Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Хаттың жалпы алғандағы мазмұны осындай еді, оқып шыққан соң ешқандай жауап та күтпестен, ақша да алмастан сол бойда жолға шықтым, өйткені дон Фернандо мені ағасына жұмсағанда ат алуға қатысты сауда-саттық жайын емес, өз қылтың-сылтыңына қатысты сауда-саттық жайын ойластырғанына көзім анық жеткен еді. Дон Фернандоға деген ашу-ызам мен ұзақ жылдарға созылған адалдықпен һәм іңкәрлікпен аялап сақтап жүрген асыл қазынамнан айрылып қалам ба деген қорқыныш қанат байлағандай болып қаламызға келесі күні-ақ, тап сол Лусиндамен жүздесуге жол тартатын дағдылы уақытымда ұшып жеттім. Қалаға жасырын келіп, қашырымды өткенде өзіме хат әкеп тапсырған мейірбан жанның үйінде қалдырдым, ал тағдыр болса бұл жолы маған қатты қарасты: Лусинданы сүйіспеншілігіміздің куәсіне айналған терезе торының ар жағында тұрған жерінен жолықтырдым. Лусинда екеуіміз бір-бірімізді алыстан-ақ тани кеттік, байқауымша, ол менің кім екенімді әлі жақсы білмейді екен, мен де оның кім екенін онша біле қоймайтын боп шықтым. Жалпы, әйелдің құпия ой-ниеті мен аумалы-төкпелі мінез-құлқын жетік білдім, сырын аштым деп мақтана алатын жан табылар ма екен? Қайдан табылсын. Сөйтіп, көзі шалған бойда-ақ Лусинда маған былай деп тіл қатты:

“Карденьо! Үстіме кигенім некеқиярға арналған көйлек, залда мені залым Фернандо, құлқынқұмар әкем мен куәлар күтіп отыр, алайда олар менің некеге тұрғанымнан гөрі өлім тапқаныма куә болатын шығар. Бекерге күйінбе, жан досым, шамаң келсе некеқиярыма қатысуға тырыс, егер мұның шырқын сөзім бұза алмаса, онда қойныма жасырған қанжар, қандай қатерлі күштердің де шырқын бұза алатын осы қанжар, бұл жалғандағы тіршілігімді аяқтап, өзіңді сүйгендігіме және әлі де сүйетіндігіме деген сеніміңнің берік орнығуына бастама бола алады”.

Жауап қатып үлгере алмаймын ба деп сасқалақтаған мен сол арада оған асығыс-үсігіс былай дедім:

“Айтқан сөзің ісіңнен алшақ кетіп жүрмегей, сеньора, егер сен маған деген адалдығыңды дәлелдеу үшін өзіңмен бірге қанжар алып жүрген болсаң, мен сені қорғау үшін және тағдыр бізге теріс қараған жағдайда өзімді-өзім жоқ қылу үшін өзіммен бірге шпага алып жүрмін”.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий