Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Кез-келген кезбе рыцарь әйел заты атаулының ар-намысын, олар кім болсын мейлі, соның ішінде әсіресе королева Мадасима сынды құдіретті де құрметті королевалардың ар-намысын, есі бүтін адамдардан да, есі ауысқан адамдардан да қорғауға міндетті; мен өзім бұл королеваны ізгі істері үшін айрықша құрмет тұтам, өйткені ол көз тартатын көрікті әйел ғана емес, сонымен бірге қайғы-қасіретте де мейлінше ұстамды әрі шыдамды әйел болған-ды, ал қайғы-қасірет оған қас-қағым сәт мұрша таптырмаған-ды. Дәрігер Элисабатпен әңгімелесу, ақыл-кеңесін тыңдау оған көп пайда келтірді, көп нәрсеге көзін ашып, өмірдегі алуан ауыртпалыққа шыдамдылық танытуға көмектесті. Ал, әрі надан, әрі бәле баққан қара тобырға бұл жағдай королева оның көңілдесі деп ойлауға және сондай сөз таратуға желеу болды. Бірақ, мен тағы айтам және тағы екі жүз рет қайталаймын, осындай ойда жүргендер мен осындай сөз тарататындардың бәрі де өтірікші.

— Ал, өз басым ештеңе ойламаймын да, ештеңе таратпаймын да, — деді Санчо, — неғылса о қылсын, керек еді маған солар. Көңілдес болды ма, болмады ма — бұған жауапты олар құдай алдында береді. Менің ештеңеде шаруам жоқ, мен ештеңе де білмеймін, біреудің ісіне араласып, бірдеңесін тіміскілеу маған жат нәрсе, әлдекім біреуге ор қазса, әуелі соған өзі түседі. Оның үстіне мен жарлы болсаң арлы болма дегендей ептеп-септеп күнімді көріп жүрген жанмын, мейлі тіпті олар көңілдес болса болған да шығар — маған одан келіп-кетер не бар? Ал, жұрттың жайы мәлім, басқаларды үріп ішіп, шайқап төгіп отыр-ау деп ойлайды, ал шындығында, бақсам бақа екен дегендей, іліп алар ештеңесі жоқ. Бірақ, енді кімнің екі елі аузына төрт елі қақпақ қойып болады? Тіпті, оны айтпағанда, жаратқанға да тіл тигізіп, шұнақ құдай деп жататындар бар.

— О, жасаған! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Сен бетің ауған жаққа лағып кеттің ғой, Санчо! Тізбектетіп отырған мақалдарыңның әңгімемізге қатысы қанша? Құдай ақы, үніңді өшір, Санчо, болашақта тек есегің жайында ғана қам жеуді біл, өзіңе қатысы жоқ нәрсеге алаңдаушы болма. Одан соң, барлық бес сезіміңнің бесеуімен де бойыңа сіңіретін кез жеткен нәрсе мынау: осы күнге шейін істегенім, қазір істеп жүргенім және болашақта істейтінімнің бәрі де ақылға қонымды әрі рыцарьлық іс-әрекет ережелеріне сай боп табылады, ал бұл ережелерді мен осыны ұстанған әлемдегі барлық рыцарьдың бәрінен де жақсы білем.

— Сеньор! — деп наразылық білдірді Санчо. — Ал, сонда ешқандай бағыт-бағдарсыз тауда тентіреп жүру мен жынды немені іздеу де рыцарьлық қастерлі ереже санала ма? Ол өз алдына, әлгіні іздеп тапқандай болсақ, кім біледі, бәлкім, оның бастаған ісін аяқтауға аңсары ауып кетуі де мүмкін ғой, — бітпей қалған әңгімесін емес, сіздің басыңыз бен менің қабырғаларыма қатысты әңгімені айтып тұрмын, — сөйтіп, бізге қарсы бастаған соғысын толық жеңіспен аяқтауы да ғажап емес қой.

— Айттым ғой саған, Санчо, аузыңды жап! — деді Дон Кихот. — Біліп қойғын, бұл өңірге мен тек жындысүрейді іздеу үшін ғана келіп тұрған жоқпын, оған қоса осы арада әлденендей бір ерлік жасап, сол арқылы күллі әлемде мәңгі өлмес даңқ пен құрметке бөленгім келеді. Және ендігі жерде бұл ерлігіме кезбе рыцарь атаулының бәрі өз тұрғысынан алып қарағанда еш те бір теңдесі жоқ нәрсе ретінде, өздерін атақ-даңққа жеткізетін өнеге ретінде және өз өнерлерінің өлшемі ретінде қарайтын болады.

— Немене, сонда бұл ерлік өте қауіпті ме? — деп сұрады Санчо Панса.

— Жоқ, — деді Қайғылы Бейне Рыцары. — Бірақ қолымызға мардымсыз карта түссе, таза-тақыр ұтылып та қалуымыз ықтимал. Алайда, бәрі сенің әбжілдігіңе байланысты.

— Менің әбжілдігіме дейсіз бе? — деп қайталап сұрады Санчо,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий