Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Саспа, ол да ұмытылған жоқ, — деді Дон Кихот. — Қағазымыз болмағандықтан бұрынғылардың үлгісімен хатты ағаш жапырақтарына немесе балауыз тақтайшаларға жазған жөн болар еді, бірақ бұл арадан қағаз табу қандай қиын болса, балауыз тақтайша табу да сондай қиын-ау. Айтпақшы, жазатын нәрсе бар екен, енді есіме түсті және өзі өте бір оңды дүние: Карденьоның қойын дәптері бар емес пе, соны айтып тұрмын; ал сен жолыңда алғаш ұшырасқан елді мекенде бұл хатты мектеп мұғаліміне, егер ондай адам табыла қалса, болмаса тіпті пономарьға, жақсы қағазға әдемілеп көшіртіп ал, бірақ тек хатшыларға берме, — олардың қолтаңбасы адам ажырата алмайтын қиқы-жиқы, бытықы-шытықы боп келеді.

— Ал, қолыңызды кім қояды? — деп сұрады Санчо.

— Амадис ешқашан қол қоймаған, — деп жауап қатты Дон Кихот.

— Жарайды, — деді Санчо, — бірақ бұйрыққа қол қою қажет, өйткені оны көшіртіп алған жағдайда мұны иесінің қолтаңбасы емес деп табады да, қодықтарыңызды маған бермей қояды.

— Бұйрық әлгі айтқан дәптерге өз қолыммен жазылады, оны жиен қарындасыма апарып бересің, ол тапсырмамды бұлжытпай орындайды. Ал енді сүйіспеншілік сезімін білдіретін жолдауыма келетін болсақ, хаттың соңына: Өле-өлгенше бір сендік Қайғылы Бейне Рыцары деп жаздырт. Оған кімнің қол қойғанында тұрған дәнеңе жоқ: жаңылмасам, Дульсинея оқи да, жаза да алмайды, оған қоса қолтаңбамды да, хатымды да өмірі бірде-бір рет көрген жан емес, өйткені оның да, менің де бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз сырттай ғана болатын, алыстан сүйсіне көз тігуден аспайтын. Тіпті өйтіп көз салуымыз да өте сирек кездесетін жағдай еді, ант ішіп тұрып айтайын, оны өзімнің ерте ме, кеш пе топырақ астында қалатын мына қос қарашығымнан да артық ардақ тұтқаныма он екі жыл болды, міне осы он екі жылдың ішінде оны бар-жоғы үш-ақ рет көрдім. Оны айтасың, өзіне көз тігіп тұрғаныма тіпті көңіл аудармаған да болар, — әкесі Лоренсо Корчуэло мен шешесі Альдонса Ногалес оны осыншалық өнегелі әрі момақан етіп тәрбиелепті.

— Мәссаған безгелдек! — деп дауыстап жіберді Санчо. — Сонда сеньора Дульсинея Тобосская деп жүргеніңіз Лоренсо Корчуэлоның қызы, — басқаша айтқанда, Альдонса Лоренсо, — боп шықты ма?

— Тап сол, — деп растады Дон Кихот, — және ол күллі әлемнің әміршісі болуға лайықты жан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий