да хош айтпастан, Лотқа ұқсап артыма бұрылып та қарамастан, қаланы тастап кете бардым. Маң далаға шығып, өзіммен өзім оңаша қалғаннан кейін, түннің қара түнегі құшағына алып, құлаққа ұрған танадай тыныштық күйзеліске ерік бергеннен кейін, өзімді біреулер естіп, танып қояды-ау деп қысылып-қымтырылмастан әрі қорықпастан, Лусинда мен дон Фернандоға қарғыс жаудырып, бейне бір өзіме жасаған жаманшылықтарынан өш алғым келгендей бар даусыммен айқайды салдым келіп. Лусинданы мен қатыгез, адамшылықты ұмытқан, алдауыш және жақсылықты білмейтін жан деп, көбіне-көп пайдақұмар жан деп сөктім, өйткені оның махаббат көзін кіреукелеп, өзін менен тартып алып, тағдырдың еркетотайына табыс еткен де тек сол дұшпанымның байлығы болатын. Алайда, түрлі айып тағып және қарғыс жаудырып тұрған кезімнің өзінде де оған аяушылық білдірумен болдым: бұған таңғалатын не бар, дедім оны ақтап алуға тырысып, ата-анасы әлпештеп өсіріп отырған, айтқандарын бұлжытпай атқаруға әрдайым әзір әрі соны әбден дағды қылған қыз солардың тілегін орындауды ұйғарған ғой, оның үстіне оны соншалықты танымал әулеттен шыққан, әрі дәулетті, әрі кішіпейіл кавальероға бергелі отыр емес пе, ал егер қыз бұл ұсыныстан бас тартса, онда оны ақылынан адасқан деп табулары мүмкін немесе басқа біреуде ықыласы бар деп те ойлап қалулары ықтимал, ал мұндай әңгіме оның ар-намысы мен жақсы атына көлеңке түсіретінінде еш күмән жоқ. Бірақ, сол арада өзіме өзім қарсы дау айтып, егер ол мені күйеуім деп атаған жағдайда ата-анасы оның тәуір таңдау жасағанын мойындап, оны ақтап алған болар еді ғой, дедім; өйткені, дон Фернандо оны айттырғанға дейін, егер тек ата-анасының тілегі ақыл-парасатқа арқа сүйегенді жөн санаған болса, қыздарына менен артық күйеуді арман етпегендері де кәміл, сондықтан амалсыз да ақылсыз қадам жасап, дон Фернандоға келісім бермес бұрын қыздың маған уәдесін беріп те қойғанын батыл түрде мәлім етуіне болар еді ғой, ал мен болсам өз тарапымнан оған қолма-қол көмекке келіп, сол арада ойлап тапқандарының бәрін түгел растап бермес пе едім, дедім. Ақыр соңында бұл қыз өзінің тұрақсыздығы, еркетотайлығы, шектен тыс атаққұмарлығы мен сый-құрметке әуестігі салдарынан мені өзіне еліттірген, сөйтіп үміт отын маздатып, адал ниетімнен айнымауға сеп болған сөздерін ұмытып кеткен дейтін қорытынды жасадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий